Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата16.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#139613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Дәріс тарих
МЕК СҰРАҚТАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
 
 


19 
3 Азаматтық-саяси қайшылықтар 
 
1 Қазан төңкерісі және Қазақстан азаматтық қарсыласу кезеңінде (1918-
1920 жж). 
2 Қазақ АКСР-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына 
біріктірілуі. 
3 Қазақстан жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) жылдарында. 
Дәрістің мақсаты
: Қазан төнкерісінен кейінгі кеңес өкіметінің 
орнатудың ерекшеліктері, мәні, саяси күштердің тартысы, зардаптары мен 
елдің 
шаруашылығының 
күйзелуін 
көрсету. 
Кеңестік 
Қазақстан 
республикасының құрылуы күрделі жағдайда жүзеге асқандығын зерделеу.
Дәрістің мазмұны: 
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы барысы 
талданып, кеңестік биліктің азаматтық қарсыласу жылдарындағы қызметі мен 
экономикалық саясаты, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы іс-
шаралары және Қазақ АКСР-нің құрылуы мәселелері қарастырылады.
1. 1917 жылдың басындағы Ақпан революциясының нәтижесінде патша 
тақтан құлап қос үкімет орнаған болатын. Бір жағынан негізгі буржуазиялық 
уақытша билік орнаса, оған балама жұмысшы, солдат және шаруа 
депутаттарының Кеңестері күш ала бастады. 
Өкінішке орай 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық 
революциясының нәтижесінде орнаған Уақытша үкімет халықтың мұң-
мұқтажын толық шеше алмады. Ұлт мәселесі, отарлық езгі, жер мәселесі мен 
әлеуметтік қанаушылық өз шешімін таппады, патша үкіметінің заңдары өз 
күшінде қалды. Қазақ өлкесіндегі шұрайлы-шүйгін жерлер казак-орыс 
иеліктерінде қалса, әлеуметтік артықшылықтар кулактардың, бай-
шонжарлардың қолында болды.
1917 жылдың жаз айларынан бастап барлық өлкеде еңбекші халықтың 
басым көпшілігі большевиктерді қолдай бастағаны белгілі. Жұмысшы-
шаруалардан құрылған Кеңестердің ықпалы күшейді. «Бүкіл өкімет 
Кеңестерге берілсін!» деген ұран қарулы көтеріліске жетелеп, Уақытша 
өкіметті құлатуға шақырды.
1917 жылдың 24 қазанында Петроградта қарулы көтеріліс басталып, 
жұмысшы-солдаттар жасақтары стратегиялық нысандарды басып алады. Ал, 
25 қазан күні Уақытша өкімет құлатылды. Нәтижесінде большевиктер 
партиясы Ресейде Кеңес билігін орнатады. Олар халықты өздеріне қарату 
мақсатында «Жер туралы», «Бейбітшілік туралы», «Ұлттардың тәуелсіздігі 
туралы» декреттерді жариялады. Қазақстанда Кеңес өкіметі екі жолмен 
орнады. Қазақстанның өндірістік аймақтарында 
бейбіт түрде,
ал казактар 
шоғырланған өлкелерде 
қарулы күшпен
орнады.
1917 жылдың қазан айынан бастап, 1918 жылдың наурыз айына дейін 
Кеңес өкіметі Қазақстанның ірі елді мекендері мен қалаларында орнаса, 
ауылдар мен селолық жерлердің басым көпшілігінде бұл үрдіс азамат соғысы 


20 
басталғанға дейін созылды. Қазақ өлкесінде Кеңес өкіметін орнату жолында 
Ә. Жангелдин, О. Жандосов, Т. Бокин, С. Сейфуллин, Ә. Майкөтов, А. 
Асылбеков, А. Иманов, Т. Рысқұлов, П. Виноградов, Л. Емелев, Я. Ушанов, Ә. 
Айтиев, Т. Өтепов, А. Розыбакиев тағы да басқалары белсенді қатысты.
Кеңес өкіметі Перовскіде (Қызылорда) 1917 жылдың 30 қазанында, 
Шымкент қаласында қараша айында, Түркістан, Әулиеата, Қазалы жерінде 
желтоқсан айында орнады. Петропавлда жұмысшы-шаруа депутаттары Кеңесі 
темір жол жұмысшыларымен бірлесе отырып, 1917 жылдың 12 қарашасында 
өз билігін орнатты, ал Өскемен, Семей, Атбасар, Көкшетау, Павлодар жерінде 
Кеңес өкіметі казак-орыстар мен билеуші топтардың қарсылығына тап болып, 
қиыншылықтарға кездесті. Семей өлкесіндегі Кеңес өкметі 1918 жылдың 
ақпанының 17-де орнады.
Торғай, Қостанай, Ақтөбе жерлерінде Кеңес өкіметі 1917 жылдың 
желтоқсанынан 1918 жылғы наурыз айының аралығында орнады. Жетісу 
өңіріне келсек, Кеңес өкіметін орнату қарсы күштердің басымдылығына 
байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды.
1918 жылдың наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда әскери-
төңкеріс комитеті басқаруымен жұмысшылардан құрылған «Қызыл ұлан» 
жасақтары және большевиктік әскери полктің жауынгерлері еңбекшілердің 
қолдауына сүйене отырып, пошта-телеграф, қару-жарақ қоймаларын, 
маңызды нысандарды басып алып, Кеңес өкіметін орнатты. Наурыз айында 
Жаркент, Аякөз, Талдықорған, ал сәуірдің бас кезінде Лепсіде Кеңестік билік 
орнатылды.
1917 жылдың 15-22 қарашасында болған Ташкентте өткен өлкелік съезд 
Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі орнағанын атап өтті. Оның құрамында 
14 адам болды. Бірақ құрамында бір мұсылман өкілдері болған емес. 
Большевиктердің жергілікті халыққа деген сенімсіз бұл әрекеті 1917 жылдың 
22 қарашасында Қоқандта Бүкілтүркістандық Төтенше IV съездің ашылуына 
алып келді. Съездің шешімімен оның төрағасы болып алғашқы кезде 
Мұхаммеджан Тынышпаев сайланса, кейін Мұстафа Шоқай сайланды. 
Түркістан аумақтық жағынан Ресей Федерациясының құрамындағы 
Автономиялық Республика болып жарияланды. Түркістан Уақытша Кеңесі 
құрамында 32 адам болды. Мұны Түркістан автономиясы немесе орыстар 
айтқандай «Қоқанд автономиясы» деп атады. 1917 жылдың қарашасында 
Түркістан автономиясын жақтаған мұсылмандардың үлкен халық шеруі 
болды. Алайда большевиктер үкіметі Ташкент қаласындағы Қызыл Армия 
бөлімінің әскерлеріне сүйене отырып, түркі халықтарының бірігуінен 
қорыққан олар 1918 жылдың қаңтар айында Түркістан автономиясын 
құлатып, аяусыз басып жаншыды.
Осылайша, 1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына 
дейінгі аралықта Кеңес өкіметі Қазақстанның басым көпшілігінде орнатылды. 
Ресейде басталған Азамат соғысы Қазақстанды да шарпып үш жылдан 
аса уақытқа созылды. Осы соғыста 8 млн. жуық адам опат болды.


21 
1918 жылдың мамырында Қиыр шығыста чехословак корпусы бүлік 
шығарды. Олар Сібірдің, Оралды, Орта Волганың, Солтүстік-Шығыс 
Қазақстанның бірнеше қалаларын басып алды. Мамыр айында Петропавл, 
маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанай басып 
алынды. Олар кеңес қызметкерлерін өлтіріп, елді мекендерде озбырлық, 
айуандық әрекеттер жасайды. К. Сүтішев, И. Дубинин, Ғ. Ыдырысов, П. 
Шугаев сияқты Кеңес қызметкерлерін азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің 
төрағасы Я.Ушаковты кеменің оттығына жағып өлтіреді.
1918 жылдың маусымында Дутов Орынборды басып алды. Осыдан 
кейін 1918 жылдың жазында Шығыс майдандағы қиыншылықтарға 
байланысты 2 маусымда Қызыл әскер бөлімдері Орынбор қаласынан кейін 
әскерлерге Ташкент, Қазалы, Қызылорда, Шымкент, Әулиеата т.б. қалаларда 
құрылған халық жасақтары көмекке келіп, соның негізінде Жетісу, Орынбор, 
Орал, Батыс Қазақстанда әскери бөлімдер құрылды.
Алайда кеңес үкіметінің жергілікті мұсылман халықтардан құралған 
бөлімдеріне сенімдері болмады. Соғысқа адам алу алғашқы уақытта еріктілік 
негізінде жүргізілді. Артынан міндетті болып есептелінеді. 1918 жылдың 
қараша айында жауынгерлерді ұлттық белгі бойынша құру туралы жарлық 
шықты. 1918 жылдың соңы мен 1919 жылдың басында Торғай және Ырғызда 
Ә. Жанкелдин мен А. Иманов бастаған екі атты әскер эскадроны, 
пулеметшілер тобы жасақталды. 1918 жылдың күзінде Бөкей Ордасында 
тұңғыш қазақ атты әскер полкі құрылды.
1919 жылдың басында Ә. Жанкелдин бастаған экспедиция майданға 
Мәскеуден көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізеді. Ақтөбе майданының 
әскери күші 1919 жылдың 22-ші қаңтарында Орынборды, 26-шы қаңтарда 
Орал қаласын азат етті. М. Фрунзе басқарған әскер Қазақстанның солтүстік 
өңірінде, В. Чапаев бастаған әскер оңтүстік-батыс аудандарда сәтті соғыс 
қимылдарын жүргізіп, Колчак пен Деникин әскерлерінің қосылуына жол 
бермеді. 1919 жылы Ә. Жанкелдин мен А. Иманов Торғайда Кеңес өкіметін 
қалыпқа келтірді.
Атаман Дутовтың, Аннековтың іс-әрекеттері халықты партизандық 
соғысқа итерді. Олардың саны 10 мыңға дейін жетті. Қостанай өңірінде 
Боровский ауданында 25 мың партизандар болды. Атбасар уезінде Мариновка 
селосы партизандық қозғалыстың орталығы болды. Оны Ирченко басқарды. 
Ақмола, Семей жерлерінде партизандық күрес өрістеп, Жетісу майданының 
солтүстік-шығыс бөлігінде 1919 жылдың қазан айының ортасына дейін ақ 
гвардияшыларға күрес жүргізіп, негізгі орталығы Черкасское ауылы болды.
Шығыс майданның Солтүстік және Оңтүстік топтары болды. Оңтүстік 
топты М.В. Фрунзе басқарды. Олардың әскерлері 1919 жылдың мамыр 
айында Уфаны, ал жазында Челябіні азат етті. Осының нәтижесінде 1919 
жылдың қыркүйегінде Ақтөбе майданы жойылды. Колчак армиясының 
жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының 
жойылуына әкелді. Осыған сәйкес Түркістан майданының әскери бөлімдері 
Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, Кеңес үкіметіне қарсылықты тез арада басты.


22 
Бұл орайда «Алтайдың қызыл тау қырандары» ерекше көмек көрсетті. 
Нәтижесінде 1920 жылдың басында Жетісу майданы жойылды.
Азамат соғысы жылдарында ел экономикасын соғыс жағдайына 
ыңғайлап қайта құру және майданды толық қамтамасыз ету мақсатында 
төтенше шара: «Әскери коммунизм саясаты» енгізілді. Оның негізгі белгілері: 
азық-түлік салғырты, жеке саудаға тыйым салу, азық-түлікті теңгерме 
ұстанымы бойынша бөлу, ірі және орта және ұсақ өнеркәсіпті мемлекет 
меншігіне көшіру, еңбек міндеткерлігі, басқаруды орталықтандыру, бірыңғай 
мемлекеттік бюджет құру. Азық-түлік салғыртының мәні: ауылшаруашылығы 
өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі 
міндеттелді. Оны іске асыру жолындағы асыра сілтеушілік, солақайлық саясат 
кең орын алғаны да белгілі. Соғыстың аяқталуы барысында жүргізіліп 
отырған бұл саясат Кеңес өкіметіне деген сенімді азайтып, халықтың 
наразылығын тудырды. Аяғы көтерілістерге ұласты. Сондықтан ол 1921 жылы 
«жаңа экономикалық саясатпен» (ЖЭС) алмастырылды.
2. Азамат соғысы жүріп жатқан кезде Алаш қайраткерлерінің 
жариялаған Алаш автономиясы негізінде таңдаулы қазақ зиялыларының 
жанпида қызметінің нәтижесінде Қазақ мемлекеттігін құру туралы мәселе 
жүзеге асты. Большевиктер Қазақстанда өз билігін баянды ету мақсатында 
1919 жылдың шілде айының 10-да Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі 
революциялық комитет құру туралы декретке қол қойылды. Онда Қазақ 
революциялық комитеті өлкенің ең жоғарғы әскери-азаматтық басқармасы 
ретінде құрылады делінген. Оның территориясына мынадай аймақтар енді: 
Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аймағы, Орал, Торғай, Ақмола, 
Семей облыстары қарады. Басшысы болып С. Пестковский тағайындалды. 
Оның құрамында: Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынов, М. Тұнғаншин, С. 
Меңдешев, Б. Қаратаев, М. Сералин, С. Сейфуллин тағы басқалар болған. 
1919 жылдың 19 қыркүйегінде Орынбор Қазақстанның орталығы болып 
белгіленгенде оған Орал және Торғай облыстары қараған болатын. Сібір 
үкіметі Семей, Ақмола облыстарының Қазақстанға қосылуына қарсы болды.
Нәтижесінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет