Сейітқали Меңдешев-1903 жылы Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл Бөкей ордасындағы ауылдарда мұғалім болып қызмет жасады. Осы жерде ол революциялық-насихаттық жұмысқа қосылып, саяси әдебиеттерді таратумен айналысты, құпия жиылыстар мен шерулерді ұйымдастыруға қатысты. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін ол тұтқынға алынып, Астрахан түрмесіне қамалды. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі жылдары Новая Казанка селосындағы Ревком ұйымына қатысты. 1917 жылдың қазанында С.Меңдешев большевик С.Генераловпен бірге Бөкей ордасында ашық революциялық үгіт жүргізді. Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының құлауы мен тарауына жағдай туғызды. 1918 жылы Бөкей съезінде губерниялық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды, ал 1919 жылы оның төрағасы болды.