Коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет32/34
Дата26.03.2022
өлшемі3,54 Mb.
#136891
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
гиста рк 1 (1)

Ретикулярлык тін дәнекер тіннін бір түрі болып табылады, кұрылысы торға ұксайды және өсінділі ретикулярлык, жасушалардан және ретикулярлык, (аргирофилді) талшыктардан тұрады. Ретикулярлык тін канжасам мүшелердіңстромасын кұрайды және ол жерде дамып келе жаткан кан жасушалары үшін микроортаны түзейді. Ретикулярлык талшыктардың диаметрі 0,5—2 мкм болып келеді, олар ретикулярлык жасушалардың өндірген өнімдері. Олар күмістің тұздарын сініру кезінде аныкталады, сондыктан аргирофилді деп те аталады.
Май тіні көптеген мүшелерде кездесетін май жасушаларынын жиынтығы. Май тінінін екі түрін — ақ және қоңыр маиды ажыратады. Бүл шартты терминдер, олар жасушалардың боялу ерекшеліктерін аныктайды. Ак май тіні адам организімінде кең таралған, ал коныр май тіні негізінен нәрестелерде және кейбір жануарларда (кеміргіштерде және кыста ұйкыға жататындарда) өмір бойы аныкталады.
Адамда ак май терінін астында, әсіресе қарынның астыңғы бөлігінде, бөкседе және жамбаста ол тері асты шелін кұрайды, ішпердеде, шажыркайда және ретроперитонеалды аймакта орналасады.
Борпылдак дәнекер тіннің кабаттары май тінін азды-көпті анықталатын, көлемдері мен пішіндері әр түрлі бөліктерге бөледі. Бөлікшелердің ішінде май жасушалары бір-біріне жакын орналасады. Олардың араларындағы жіңішке кеңістіктерде фибробластылар, лимфоидты элементтер, тіндік базофилдер орналасады. Май жасушаларының араларында әр түрлі бағыттарда жінішке коллаген талшыктары аныкталады. Борпылдак талшыкты дәнекер тіндердін кабаттарында орналаскан кан және лимфа кылтамырлары май жасушаларын немесе май тіндерінің бөлікшелерін өздерінін тұзактарымен тығыз кармап жатады.
Май тінінде май кышкылдарының, көмірсулардын алмасуының және көмірсулардан майдың түзелуінің каркынды үдерістері өтеді. Майлардың ыдырауы кезінде көп мөлшерде судың және энергиянын бөлініп шығуы жүреді, сондыктан май тіні макроэргиялык коспалардың синтезіне қажетті субстрат кана емес, сондай-ак су коймасының да кызметін коса аткарады.
Ашығу кезінде тері асты және бүйрек маңы май тіндері, ішперденін және шажыркайдың май тіндері май корын тез жоғалтады. Жасушаның ішіндегі липид тамшылары ұсакталады да, май жасушалары жұлдыз немесе ұршык тәрізді пішінге енеді. Көз шарасы манында, алакан мен табаннын терілерінде май тіні, ұзак ашыкканның өзінде де, аз ғана мөлшерде липидтерін жоғалтады. Бұл жерде май тірі зат алмасу қызметін емес, көбінесе механикалык кызмет аткарады. Аталған жерлерде май тіні дәнекер тіндік талшыктармен қоршалған үсак бөліктерге бөлінген. Қоңыр май тіні нәрестелерде және кейбір жануарлардың мойынында, жауырын түсында, төс астында, омырткалардын бойында, тері астында және бұлшык еттердің араларында кездеседі. Ол гемокылтамырлармен жиі торланған май жасушаларынан тұрады. Бұл жасушалар жылу өндіру үдерістеріне катысады. Қоңыр майдың адипоциттерінің цитоплазмасында көптеген ұсак май косындылары болады. Ак май жасушаларымен салыстырғанда, коңыр май жасушаларында митохондриялар біршама көп болып келеді. Май жасушаларына коңыр түс беріп тұратын митохондриялардың кұрамындағы темірі бар пигменттер — цитохромдар. Коңыр май жасушаларының тотыктыру кабілеті ак май жасушаларынан шамамен 20 есе және жүректін бұлшык етінің тотықтыру кабілетінен 2 есе жоғары болады. Сырткы коршаған ортанын температурасы төмендеген сайын коңыр май тінінде тотыктандыру үдерістерінің белсенділігі жоғарылайды. Осының нәтижесінде кан кылтамырларындағы канды жылытатын жылу бөлінеді. Жылу алмасуда симпатикалык жүйке жүйесі және бүйрек үсті безінің милык затынын гормондары — адреналин және норадреналин белгілі рөл аткарады, олар үшглицеридтерді глицеринге және май кышкылдарына дейін ыдырататын, тіндік липазаның белсенділігін жоғарылатады. Бұл адипоциттердің араларындағы көптеген кылтамырларда ағып жаткан канды жылытатын жылу энергиясының бөлінуіне әкеледі. Ашыкканда коныр май тіні, ак май тініне Караганда, аз өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет