1.6 ХVІІ-ХІХ ғ. Қазақ ақын-жырауларының философиясының өзіндік ерекшеліктері. Синкретистік ойлауды ежелгі қазақтардаң өмір болмысынан көруге
болады. Дүниенің жаратылысы туралы, космос пен адам туралы, олардың
ара- қатынасы туралы, адамның дүниедегі орны, өмір сүру мақсаты
жазылмаған кітап болса да, заттар мен тіршілік әрекеттерінен айқын
аңғарылып тұр.
Өмірдің бастауын ғарыштан, табиғаттан іздейді және тарихи-мәдени
даму барысында өмір сүру тәсілі арқылы тылсым дүние мен табиғат
үйлесімділігін дәріптейді. Тылсым дүние мен әлемдік үйлесімділік
арасындағы мәңгілік байланысты қазақ мифологиясының мазмұн-сарынынан
анық байқаймыз. Барлық әлемдік мәдениет дүние жаратылуын Хаостан
(Ретсіздік) Үйлесімділік туған деп түсіндіреді. Қазақ аңыздарында, наным-
сенімдерінде де осы көзқарас көптеп орын алған. Мысалы, Қорқыт туралы
аңыз, Батырлар жыры дүниеде қарама-қарсылық бірлігін, даму
заңдылықтарын, өмір мен өлімнің ерекшелігін Ғарыштық тұтастық арқылы
бейнелейді.
Қазақ мәдениетінде Басқа дүние де, осы дүние де шындық және
құндылықтар бар деп санайды. О дүние өкілдерінің әрекеті мен істері, осы
дүние адамдарына жақын, әрі түсінуге мүмкіндік бар. Тотемдік, бақсылық
жоралардан екі дүние арасындағы байланысты көреміз.