Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Дәріс Дінге философиялық көзқарас



Pdf көрінісі
бет62/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

14 Дәріс Дінге философиялық көзқарас 
14.1. Дін ұғымы, мазмұны. 
14.2. Дін филосоиясының негізгі категориялары. 
14.3 Идеология және дін. 
14.4 Сакральдік. Сакральділік ұғымы. 
14.1 Дін ұғымы, мазмұны. 
Адамзат  тарихында  діннің  көптеген  түрлері  бар.  Олардың  барлығы 
адамның  толықсыздығынан,  толықсыздығынан  туындайды  және  жоғарғы 
құндылыққа жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Дін дүниені түсінудегі және 
қоғамның,  индивидтің  жоғарлауында,  өмірдің,  универсумның  мағынасын 
мойындаудағы  адамдардың  бірліктерін  бекітудегі  ең  бір  қажетті  форма. 
Гегель  дін  —  біздің  санамыздың  саласы,  онда  дүниенің  барлық  құпиялары 
шешілген,  терең  ойдың  барлық  қарсылықтары  жоққа  шығарылған,  ол  мәңгі 
ақиқат,  мәңгі  тыныштық,  мәңгі  бейбітшілік  саласы;  онда  барлық  халықтар 
өздерінің жетістіктерін және өмірлерінің рахатын көрген деп жазады. 
Дін  ұғымы  (лат. 
religio

лига 
сөзінен  шығады,  яғни 
байланыс,  бірлік

лига сөзінің аналогы болып санскриттегі 
йога
 сөзі табылады (бағытталу, күш 
салу).  Байланыс  ұғымы  шарттасқан,  бірлескен,  үздіксіз,  бүтіндік, 
қауымдастық,  т.б.  мағынаны  білдіруі  мүмкін.  Практикада  дін  ретінде  әрбір 
байланыс  түсіндірілмейді,  онда  рухани  байланыс  бірінші.  Байланыс  ішкі 
және  сыртқы,  кездейсоқ  және  қажетті,  мәнсіз  және  мәнді,  материалды  және 
материалды емес болады. 
Байланыс  феноменінде  үш  аспектіні  көрсетуге  болады:  материалды, 
энергетикалық, ақпараттық. Дінді ерекше байланыс деп айтқанда оның ішкі, 
қажетті,  мәнді,  заңды,  материалды  емес  ақпараттық-энергетикалық  бірлігін 
көрсетеді;  сонымен  бірге  діни  энергия  (күш)  өмірлік  белсендік,  рухани 
күштердің бостандығын  түсіндіреді. Дін рухани байланыс бола отыра өзінің 
материалдық  белгілерімен,  символдарымен,  әлеуметтік  ұйымдарымен 
қосымша  жүреді.  Сондықтан  діннің  ең  бір  жалпы  сипаттамасы  жалпы 


10

 
байланыс ұғымын керек етеді, бірақ негізгі болып тұрақты рухани байланыс 
табылады. 
Осы мағынасында ол жеке және ұйымдық махаббатқа, сүйіспеншілікке 
жақын.  «Құдай  ол  махаббат,  сүйіспеншілік»,  бұл  пікір  сенушілердің 
арасында көп тараған. Л. Фейербах махаббатта себепсіз жаратушы бастаманы 
қарастыруға  тырысты:  Сүйіспеншілік,  Махаббат  ол  Құдай.  Шынымен, 
сакральды  объектіге  діни  махаббат,  сүйіспеншілік  жалғыз  сенушілер 
арасында  таралады  (немесе  мен  ішіндегі  абсолютке).  Басқа  сенімдегілермен 
күресте  діни  адамдар  абсолютке  және  өздерінің  шіркеулеріне  деген 
махаббатты қолдауда көптеген күш жұмсайды. Махаббат амбивалентті және 
ол  қарама  қарсы  сезімге  де  айналуы  мүмкін.Махаббаттың,  сенімнің,  үміттің 
бір  біріне  өтуі  діни  жандылықтың  және  руханилықтың  динамикасын 
сипаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет