9
төзімділік, борыш идеяларын жоғары бағалайды, уағыздайды);
5)
компенсаторлық - адамның табиғат, әлеуметтік проблемалар, т.б.
жағымсыз сипаттағы басқа да факторлар алдындағы әлсіздігін,
қорғансыздығын басқа сипаттармен толықтырады;
6)
жүйелеушілік - адамдардың тәртіптері мен өзара қатынастарын
идеялар, нормалар, дәстүр, ритуал, құқық, мораль, қағидалар,т.б. арқылы
жүйелейді;
7)
мәдениет жалғастылығы - ұрпақтар арасындағы ой жалғастылығын
қамтамасыз етеді;
8)
интеграциялық, дезинтеграциялық - индивиттерді топқа немесе
әлеуметтік институттарға бөлу-біріктіру.
Философия - дүниетанымның ғылыми - теориялық түрі. Философиялық
дүниетанымның
діни
және
мифологиялық
дүниетанымдардан
айырмашылығы:
1)
нақты ұғымдар мен категориялардан құралады;
2)
қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;
3)
рефлексивті (ойдың өз- өзіне бағытталуы);
4)
қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді).
Осылайша
философия - рационалдылықпен,
жүйелілікпен
және
қисындылығымен
ерекшеленетін
дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.
Достарыңызбен бөлісу: