Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы Ғ. Ж. Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ «Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері» кафедрасы «Электр аппараттары және өлшеу құралдары» пәні
Мамандығы: 5В071800 – Электроэнергетика
Орындаған: Асылбеккызы М.
Тобы: ЭЭк-19-24
Тексерген: оқытушы Мұсахан Д.
__________ _____________ «_____» ___________ 2021 ж. (бағасы) (қолы)
Алматы, 2021ж.
Жылулық ағытқышы және максималды ток ағытқышы бар автоматты ажыратқыштарді зерттеу
Жұмыстыңмақсаты: автоматты ауа ажыратқышымен танысу, оның шектен тыс жүктеу және қысқаша тұйықталу режимінде жұмыс жасауын зерттеу.
Қолданылатын жабдықтар:
«Сақтандырғыштар және автоматты ажыратқыштар» модулі;
«Автотрансформатор» модулі;
«Өлшеу» модулі;
«Секундомер және жарық сигналды арматура» модулі;
«Қорек» модулі;
байланыстыратын өткізгіштер. Зертханалық жұмысты орындау тәртібі:
Зертханалық жұмысты орындау үшін жеткілікті теориялық материалды оқу. Бақылау сұрақтарына жауап беру және оқытушыдан зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алу.
Сұлбаға сәйкес (9.1 сурет) автоматты ажыратқыштың электромагнитті ағытқышын зерттеуге арналған модульдерді электрлік байланыстыруды орындаңыз. Сұлбаны монтаждауды қорек сөніп тұрған кезде орындаңыз. Ток күшін «Өлшеу модулі» модулінің РА3 амперметрімен бақылаңыз.
Реттеу тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта тірелгенге дейін бұрау арқылы автотрансформатордың минималды шығыс кернеуін орнатыңыз. Автоматты ажыратқышты және «Қорек модулі» модулінің «Желі» дифференциалды ток ажыратқышін қосыңыз.
1 және 2 -нүктелерді байланыстыратын өткізгіш көмегімен жалғаңыз. TV1 автотрансформаторының көмегімен 3,5 А тізбегіндегі токты орнатыңыз. 1 және 2-нүктелердің байланысын алып тастаңыз.
QF1 автоматын қосыңыз. Автоматтың тез іске қосылуын бақылаңыз (электромагнитті ағытқыштың іске қосылуы). Автоматты ажыратқыш QF1іске қосылған ток мәнін Iорт(РА3) 9.1 кестеге енгізіңіз.
Автоматтың QF1салқындауын күтіңіз (5мин) және 5-тармақтағы жұмыстарды қайталаңыз. Экспериментті кемінде 5 рет орындаңыз. Өлшеу нәтижелерін 9.1 кестеге енгізіңіз.