Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы



Pdf көрінісі
бет50/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

11.1 Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы  
Эстетика  терминінің  бертін  келе  енгеніне  қарамастан,  эстетикалық  ой 
тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі 
бірінші  мың  жылдықтың  өзінде-ақ  Көне  Қытай,  Үнді,  Грекия  ойшылдары 
адамдардың  нақты  шындықтың  көптеген  құбылыстарын  сезім  арқылы 
қабылдау  барысында  белгілі  бір  көңіл-күйлерге  таңдану,  жеріну,  қайғыға 
ортақтасу,  ашулану,  сүйсіну,  елжіреу,  әзілдеу,  тебірену,  толқу  және  т.с.с. 
бөленетіндігін  әрі  әлемге  деген  таза  танымдық  қатынастан  оның  өзіндік 
сезімдік  тебіреніс  сипатымен  ерекшеленетіндігін  байқаған.  Осы  тебіреніс 
толқулар  неліктен  пайда  болады  деген сұраққа  жауап  іздеу  барысында  көне 
дүние  ғұламалары  эстетикалық  ойды  дамытқан.  Нәтижесінде,  «сұлулық», 
«әсемдік»  және  оған  қарама-қарсы  «трагедиялық»  және  «комедиялық» 
туралы  алғашқы  түсініктер  қалыптасты.  Эстетикалық  ойдың  даму  тарихына 
қысқаша  экскурсия  жасап,  көз  жүгіртіп  өтсек,  онда  барлық  философиялық 
ғылымдардың  бесігі  болып  табылатын  Грекиядан  бастау  заңды.  Антикалық 
эстетика  ежелгі  грекиялық  және  римдік  мәдениеттің  құрамдас  бөлігі  болып 
табылады.  Антикалық  эстетиканың  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі  оның 
космологизмі.  Космологизм  деп  ғарыштық  үйлесімділік  пен  әсемдікті 
әлемнен  де  орын  алады  деген  көзқарастарды  айтады.  Көне  гректердің 
түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын 
өзіндік  жарастық,  үйлесімдік,  гармония  бар.  Сол  гармонияны  адам  өз 
әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. 
Соның  нәтижесінде  адам  әлемі  микрокосм.  Адамның  өнері  макрокосмға 
ұқсап  бағуынан,  еліктеуінен  туады.  Осылайша,  гректік  ойшылдардың  көбі, 
олардың  барлығы  деп  айта  алмаймыз,  өнер  табиғатын  мимесиспен 
байланыстырған. Эстетикалық категория тұрғысындағы «гармония» ұғымын 
тұнғыг  Пифагор  мен  оның  мектебінде  кездестіреміз.  Пифагор  үшін 
болмыстың  негізінде  жатқан,  сан  тікелей  гармонияға,  ішкі  үйлесімділікке, 


90 
 
өлшемділікке  сай.  Өнер  түрлері  үшін  де  әсіресе  музыка  өзінің 
гармониялығымен  адам  жанын  толғандырып,  ғарыштық  үйлесімдікті 
танытады.  Тіпті,  онымен  қоймай.  өнер  адам  жанын  да,  тәнін  де  ауру  кесел, 
бәлекеттерден  тазартады  деп  білген.  Осы  тұста  антикалық  эстетиканың 
келесі  бір  категориясы  катарсиске  тоқталып  кетейін.  Катарсис  (грек. 
«тазарту»)  адам  жаны  мен  тәнін  тазарту,  рухы  және  ағзалық  сергектену 
дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. 
Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру 
үшін  тазарту  жүргізу  әдістері  деп  қарастырған.  Нақты  медициналық 
мағынасымен  қатар  қатар  катарсис  эстетикалық  ұғым  деңгейіне  көтерілген 
сөз.  Антикалық  эстетикада  катарсис  адамға  өнердің  қалай  әсер  ететіндігін 
көрсету  үшін  пайдаланылған.  Онда  катарсис,  әсіресе,  музыка,  поэзия  мен 
трагедияны  адамның  рухы  мен  жанын  тазарту  жолындағы  маңызын 
білдірген.  Пифагор  және  оның  жолын  қуушылар  адам  жанын  кесапаттан 
тазарту  үшін  белгілі  бір  жүйемен  алынған  әуен,  музыканы  қолдану  жолын 
ұсынған.  Олардың  түсінуінше,  музыка  ғарыш  үндестігінің  жердегі  көрінсі 
болғандықтан  тек  жан  сарайын тазалап  ғана  қоймайды,  сонымен  қатар,  ағза 
ауруларынан  да  арылуға  әсер  етеді  деп  білген.  Платон  болса  катарсисті 
өнердің бір  түріне  ғана  емес,  жалпы  өнердің  өзімен  байланыстырады.  Оның 
айтуынша,  катарсис  жан  дүниені  нәпсілік,  ағзалық  ниеттен  арылту  деген 
мағынаға  ие.  Аристотель  де  катарсисті  өнердің  эстетикалық  пәрменді  әсері 
деп  танып,  әсіресе  трагедия  жанрының  адамның  қорқыныш  пен  қайғыға 
ортақтасу  сияқты  қасиеттерінің  нәтижесінде  жанды  бейқамдықтан, 
бойкүйездіктен  арылтады  деп  қарады.  «Калокагатия»  термині  өзінің 
амбиваленттілігіне 
(екіжақтылығына) 
байланысты 
этикада 
болсын, 
эстетикада болсын кең пайдаланылады. «Калокагатия» термині грек тіліндегі 
екі  сөздің  қосындысынан  шыққан.  Дәлме-дәл  аударатын  болсақ,  ізгі 
сұлулықты,  яғни  жан  сұлулығы  мен  тән  сұлулығының  үндестігін  білдіреді. 
Грек  мәдениетіндегі  калокагатия  мұраты  бекзаттық  тәрбиенің  негізін 
қалаған.  Сондықтан  да,  бала  өсіру,  тәрбиелеу  ісінде  гимнастикалық 
тәрбиемен  қатар  музыкалық  тәрбиеге  де  көңіл  бөлінген.  Яғни,  риторика 
(шешендік  өнер),  грамматика,  тарих,  поэзия  және  т.с.с.  басты  назар 
аударылған.  Эстетикаға  «калокагатия»  ұғымын  енгізген  Сократ  дана 
болатын. Шынайы сұлулық ізгі сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл 
Еуропалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет