Философиялық білімнің ерекшелігі мынада:
1)
құрылымы күрделі (онтология, гносеология, логика, т.б.);
2)
барынша жалпы, теориялық сипатта;
3)
ғылымдардың негізінде жатқан базалық, басты идеялар мен
ұғымдарға сүйенеді;
4)
көбінше субъективті-философиялық жүйелерімен, идеяларымен
қатар философтардың дүниетанымдарының таңбасы, ойлау ерекшеліктері де
қоса беріледі;
5)
объективті - білімдер мен құндылықтардың, өз заманының
адамгершілік идеяларының жиынтығы болып табылады, өз дәуірінің
ықпалына ұшырайды;
6)
таным объектілерін ғана емес, таным механизмдерін де зерттейді;
7)
рефлексия қасиетіне ие - ойдың өзіне-өзінің бағытталуы (нәрселер
дүниесімен қатар, білімнің өз-өзіне бағытталуы);
8)
өзіне дейінгі философтар жасаған доктриналардың әсер-ықпалына
ұшырайды;
9)
динамикалық сипатта - тоқтаусыз даму, жаңару үстінде болады;
10)
барынша жалпы ұғымдарға -
категорияларға сүйенеді;
11)
мәні сарқылмас терең;
12)
адамның (танушы субъекттің) танымдық қабілеттерімен шектелуі;
13)
логикалық тұрғыдан ешқашан біржола шешілмейтін «мәңгілік»
сұрақтармен айналысады (болмыстың жаратылуы, табиғаты, материяның
немесе сананың біріншілігі, тіршіліктің пайда болуы, жанның ажалсыздығы,
Құдайдың бар-жоқтығы, оның дүниеге әсері, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |