Қорытынды: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жылдарында ата-бабаларымыз ұйымдасып қарсылық көрсетседе жеңіліске ұшырады. Жеңілі себебі бас көтерушілердің алдын-ала дайындықсыз және қару-жарақпен толықтай қамтамасыз етілмеген еді, көтерілістің жеңілуі заңды құбылыс еді. Көтерілісшілер бастауыш тобы ұлт зиялыларының қолдауына ие болмады. Қазақ интеллигенйиясы орыс империясының өзінің отаршылдық саясатын жүзеге жолында халықты қару күшімен аяусыз басып-жаншу әрекеті қолданатынын түсініп, елді бүлікшіліктен сақтандырды, көтерілістен бас тартуға шақырды. Бұл кезде елді тәуелсіздікке бастап егемендік мақсат-мұратқа жеткізетін саяси күш әлі де толық қалыптаспады. Сондықтан көтерілісшілер тарихи дәстүрмен хандықтар мен хандарды қайта құру әдісімен отаршылдыққа қарсы күресті. Бірақ бұл әдіс тарихтың жаңа мақсаттары мен мұраттарын іске асырмады. Көтеріліс жазалаушы отрядтардың күшімен басылды. Жігіттер еріксіз майдан жұмыстарына алынды.1916 жылғы көтеріліс сол тұста қазақ қоғамында феодалдық-пиатриархалдық қатынастардың әлі де болса күштілігін аңғарды. Дегенмен, 1916 жылғы көтеріліс нәтижесінде патша жарлығы жартылай ғана жүзеге асты, империялық саясаттың негізіне елеулі соққы берілді. Қазақтың ұлт-азаттық қазғалысы 1916 жылғы оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік құрылыстың жаңа заманға сәйкес түрін келесі 1917 жылға мақсат етіп қойды, сөтіп 1916 жылғы көтеріліс ұлт-азаттық күрестің жолайырық кезеңіне айналды.
9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы.
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл.
Тәнекеев С., Қарқара-Албан көтерілісі, А., 2002.
Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
10
Достарыңызбен бөлісу: |