Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет26/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

2.7
 
Конфуций философиясы 
Конфуций  ілімі  -  адамды  бірінші  кезекте  әлеуметтік  өмірдің  мүшесі 
ретінде қарастыратын ежелгі философиялық мектеп. 
Конфуциандық философия қарастыратын негізгі сұрақтар: 
1)
 
Адамдарды қалай басқару керек? 
2)
 
Қоғамда өзін қалай ұстау керек? 
Конфуций ілімі қоғамды жұмсақ басқару үлгісін ұсынады. Оған мысал 
ретінде басшының өз қоластындағыларға - әкенің өз ұлдарына қарағанындай 
мейірім - қамқорлыққа немесе бағыныштылардың өзбастығына – інілердің өз 
ағасына  қарым  -  қатынасындағыдай  сенім  -  құрметке,  адалдыққа, 
жауапкершілікке толы болу керектігін уағыздайды. 
Конфуций  іліміндегі  алатын  ереже  (жэнь  -  адамсүйгіштік):  -  «Өзіңе 
тілемейтінді басқаға жасама». Конфуций ілімінің басты қағидалары: 
1)
 
қоғамда және қоғам үшін өмір сүру; 
2)
 
императорға бағыну; 
3)
 
жасы мен жағдайы үлкен, атағы жоғарыларды тыңдау; 
4)
 
адамгершілікті сақтау; 
5)
 
ұстамды болу, шектен шықпау, ұшқарылыққа салынбау; 
6)
 
бір-біріне жол беру, өзара ізет-ілтипат. 
Конфуций  ілімі  басшы,  жетекші  қандай  болу  керек  деген  сұраққа  мән 
береді, көп тоқталады. 
Басшы, жетекші: 
1)
 
императорға бағынады; 
2)
 
конфуциандық қағидаларды сақтайды; 
3)
 
қажетті білімдерді игерген; 
4)
 
еліне қызмет ететін патриот; 
5)
 
биікті көксейтін, жоғары мақсаттарға ұмтылатын; 
6)
 
ізгілікті; 
7)
 
мемлекетке, айналадағыларға тек жақсылық жасайтын; 
8)
 
мәжбүр ету емес, үлгі көрсету, түсіндіру арқылы ықпал ету; 
9)
 
қол 
астындағылардың 
және 
мемлекеттің 
қамын 
ойлау; 


25 
 
Бағыныштылар: 
1)
 
басшыға, жетекшіге құрмет көрсетуге; 
2)
 
жұмыста тыңғылықты болуға; 
3)
 
үздіксіз оқу және өзін-өзі жетілдіруге тиіс. 
Ежелгі  грек  философы  Сократ  сияқты  Конфуций  де  ештеңе  жазбаған, 
оның ойлары айтқан нақыл сөздері, пікірлері шәкірттерінің арқасында «Лунь 
Юй» («Кеңес пен толғам») кітабында жинақталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет