11 Дәріс. Автоматталған электржетектің тұйықталған жүйелері Талдау көрсеткендей, механикалық сипаттаманың қатаңдығының вентилді түрлендіргішке қатысы аз. Осыған байланысты, тұрақты тоқтағы вентилді электржетектің жүйелерінде жылдамдықты реттеу аумағын кеңейту мақсатында кері байланыс, ал нақты зәкір тогы бойынша дұрыс немесе кернеу мен жылдамдық бойынша теріс байланыс қолданылуы мүмкін.
Ж ылдамдық бойынша теріс кері байланысты АЭЖ жүйесі 11.1 суретте көрсетілген. 11.1 суреттегі күшейту коэффициентімен КРС жылдамдық реттегіш ЖР, беру коффициенті бар жылдамдық. Қосындыда алгебралық UЗС жылдамдық бойынша берілген кернеу және UДС кернеу жылдамдық беруінен қойылады. Басқару кернеуі мынаған тең:
Uy = (UЗС – UДС)КРС . (11.1)
Түрлендіргіштің ЭҚК түрлендіруіқозғалтқыш ЭҚК-мен және эквивалентті кедергідегі кернеудің құлауымен теңеседі. ЕП= Uу КП = Е + IRЭ (11.2)
мұндағы Е = kФНω - ТТҚ зәкірдің ЭҚК-і;
КП-түрлендіргіштің күшейткіш коэффициенті.
Жылдамдықтың датчигінің кернеуі қозғалтқыш зәкірінің айналу жиілігіне пропорционал
UДС= КДС ω. (11.3)
(11.1), (11.2) және (11.3) теңдеулерінің шешуі теңдеуі жылдамдық бойынша кері байланысты жетектің электрмеханикалық сипаттамасы үшін мынадай түрге келеді, яғни (11.4) өрнегін береді.
(UЗС – КДС ω)КРСКП = kФН ω + IRЭ , UЗСКРСКП + КДС ω КРСКП = kФН ω + IRЭ , (11.4)
мұндағы Кд = 1/kФН – қозғалтқыштың беру коэффициенті.
1 1.2 суретте жылдамдық бойынша ООС-ты ЭЖ-ң табиғи және жасанды статикалық сипаттамалары көрсетілген. Тұйық жүйеде жылдамдық төмендеуі
және КДСКРСКП=0 кезінде алшақтатылған (ажыратылған) жүйеге сәйкес келеді. КДСКРСКП → кезінде (яғни, үлкен күшейту коэффициенттерінде) толық қатаң сипаттаманы (∆ω = 0) алуға болады. Осындай сипаттамаларды жылдамдықтың интегралдық реттегішінен де алуға болады.
1 1.3 суретте ток бойынша кері байланыстағы ЭЖ көрсетілген. Басқару кернеуі және түрлендіргіш ЭҚК-і былай анықталады
Uy = (UЗТ ± UДТ)КРТ , (11.5)
ЕП= Uу КП = Е + IRЭ . (11.6)
Ток датчигінің кернеуі қозғалтқыш зәкірінің тоғына пропорционал
UДТ= КДТ I = βI RЭ (11.7)
(9.5), (9.6) теңдеулерімен бірге және (9.7) шешілуі (9.8) теңдеуін береді ток бойынша дұрыс және теріс кері байланыстағы жетектің электрмеханикалық сипаттама үшін мынадай түрге ие болады.
(11.8)
мұндағы (+) – ОС дұрысы үшін, (-) – теріс ОС үшін.
Д ұрыс кері байланыс кезіндегі ток бойынша жылдамдықтың төмендеуі
және КДСКРСКП=0 кезінде алшақта- тылған (ажыратылған) жүйеге сәйкес келеді, КДТКРТΒ=0 кезінде толық қатаң сипаттама болады, ал КДТКРТΒ→∞ - ∆ω→-∞ теріс қатаң болады.
Алшақтатылған жүйеге (11.4 суретті қара) қарағанда ток бойынша дұрыс кері байланыс сипаттаманы аса қатаң жасайды.
Ток бойынша теріс кері байланыс жылдамдық кұламасын (перепад) қамтамасыз етеді
және ЭЖ-ң жұмсақ сипаттамаларын жүзеге асыру үшін қолданылады. КДТКРТΒ=1 кезінде сипаттама алшақтатылған жүйеге сәйкес келеді, ал КДТКРТΒ→∞ - ∆ω→∞ (толық жұмсақ болады). Бірконтурлы жүйелерде АЭЖ теріс кері байланыста, ереже бойынша, (тоқталған) ұсталған, яғни жұмысқа белгілі бір токтық жүктемеде қолданылады.
О С тоқталу үшін стабилитрон қолданылады. Тоқты шектеу мақсатымен вентилді түрлендіргіште және қозғалтқыш зәкірінде тоқ бойынша (тоқтық кесік) ұсталған теріс кері байланыс қолданылуы мүмкін.
Бұл жағдайда электржетек экскаваторлық сипаттамада болады. 11.5 суретте жылдамдық пен ток кесігі бойынша екіконтурлы жүйелі теріс кері байланысты электржетектің функциялық сұлбасы көрсетілген. Зәкір тогы өлшемінен тәуелділігінде жетектің екі жұмыс режімі болуы мүмкін:
а) I < IОТС, UДТ< UСТ VD. Жұмыс жасайтын диапазонда бір ғана жылдамдық бойынша теріс кері байланыс жұмыс істейді (тоқ бойынша ОС сигналы (белгісі) күшейткішке түспейді). Онда (RЗС = RДС кезінде) параметрлер мен сипаттамалар (11.1 – 11.4) теңдеулерімен жазылады.
б) I > IОТС, UДТ> UСТ VD. Токтық бұл аумағында біруақытта жылдамдық реттегішінің кірісінде ОС-ң екі сигналы жұмыс жасайды:
- жылдам (шапшаң) сипаттаманы аса қатаң жасауға тырысатын жылдамдық бойынша сигнал;
- жылдам (шапшаң) сипаттаманы аса жұмсақ жасауға тырысатын ток бойынша белгі.
Қажетті сипаттаманы алу үшін ОС ток бойынша басым (артық) болуы керек. Басқару сигналы мынаған тең
Uy = (UЗС – UДС – UДТ + UСТ)КРС (11.9)
мұндағы UДТ = IRЭ – тоқ датчигінің сигналы;
UСТ – стабилитрон сынауының кернеуі
(11.2), (11.3) және (11.5) теңдеулерін бірге шеше отыра, жетектің ток және жылдамдық бойынша электрмеханикалық сипаттамасының екінші бөлімінің кері байланысы үшін (11.10) теңдеуін аламыз.
[UЗС – ωКДС – I(Ra + RП) + UСТ]КРСКП = сеФН ω + I(Ra + RП), . (11.10)
Жылдамдық және ток кесігі бойынша кері ОС АЭЖ-ң екіконтурлы жүйесінің статикалық сипаттамалары 11.6 суретте көрсетілген.
Осындай сипаттамаларды түрлендіру үшін СЕЖ-ң мазмұнын құрайтын ток және жылдамдық датчигінің, реттегіштердің, түрлендіргіш параметрлерін есептеу керек.