Радиацияның тікелей әсер ету теориясы.
Нысана және оған дәл тию теориясы.
Сохастикалық (ықтималдық) теориясы.
Иондаушы сәулелер жанама әсер еткен кезде судың радиолиз үрдісі өте айқын жүреді.
Судың радиолиз үрдісі 3 сатыда жүреді:
1 – физикалық
2 – бастапқы физикалық химиялық алмасулар
3 – химиялық реакциялар
Иондаушы сәуле әсер еткеннен кейінгі мүшелердегі морфологиялық өзгерістер белгісіне байлынысты мына топтарға бөледі.
1. Радиацияға сезімтал мүшелер: лимфа топтары ,қызыл қан кеміктері, көк бауыр, жыныс бездері, бұл мүшедегі морфологиялық өзгерістер 25 Р басталады.
2. Радацияға сезімталдығы орташа: тері. Көз
3. Радиацияға сезімталдығы төмен:бауыр, өпке, бүйрек, ми , жүрек.
Иондаушы сәулелердің әсер механизімі. Әзірше радиацияның биологиялық жүйелереге әсері толық анықталмаса да көптеген зерттеулердің нәтижесінде мына жағдайлар анықталған.
Біріншіден, иондаушы сәулелер жұтылғанда жұтылған ортада иондар пайда болады.
Екіншіден, химиялық, биохимиялық реакциялар кезінде еркін радикалдар бөлініп, ол радикалдар ортада бірсыпыра өзгерістер әкеледі.
Үшіншіден, ортадағы өзгерістер клетка, ұлпа, мүшелердің функциясы /атқаратын қызмет/ өзгерген ұлпада, клеткада құрылым (құрылыс) өзгерісі болатыны өзінен-өзі анық.
Биологиялық жүйелер өте күрделі болғандықтан осы айтылған төрт жағдайды бір уақытта бір тұрғыдан байланыстыра қарастыру керек, болмаса иондаушы сәуле әсер механизмін түсіну мүмкін болмайды.
Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін екі кезеңге бөлсек, оның біріншісі иондаушы сәулелердің биохимиялық реакцияларға клеткалар, ұлпаларға, мүшелерге тікелей әсері болса, екіншісі, осы әсерлерден жүйке клеткаларында, гуморальдық клеткаларда әртүрлі ығысу өзгерістер шақыруы.
Радиацияның бірінші ретті әсер механизмін түсіндіру үшін бірсыпыра гипотезалар, теориялар үсынылады, олардың ішіндегі біз қарастыратындар:
Иондаушы сәулелердің биологиялық жүйелерге тікелей және бөгде әсері.
Құрылым - зат алмасу теориясы.
Радиацияның тікелей әсерінен молекулаларда, атомдарда иондану болады, осының әсерінен иондаушы сәуле түскен орта зақымдалады, ал биологиялық жүйелердегі ең көп зат су болатын болса, радиацияның әсерінен клеткадағы, ұлпадағы, мүшедегі су радиолизданып жоғары активті заттар түзеледі.
Мысалы:
Н• +О Н=>Н2 О
Н•+ Н• =>Н2
ОН + ОН =>Н2О +О
ОН + ОН=>Н 2О2 немесе
Н+О2=>НО2
НО2+НО2=>Н2О2+20
НО2+Н=>Н2О2т.с.с.
Еркін радикалдардың ортамен өзара әсері тотығу реакциясы бойынша жүреді де - бөгде әсеріне жатады. Иондаушы сәулелердің тікелей немесе бөгде әсерінің арасындағы айырмашылықты мына екі құбылысты қарастырып көргеннен кейін түсінуге болады.
Сұйылту эффектісі. Берілген экспозициялық дозада зақымдалған молекулалар саны тұрақты және бастапқы молекулалардың концентрациясына тәуелді болмайды, өйткені ерітіндідегі еркін радикал сандарында тұрақты болады. Бұл құбылыс радиацияның бөгде әсерін көрсетеді.
Оттегі эффектісі. Алғашқы иондаушы сәуленің әсеріне жауап реакцияның дамуында оттегінің ролі зор. Егер қоршаған ортада, оттегінің мөлшері көп болса, биологиялык, жүйенің зақымдалуы күшейеді. Сәуле түскен ортада оттегі мөлшері аз болса, онда жүйенің сәуле әсерінен зақымдалуы да төмендейді. Оттектілік эффект барлық радиобиологиялық құбылыстарға тән және қатерлі ісік ауруына ұшыраған адамдарды емдеуге қолданады. Қатер пайда болған мүшеге келетін оттегінің мөлшерін көбейтіп, ал оны қоршаған ортаға оттегінің келуін азайтады /гипоксия/. Иондаушы сәулелердің тікелей әсерінен болатын процестерге байланысты Кроутер, Тимофеев-Ресовский, Ли, Циммерлер нысана теориясын дамытты. Теория бойынша иондаушы сәуле өте сезімтал құрылымға немесе молекулаға әсер етеді. Бұл әсер дозаға байланысты, егер клетканың өлімін, ферменттің активтілігінің төмендеуін экспоненциалдық функциямен өрнектей алсақ онда иондаушы сәуленің бір рет қана түсуінен деп есептеуге болады. Бірақ өсімдік, жануар клеткаларына сәуленің әсері S тәрізді қисықпен анықталады, демек бұл әсер көп ретті болады деген сөз. Сонымен қатар бұл теория алғашқы сәуле әсерінен болған реакциялардың кинетикасын ескермейді.
Бірінші ретті биомолекулалардың активтігінің жоғарылауы иондаушы сәулелер тікелей және бөгде әсері кезінде де бола береді. Әсерден пайда. болған радиотоксиндер бауырда, көк бауырда, басқа мүшелерде, клеткалардың май қабыршықтарында шоғырланып, клетканың химиясын бұзып, органикалық қосылыстардың молекулаларын тотықтырады. Осының әсерінен биолипидтердің тотығуы күшейіп бір еркін радикалдың орнына бірнешеуі түзеліп, тізбекті реакция пайда болады. Осы құбылыстарға сүйеніп Б.Н.Тарусов, Ю.Б.Кудряшов липидтік радиотоксиндер теориясын ұсынған.
Тағы бір теория құрылым зат алмасу теориясы бойынша
клеткадағы зақымдану, зат алмасу процестерінің бұзылуы цитоплазмалық құрылымдардың радиацияның әсерінен бұзыл-
ғанын көрсететін теория. Гипотезаның негізі ретінде бірінші
ретті радиотоксиндердің хинон немесе ортохинондардың зат
алмасу процесіне әсері алынған. Клеткада зат алмасу кезінде
аздаған улы зат бөлінетін белгілі, ал радиация әсер еткенде уытты заттардың мөлшері көбейеді де сәуле ауруы кезінде
негізгі роль атқарады. Иондаушы сәулелердің бірінші ретті әсері механизм туралы гипотезалар, теориялардың ешқайсысы радиацияның биологиялық әсер механизмін түсіндіре алмайды.Өйткені айтылған гипотезалар эксперимент жағдайында жылы қандылар үшін орындалмай отыр.
Иондаушы сәулелердін клеткаға әсері.
Иондаушы сәулелер әсеріне аса сезімтал - клетканың ядросы. Мысалы, ядросы радиацияның әсеріне шалдыққан клетка өледі. Клеткадағы өзгерістерді нақтылы және аз уақыт аралығында анықтау үшін дозасы 1000 рентгеннен артық сәуле беру керек. Алғашқы клеткадағы өзгеріс клетканың мембранасында болады:
Мембрананың өткізгіштігі жоғарылайды;
Цитоплазманың тұтқырлығы өзгереді;
а)Доза жоғары болса, цитоплазманың тұтқырлығы жоғарылайды;
б)Доза төмен болған кезде, цитоплазманың тұтқырлығы төмендейді;
Цитоплазмада вакуольдер түзеледі;
Жарықтың сынуы жоғарылайды, себебі белоктар иондаушы сәулелер әсерінен денатурацияланады;
Бояуды қабылдаудың өзгеруі.
Сәуле түскен клеткада ядро ісініп қабынады, көлемі ұлғаяды, үш-төрт ядролы үлкен ядролар пайда болады. Иондаушы сәуленің әсерінен ДНК молекулаларында ыдырау, хромосомдық аберрация болады. Клетка құрылымдарының өзгерістеріне байланысты клетканың ішіндегі органеллаларының функциялары өзгеріп, митохондриядағы энергия алмасу, зат алмасу процесі нашарлайды.
Радиацияның клетканың бөлінуне әсері күрделі және митоздың кезеңдеріне байланысты. Ғылыми деректер бойынша иондаушы сәулелер ұлпада тез бөлінетін жаңа клеткаларға қатты әсер етеді, әсіресе күрделі бөліну кезіндегі әсер дәрежесі аса жоғары болады.
Митоз /күрделі бөлінуі/ екі фазадан тұрады:
Интерфаза;
Кәдімгі митоз.
Интерфазаның өзі үш сатыдан тұрады:
1) түзілу алдындағы саты G;
2) ДНК молекулаларының түзілуі, хромосоманың белоктары түзіледі - S;
3) түзілу болғаннан кейінгі саты - G2, бұл саты профазаға көшеді.
Митоз төрт сатыға бөлінеді:
1) профаза /бөлінудің басталуы/;
2)метофаза /хромосомның екі жартыға бөлінуі арасында саңылау пайда болады/;
3) анафаза /хромосомның екі полюске қарай ығысуы/;
4) телефаза /жаңа пайда болған клетканың тұрақталуы/.
Иондаушы сәулелердің осы фазалардың әрқайсысындағы әсер дәрежесі әртүрлі болады. Егер клеткаға радиация интерфаза кезінде әсер етсе, клетканың бөліну қабілеті төмендеп доза жоғары болса, шығынға ұшырайды. Француз ғалымдары Бергонье және Трибонда бойынша клетканың иондаушы сәуле әсеріне сезімталдығы өтіп жатқан бөліну интенсивтігіне тура пропорционал да, олардың дифференциясына кері пропорционал болады. Осы ережеге сәйкес радиацияның сезімтал қан түзейтін мүшелері, қызыл қан кемігі, көк бауыр, жыныс бездері, ішек-қарынның кілегей қабаттары клеткалары жатады..Өйткені мұндағы ұлпалардың клеткаларындағы митоз интенсивті түрде жүреді. Кейінгі кезде бөлінбейтін жүйке,лимфоцит клеткалары да радиацияға өте сезімтал болатындығы анықталды.
Иондаушы сәулелердің клеткаға әсер механизмі өте күрделі, сондықтан да клеткадағы бір-екі өзгеріске қарай толық мағлұмат алу мүмкін емес. Бірақ тәжірибеден алынған мағлұматтар бойынша сәуле жұтқан клеткалардың бөлінуіне мынадай себептер әсер етеді:
Иондаушы сәулелер әсерінен бөлінуді тездететін заттардың бұзылуы;
Клеткада бөлінуді тежейтін заттардың пайда болуы;
Клетка мембранасының өткізгіштігінің бұзылуы;
Нуклеин қышқылдарын түзеудің бұзылуы;
Хромосомның жарақаттануы.
Клетка ядросының цитоплазмасының, функциясының, кұрылымының өсу кезіндегі бұзылуы қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін. Егер бөліну, өсіп-өнуі кезіндегі әсер еткен доза төмен болса, онда бастапқы кезде бөліну ритмі төмендейді, бірақ біртіндеп қалпына келеді. Ал митоз кезінде әсер дозасы жоғары болса, онда митоз бұзылып клетканың өніп-өсуі процесі тоқталады.
Жануарлардың иондаушы сәулслср әсеріне сезімталдығы.
Жануарлардың иондық сәулелерге сезімталдығына көптеген зерттеулер жүргізілген.Зертханалық тәжірибелерде сүтқоректілер иондық радияциясы бар заттың тұрған жерін анықта алған.Тышқандарды арнайы камераларда жұмыс істеп тұрған аппараттың шуы кезінде ұйықтауға әдет етіп үйреткен.Рентген аппататының сәулелерің тышқандар жатқан жаққа жібергенде бірнеше секунд ішінде олар ояна бастаған.Рентген аппаратының сәулелерің тышқандар жатқан жаққа жібермегенде олар оянбаған.Көзі көрмейтің, соқыр жануарларда осылайша әсерленген.
Тышқандар қалыпты жағдайда қаранғы жерді ұнатады.Бірақ иондық сәулеленудің ағымына езімтал болғандықтан, оар камераның қаранғы бөлімінен жарық бөліміне шығуға мәжбүр болды.
Балыктар аквариумның сәулеленбеген жағынан жүзіп кетіп, сәулеленбеген жағыиа барып коректенуді тандаған. Жасушалар /клеткалар/ КҮрамының /оргагіеллалар/ арасында радиосезім-талдығы үлкені ядролар. Ядролардың үлкен радиосезімталдык касиеті сәулеленген жасушаның жаракаттануының /лучевое поражение/ дамуында шешімді рөл аткарады.
Қытай хомягінің 200 р сәулелендіру әсерінен кейін жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ДНК молекуласының комплексінің бүзылғаны және дегидратацияға /су молекуласының бөлініп шығуы/ түскені байкалған. ДНК құрылымының бүзылуынан баска, ДНК молекуласынан цитоплазмаға информацияның берілуі /яғни құбылыстардың реттеулі/ бұүзылған, сонымен катар жасуша ішіндегі күрылымдардың жасушаларының кызметі де бүзьшған
1 - ДНК молекуласында бір жіпшелер үзілу, 2 - ДНК молекула-сының екі жіпшелер үзілуі, 3 - ДНК молекуласьшың ак уызбен /белок/ байланысының бүзылуы, 4 - ДНК күрылымының бүзылуы, 5 - ядро жарғакшасының бүзылуы, 6 - митохоңцрия жарғакшасыньщ бұзылуы.
Сонымен, әр түрге жататын тірі жәндіктер және жануарлар тіршілігінің жойылуы сәулелену мөлшерінің деңгейіне байланысты. Бактериялардың және карапайым жәндіктердің иоңдык сәулелену әсеріне сезімталдығы төмен. Гүлдердің иондык сәуле-лену әсеріне езімталдығы төмен. Саңыраукүлактардың сәулеле-нуге сезімт-алдығы өте жоғары. Көпшілік жоғары өсімдіктердің иондық-сәулелену әсеріне сезімталдығы жоғары. Сүткоректілердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы өте жоғары
Жануарлардың радиациялық сезімталдығы тек иондаушы сәулелердің мөлшеріне доза, активтілік, әсер уақыты/ ғана емес, олардың күйіне, организмнің ерекшеліктеріне де байланысты. Сонымен қатар әр жануардың радиацияға сезімталдығы оның жасына, қоңдылығына тәуелді болады.
Радиацияға сезімталдық тіпті жануар мүшелерінде де әртүрлі.
Ал, ұлпалардың иондаушы сәуле әсеріне сезімталдығы функционаддық-биохимиялық, морфологиялық белгілерімен сипатталады және төменгі рет бойынша орналасады: мидың жарты шарлары, мишық, гипофиз, бүйрек безі, ұрық бездері, тимус лимфа тораптары, жұлын, ішек-қарын жолы, бауыр, көк бауыр, өкпе, бүйрек, жүрек, бұлшық еттер, тері және сүйек ұлпалары.
Иондаушы сәуле әсер еткеннен кейінгі мүшелердегі морфологиялық өзгерістерді белгісіне байланысты мына топтарға бөледі:
Радиацияға сезімтал мүшелер: лимфа тораптары, ішек-қарын лимфатикалық көпіршік клеткалары, қызыл қан кеміктері, көк бауыр, жыныс бездері, бұл мүшелердегіморфологиялық өзгерістер доза 25 Р басталады.
Радиацияға сезімталдығы орташа: тері, көз;
Радиацияға сезімталдығы төмен: бауыр, өкпе,бүйрек,ми, жүрек.
Сүйек сіңірлеріндегі алғашқы морфологиялық өзгерістер 100 Р басталады. Жануарларға, жалпы тіршілік иелеріне аса қауіпті иондаушы сәулелердің тұтас организмі біркелкі түсуі. Егер осы жағдайда бір мүшені экранмен қорғасақ жалпы жануарлардың радиацияға деген төзімділігі жоғарылайды. Мысалы, массасы 200-250г егеуқұйрықтың бүйрек безіне γ-сәулесінің өлім дозасымен әсер етсек егеуқұйрық тірі қалады, ал бақылауға алған сондай доза түсірілген егеуқұйрық шығынға ұшырайды. Анықтама: Сәуле дозасы әсерінен жануарлар 30 күнде 100% шығын болса, ол доза өлім дозасы, ӨД 100/30, ал 30- күнде жануарлардың 50%-і шығын болса, бұл дозаны жартылай өлім дозасы деп атайды, ӨД 50/30.
Азық қорыту мүшелеріне радиация аса күшті әсер етеді, сезімталдығы мына тәртіп бойынша орналасады: ащы ішек, сілекей бездері, қарын, тоқ ішек, асқазан асты безі және бауыр. Организмге үлкен дозамен жалпылай әсер еткенде ең алдымен ащы ішек зақымданып, артынан ішек- қарын ауруы өрбиді. Орташа өлім дозасымен, одан да жоғары дозамен әсер еткнеде ішек қабырғаларында морфологиялық өзгерістер пайда болады. Радиацияға аса сезімталдықты эпителия бездері білдіреді. Зақымдалған эпителий қабатында клеткалардың бөлінуі тоқталып, клеткалар өледі. Мұндай праоцестер сілекей қабаттың сыртын ашып, ішіндегі клеткаларды жалаңаштанғаннан кейін, қан плазмасы ішекке шығады. Ал, қан плазмасынанң азаюы жүректің жұмысын төмендетеді. Жоғарыда айтылғандармен қатар сәуле әсері ауруына шалдыққан жануарлар организмінде улану, бактериемия болады, өйткені ішектің қабырғаларының микроорганизмдерге кедергі әрекеті тоқталады. Ішек- қарын ауруының белгілері доза үлкен болғанда алғашқы 3-4 сағат ішінде іш өту, құсу, лоқсудан басталады да 1-3 күнде беті қайтады, біріқ ауру аса асқынған кезде қайта қайталанады. Сілекей бездері. Радиацияның әсерінен сілекей сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Өзгеріс интенсивтілігі толқынды түрде болады және сонымен қатар сілекейде жаңа зат пайда болады. Мысалы иондаушы сәуде түскен иттердің сілекейінде амилаза пайда болады.
Қарын. Қарын бездерінің секрециясы аз дозада жануарлардың бастапқы жағдайына байланысты: гиперсекрецияда төмендейді, гипосекрецияда жоғарылайды. Жоғары дозалар қарынның ас қорыту қызметін төмендетіп, үлкен морфологиялық өзгерістер туғызады. Дозасы 0,96 және 3,84 Грей иондаушы сәулемен ұлтабардың ащы ішекке жалғасқан жеріне әсер еткенде, алғашқы сағаттың өзінде-ақ қан сарысуында гастриннің 2-3 есе азайғанын байқауға болады. Бірақ алғашқы үш күн ішінде гастрин түзейтін мүшелерде ешқандай құрылым өзгерістері байқалмайды. Үлкен өзгерістер тек 7 күннен кейін байқалады. Ұлтабар, ұлтабар жіңішкерген жерден шығатын С-клеткалардағы секреторлық гранулдар азайып, сау малдардың организміндегі деңгейге 30 күнге дейін жетпейді. Радиация әсер еткенде гастрин түзейтін клеткалар қызметінің бұзылуы бірнеше кезеңге бөлінеді: 1) уақытша С клетканың қызметі тоқталады; 2) С клетканың қанға гастрин тасымалдау тоқталады; 3) ішек-қарын жолын-дағы гастрин түзейтін жүйелер қызметінің бұзылуымен қатар, құрылымдары да бұзылады; 4) түзеу процестері төмендегеннен С клетканың қызметі төмендеп жүдейді, гастрин түзеу нашарлайды.
Ішек. Ішектің секрет шығару, фермент түзеу қызметі, жалпы және жеке мүшелерге иондаушы сәуле түскенде организмдегі өзгерістер толқын түрінде байқалады. Алғашқы уақытта секрет, ферменттердің қызметі жоғарылап, соңынан төмендеп, қайтадан қалыптасып түзелгенше осы өзгерістер қайталана береді. Ал доза үлкен болған кезде жануар шығынға ұшырайды. Ауру аса ауыр болған кезде алғашқы күні ішектің жиырылуы, созылуы бұзылып, бездердің секрет бөлуі күшейіп, ферменттердің активтілігі жоғарылап, 5 күннен соңында секрет бөлуі нашарлап, ферменттің активтілігі төмендейді. Иондаушы сәуле әсерінен ішектің қабырғаларының зақымдалуы мына түрде болады: ішек қабырғасының шырышты қабатының қабыну, кілегей қабатына қан құйылу,жара, шіру, тыртықтар,тесіктер.
Ал ішек-қарын жолының зақымдалғанының клиникалық белгісі жем- шөпті желудің төмендеуі, жануардың массасының азаюы. Ішек-қарынның кілегей қабаты қабынған кезде нәжіспен бірге шарана (сілекей) бөлініп шығып іші өтеді, ал ішек- қарында жара, қанау, нәжіс қан аралас болады.
Ішек-қарынның қацтадан қалыптасуы алған дозаға байланысты, доза жоғары болса, уақыт ұзақ, доза төмен болса, түзелу тезірек және толық болады.
Қарын асты безі. Әсер еткен дозаға байланысты қарын асты безінің қызметі мен құрылымы өзгереді. Доза төмен болса фермент түзеу күшейеді, ал жоғары жоғары амилаза, липаза трипсин активтілігін, инсулиннің түзелуін, ұйқы безі сөлінің шығуын нашарлатады. Сонымен қатар ұлпа бездерінде .қан құйылу, құрылымдардың бұзылуы, шіру т.б.өзгерістер ұдайы жүріп жатады.
Бауыр. Радиацияға бауырдың сезімталдығы өте төмен, бірақ орташа өлім ӨД 50/30 дозасы түскенде жануарлар бауырындағы биохимиялық реакциялар бірсыпыра өзгерістерге ұшырайды. Каталазаның активтілігі темендеп, сілтілік фосфотазаның активтілігі жоғарылап, өт түзеу нашарлап, мүшенің негізгі ұлпаларындағы холестериннің алмасуы төмендеп, еттің сапасы, құрамы өзгеріп ішекке өтуі қиындайды. Белок, май, көміртекті бауырдағы алмасу өзгереді. Бауырда шіру, қан құйылған, ұлпалар, азған участоктар пайда болады да, мұның аяғы бауырдың бүрісуіне әкеп соғады. Иондаушы сәулелердің аса бір көрнекті белгісі, ол өт қабығының қабырғаларындағы қан құйылу, өттің қою созылмалы, жасыл түске ауысуы.
Жануарларға өтімділігі нашар иондаушы сәулелер әсер еткенде көбінесе олардың тері қабаттары күйеді. Терінің күюі ауада бөлінген радионуклидтің тері бетіне шөгуіне байланысты. Шөккен радиоактивті заттың мөлшері неғұрлым көп болса, мал терісінің күюі күшейеді. АҚШ-тың Невада штатында жүргізілген тәжірибелерден мынандай мағлұматтар келтіруге болады: 1) ауадағы ашық сынақ кезінде бөлінген радиоактивті заттар ірі-қара малдың шүйдесінен бастап жамбасының үстіне дейін шөккен; 2) иондаушы сәулелер әсерінен жүн талшықтары сиреп тері бетін күйік пигменттер басқан; 3) тері иімділігін, серпімділігін жоғалтқан; 4) тері бетінде биіктігі 3-4 см сүйелге ұқсас өскіндер- шыққан; 5) 15-20 жылдан кейін үш ірі қара малда тері рагі ауруы пайда болған. Ал, осы 20 жыл арасында малдардың қан көрсеткіштерінде өзгеріс байқалмаған. Β-сәулесінің әсерінен мал терісінің күюінің өзіндік ерекшеліктері бар, өйткені ол жоғары температураның, химиялық заттардың әсерінен күюден басқаша. Күйген жердегі терінің ауруы онша сезілмейді, патоморфологиялық өзгерістер біртіндеп өрбиді, терінің қайтадан қалыптасуы өте баяу жүреді. Жануар терісінің зақымдалуы иондаушы сәуленің шөккен жеріне және оның мөлшеріне байланысты. Ауадағы радиоактивті бөлшектер жануар арқасына қонса, радиоактивті бұлттар шөккеннен кейін жайылымда болған малдардың желіні, бауырына, мұрын, бақай араларына кіріп, ерін, ауыз кілегей қабаттарына жабысып, ағза ішіне түседі. Иондаушы сәуленің зақымына алдымен терінің жүн қабаттары сирек, нашар малдар ұшырайды. Жалпы тері қабатына (3-бөлшектері әсер еткенде алдымен желіннің ұшы, жыныс мүшелері, тұяқ аралықтары зақымдалады. Бұл зақымдануды төрт кезеңге беледі: 1) әсерге алғашқы жауап; 2) жасырын өтетін кезең; 3) өткір қабыну реакциясы; 4) қайтадан қалыптасу мезгілі зақымдалудың ауырлық дәрежесіне байланысты. Терінің радиация әсерінен күюін төрт түрге бөледі: 1) жеңіл түрі -жұтылған доза 500 радқа дейін; 2) орташа 500-1000 рад; 3) ауыр түрі 1000-3000 рад; 4) өте ауыр түрі 3000 радтан жоғары.
1-кезең дозаға байланысты бірнеше сағаттан немесе 2-3 күннен кейін басталады. Терінің зақымдалуы жүні аз жерден басталып, күйген жер ауырып, қышиды.
2-кезең дозаға байланысты бірнеше сағаттан 2 аптаға дейін созылады. Негізгі көрсеткіші β-бөлшегі шөккен жер терлегіш келеді, қатты қышиды.
3-кезең терінің ашық қабынуынан басталады. Жеңіл түріңде тері аздап тотығады, сыртқы қабаты қабыршықтанады, біртіндеп жүн түсе бастайды. Зақымдану орта дәрежеде болғанда үшінші кезең терінің ісінуінен басталып, сулы көпіршіктер пайда болады. Бұлармен қатар клиникалық көрсеткіштер өрби түседі. Дененің қызуы жоғарылап, лимфа тораптарының бөліктері ұлғайып, жануардың тәбеті нашарлап, қанда лейкоциттің нейрофильдік түйіршіктері, моноциттер, эозин, тромбоциттердің өсіп жетілмеген түрлері көбейіп, эритроциттің шөгу жылдамдығыжоғарылайды. Қан сарысуындағы белоктар саны, липидтер азайып, калий мен судың мөлшері көбейіп, ісінген жер іріңдеп, орталық жүйке жүйесінің импульсациясы күшейіп, жалпы дененің улануы басталады.
4-кезең қайтадаи қалыптасу. Егер зақымдану дәрежесі жеңіл болса, малдар тез жазылады /1-2 ай/. Орташа түрінде қайтадан қалыптасу 3-4 айға созылады, бірақ зақымданған жердегі тері өліп, орнына қотыр жара пайда болады да, қасынған кезде беті түсіп, асты қан аралас іріңге ауысады. Ал зақымдану дәрежесі жоғары болғанда, күйген жердегі жара баяу жазылып, бірнеше айдан бірнеше жылға созылады. Көбінесе қатерлі ісік ауруына ауысады. Бұл жағдайда жануарды ұстау, күту, тиімсіз болғандықтан қоңы жоғары малдарды етке тапсырған жөн.
Радиоактивті заттардың организмге әсері.
Радиоактивті заттар организмге: 1) өкпе, өкпе жолдары; 2) ас қорыту жолдарымен, шөп, жем арқылы; 3) зақымданған жарасы бар тері арқылы; 4) кілегей қабаттары арқылы түседі. Радиусы 0,25 мкм бөлшектер өкпеге түсіп, онда тоқталмай шығып кетеді, ал радиусы 0,5 мкм ' бөлшектердің 90% өкпеде тоқтап қалады, ал радиусы 2,5 мкм бөлшектердің 20%- өкпеде қалады. Бұдан үлкен бөлшектер тыныс алу мүшелерінің жоғары белігінде шөгіп, кейіннен қарынға түседі. Өкпеде қалған бөлшектер қанға араласып, аздаған бөлігі фагоцитозға түсіп, өкпе ұлпаларында қалып, өкпеде сәуле әсері ұзақ сақталады.
Ауылшаруашылық малдары үшін радионуклидтер тусетін негізгі жол- ас қорыту жолы. Радионуклидтердің сіңуі олардың физикалық, химиялық жағдайына, сонымен қатар жануарлардыц физиологиялық жағдайына да байланысты. Мысалы, сілтілік элементтер ішек-қарын жолында фосфаттар, май қышқылдарымен қосылып, нашар еритін затқа айналады. Трансуран, жерде сирек кездесетін элементтер ауыр заттарға айналып, ішек-қарын. қабырғаларына сіңбейді. Радиоактивті заттардыц ішек-қарынға сіңу жылдамдығы мөлшері түскен заттың шамасына тәуелді болады. Жануарлардың физиологиялық ерекшеліктеріне жататын бір қасиеті, ол радиоактивті заттардың жас жануарларда көп тез сіңуі, ал кәрі жануарларда керісінше. Организмге түскен, сіңген радионуклидтер кәдімгі тұрақты элементтер сияқты, зат алмасу, құрылымда орын алады. Мысалы, стронций-90, цезий-137, Иод-131, натрий-24 100% сіңеді.
Радионуклидтердің организмде таралуы. Қанға сіңген радиоактивті заттардың таралуы мына жағдайлармен анықталады: 1) организмге қажеттілігіне, кейбір ұлпаларға қажеттілігіне, мысалы кальций сүйек ұлпаларына кіреді, ал иод қалқанша безіне қажетті, сондықтан стронций-90 сүйекке, иод-131 қалқанша безіне жиналады; 2) радионуклидтердің физико-химиялық қасиетіне, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінде орналасуына, валенттілік түріне, ерігіштігіне, ұлпаларды каллоидтық қосынды құру қабілеттігімен. Радионуклидтердің организмге таралуына байланысты оларды төрт топқа бөлуге болады.
№
|
Таралудың түрлері
|
Элементтер
|
1
|
Бірқалыпты
|
Сутегі,литий,натрий,калий,рубедий,цезий,рутений,
хлор,бром, т.б.
|
2
|
Қаңқада/сүйекте/
|
Берилий,кальций,стронций,барий,радий,цирконий,
Иттрий, фтор т.б.
|
3
|
Бауырға
|
Лантан,церий,прометий,плутоний,торий,
марганец т.б.
|
4
|
Бүйректе
|
Бисмут, сурьма,мышьяк,уран,селен т.б.
|
5
|
Қалқанша без
|
Иод,астатин,бром т.б.
|
Радионуклидтердің организмдегі таралу типтері бірдей және жануардың жасына байланысты болмайды. Ағзаға түскен радиоактивті заттар олардың тұрақты изотоптары сияқты зат алмасу процесіне байланысты организмнен сүт, жұмыртқа, қою, сүйық нәжістермен шығарылып отырады. Сонымен қатар ыдырау процесі де жүріп жатады.
Радиоуыттылық топтары. Биологиялык, әсер дәрежесіне
және ағза ішіне түскендегі уыттылығымен келтіретін зақымына қарай радионуклидтер бес топқа бөлінеді:
А-тобы, аса жоғары уытты: қорғасын-210, полоний-210, радий-226, торий-230, уран-232, плутоний-238 т.б.Судағы бір жылдың активтілігі Х-(10-10-10 -8) Ки/л;
Б-тобы, жоғары уытты: рутений-106, йод-144, висмут-
210, торий-234, уран-235, плутоний-241, стронций-90 судағы
орташа жылдық концентрациясы Х-10-9-1 -7) Ки/л; стронций-90 үшін 4-10'10 Ки/л;
3.В-тобы уыттылғы орташа: натрий-22, фосфор-32,
күкірт-35, хлор-36, кальций-45, темір-59, кобальт-60, стронций-89, иттрий-90, молибден-99, сурьма-125, цезий-137, барий-140,алтын-196 т.б. судағы жылдық орташа активтіліктер Х-(10 -8-10 -7) Ки/л;
4.Г-тобы уыттылығы төмен: берилий-7, көміртегі-14,
фтор-18, хром-51, темір-55, мыс-64, теллур-129, платина-197,сына л-197, таллий-200 т.б. судағы жылдык, орташа концентрациясыХ-(10 -7-1(Г -6) Ки/л;
5. Д - тобы, тритий тобы, тритий тотығы ауыр сутегі, судағы жылдык, орташа концентрадиясы -3,2-10"6 Ки/л.
Қорытынды
Иондаушы сәулелердің биологиялық жүйелерге әсері аса жоғары және күрделі, өйткені олар түскен тірі ортада иондау процесі жүріп, активтілігі жоғары еркін радикалдар түзеледі. Бұл радикалдар тірі жүйеге тән химиялық, биохимиялық реак-циялардың ретін, жүру тәртібін бұзып, ағзадағы тән емес функционалдық өзгерістер кіргізіп, соңында морфологиялық өзгерістерге душар етеді. Тіптен егер доза үлкен болса, тіршілік иесі өліп кетуі мумкін.
Иондаушы сәулелердің әсер механизімі иондаушы сәулелер жұтылғанда жұтылған ортада иондар пайда болады. Осы иондар химиялық, биохимиялық реакциялар кезінде еркін радикалдар бөлініп, ол радикалдар ортада бірсыпыра өзгерістер әкеледі. Ортадағы өзгерістер клетка, ұлпа, мүшелердің функциясы /атқаратын қызмет/ өзгерген ұлпада, клеткада құрылым (құрылыс) өзгертеді
Радиацияның тікелей әсерінен молекулаларда, атомдарда иондану болады, осының әсерінен иондаушы сәуле түскен орта зақымдалады, ал биологиялық жүйелердегі ең көп зат су болатын болса, радиацияның әсерінен клеткадағы, ұлпадағы, мүшедегі су радиолизданып жоғары активті заттар түзеледі.
Иондаушы сәулелер әсерінен алғашқы өзгеріс клетканың мембранасында болады:мембрананың өткізгіштігі жоғарылайды; Цитоплазманың тұтқырлығы өзгереді;Цитоплазмада вакуольдер түзеледі Сәуле түскен клеткада ядро ісініп қабынады, көлемі ұлғаяды, үш-төрт ядролы үлкен ядролар пайда болады. Иондаушы сәуленің әсерінен ДНК молекулаларында ыдырау, хромосомдық аберрация болады.
Радиацияның клетканың бөлінуне әсері күрделі және митоздың кезеңдеріне байланысты.Бірақ тәжірибеден алынған мағлұматтар бойынша сәуле жұтқан клеткалардың бөлінуіне мынадай себептер әсер етеді:
Иондаушы сәулелер әсерінен бөлінуді тездететін заттардың бұзылуы;
Клеткада бөлінуді тежейтін заттардың пайда болуы;
Клетка мембранасының өткізгіштігінің бұзылуы;
Нуклеин қышқылдарын түзеудің бұзылуы;
Хромосомның жарақаттануы.
Жануарлардың иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы өте жоғары
Жануарлардың радиациялық сезімталдығы тек иондаушы сәулелердің мөлшеріне доза, активтілік, әсер уақыты/ ғана емес, олардың күйіне, организмнің ерекшеліктеріне де байланысты.
Иондық сәулелер өсімдіктер өнімін арттыруда ауыл шаруашылығында кең колданылады. Тұкымдарды, картопты, жас жеміс ағаштарын отырғызардың алдында сәулелену әсерінен өткізеді. Радиация аркылы жаңа сорттарды шығаруға мүмкіңцік жасалынады, әр түрлі зиянкестерді құртуға, тыңайткыштарды егіс даласына және т.б. салудың нағыз колайлы мерзімін аныктауға пайдаланылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Гродзенский Д.Э. Радиобиология. М. Атомиздат 1966г. 232с.
Ярмоненко С.П. Радиобиология человека и животных. М. 1977г. 368с.
Волков Г.Д., Липин В.А., Черкасов Д.П. Радиобиология. М. Колос, 1964 232с.
Малғаждаров С., Жуков Е., Малғаждаров М. Радиобиология. А. 1998ж. 200б.
Бак З., Александер П. Основы радиобиологий.М. Мрои. 1963г. 480с .
Достарыңызбен бөлісу: |