Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 3 Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы



Pdf көрінісі
бет52/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
11 3 Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы
Қайта  Өркендеу
 
дәуірі  шамамен  алғанда  ХІV-ХVII  -ғасырлар  аралғын 
қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетісті терге қол 
жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең. Осы дәу философиясы да 
өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалған, әлемдік философия 
тарихындағы маңызды кезең болып есептеледы 
Қайта  Өркендеу  философиясында  да  басты  орынға  Құдай  ие,  бірақ 
философиялық  талдау  объектісі  —  Адам,  ол  космостық  болмыстың  негізгі 
звеносы.  Орта  ғасыр  философиясы  адамды  күнәһар,  құдайдың  құлы  ретінде 
карастырса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтерді, оның еркіндігін 
дәріптеуге ұмтылды; 


92 
 
Өркендеу  философиясы  жаратылыстану  саласындағы  жетістіктермен, 
географиялық  жаңалықтармен,  медицина,  математика,  табиғат  туралы 
ғылымдармен тығыз байланысты дамыды; 
Осы  ғылымдардың  жетістіктері  негізінде  философия  дүниені  жаңа, 
пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен 
адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды; 
 Философиялық  ой  өнермен  тығыз  бірлікте  дамыды.  Адамның  өзінің 
табиғи  негізіне  оралуы  идеясы  Өркендеу  дәуірінің  өнерінде  көрініс  тапты. 
Адамның  күші  Құдаймен  тең,  ол  бәрін  де  игере  алады.  Ренессанс  адамы  — 
шығармашылықпен  айналысатын,  қолынан  келмейтіні  жоқ  адам.  Ол  бәріне 
қабілетті,  дене  сұлулығына  да,  ой  сұлулығына  да  жете  алады.  Адам  — 
дүниедегі ең әдемі, ең әсем Тіршілік етуші (существо). Осы эстетикалық негіз 
Өркендеу философиясына ерекше мазмұн берді, Әсемдік, Адамның Әсемдігі 
асқақтатылды.  Тән  мен  жанның  сұлулығы  Леонардо  да  Винчи, 
Микеланджело, Рембрандт шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін 
аса  қүнды,  теңдессіз,  баға  жетпес  дүниелер  болып  есептеледі; 
Ренессанс  философиясына  гуманизм  —  адамның  тұлға  ретіндегі 
құндылығын,  оның  еркіндікке,  бақытқа  және  дамуға  ие  болу  құқын  мой-
ындайтын көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, 
қоғамдық  қозғалыс  ретінде  Өркендеу  Дәуірінде  қалыптасты.  Ерекшелігі  — 
гуманистік  философия  кәсіби  философиядан  тыс  қалыптасты.  Ақын-
жазушылар,  ғалымдар,  ритор,  педагог, дипломат.  саясаткер  және  тағы  баска 
білімді  адамдар  гуманистер  қауымдастығын  құрып,  жаңа  гуманистер 
модениетін  жасауға  талпынды.  Олар  өздеріне  »  философ»  деген  атақ  беріп. 
философияға  жаңа  мазмұн  берді,  бұрынғы  философтарды  философ  деп 
санамады.  Гуманизмнің  негізін  салушылар:  Данте  Альгиери,  Франческо 
Петрарка, Колюччо Салютати. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет