Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет6/14
Дата19.12.2021
өлшемі79,78 Kb.
#103408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
6. Курс саясаты. Сабаққа кешікпеу және жібермеу; оқытушы ұсынған сабақ сценарийін мұқият қадағалау, оған белсенді қатысу; аудиторияда жұмыс істегенде ұялы телефондар өшірілген болу керек; дәлелді себептермен жіберілген сабақтарды өтеу; кітапханада және үйде өз бетінше айналысу.

Студентке ең жоғары балл - тапсырманы уақытында және сапалы орындағаны үшін қойылады. Көрсетілген мерзімде оқытушыға тапсырмалар өткізілмеген жағдайда балл азаяды. Семестрлік тапсырмалар мен аралық бақылау тапсырмаларын орындамаған, сондай-ақ 50 балл және одан жоғары балл алмаған студенттер емтиханға жіберілмейді. Студент емтиханда ала алатын ең жоғары балл 100%. Ең жоғары балл алу үшін барлық емтихан сұрақтарына жауап беру керек. Егер жауап толық болмаса, пайыздық мән азаяды.

Студенттің оқу жетістіктері (білім, білік, дағды және құзыреттілігі) халықаралық практикада қабылданған сандық эквивалентпен әріптік жүйеге (оң бағалар, кему шамасына қарай, "А"-дан "D" – ға дейін, және "қанағаттанарлықсыз" - "FХ", "F",) және дәстүрлі жүйе бойынша (білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесінің кестесі құжаттың соңында келтірілген) сәйкес келетін 100 балдық шкаласы бойынша бағаланады.

"Fх" белгісіне сәйкес "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда студент оқу пәні бағдарламасын қайта өтпей, қорытынды бақылауды қайта тапсыруға мүмкіндігі бар.



"F" белгісіне сәйкес "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда студент осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады. Емтихан билетіне 4 сұрақ кіреді. Әр сұрақ 100 баллға дейін бағаланып, орта балл шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет