Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет2/34
Дата16.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#139613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Дәріс тарих
МЕК СҰРАҚТАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
 
 
Алғы сөз 
 
Тарих - үздіксіз дамып отыратын ғылым. Тарихи тәжірибеден оқып-
үйрену тарихи сананы, мәдениетті, дәстүрлерді, ұрпақ сабақтастығын 
жалғастырып, болашақты болжап, өткенді саралауға, бүгінгі оқиғалардың 
шешімін табуға, ертеңгі күннің бағыт-бағдарын қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. Ол адамның өркениет дамуын ой-талғамынан өткізіп, қазіргі жаһандық 
мәселелерді шешудің негізі.
Тарихи білім студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуында, ұлттық 
мәдениетті сіңіруге және дүниежүзілік мәдениеттің дәстүрлерінен сусындауға, 
көпұлтты әрі түрлі діни бағыттағы қоғамда өмір сүруге бейімдейді. 
Адамзат тарихының тәжірибесі, Қазақстан халқының ұзақ жылдар жүріп 
өткен тарихи соқпағы қарыштап дамыған ақпараттық кеңістікте жаңа 
қоғамның дамуы туралы білім болашағымызды айқындауға тигізер пайдасы 
орасан.
Дәрістер жинағында отан тарихының ХХ ғасырынан бастау алатын 
бүгінгі күнге дейінгі маңызды оқиғалары: орыс патшалығының отарлау 
саясаты, Бірінші дүниежүзілік соғысынан туған әлеуметтік төңкерістер, қазақ 
халқының ұлт-азаттық көтерілісінің қайнар көздері, кеңестік тоталитарлы 
жүйенің қалыптасуы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың 
ерлігі, дамыған социализм тұсындағы қоғамының даму ерекшеліктері 
қаралады. Тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономикасының қалыптасу 
тарихы зерделенеді. Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы 
саясатының негізгі бағыттарына айрықша көңіл бөлінген.
Қазақстан тарихының қазақ елінде оның халқының, ата-бабасының, 
барлық этностар мен халықтардың өткені мен бүгінгі өмірі, оны оқып-
үйренудің 
жастар 
тарихи 
санасын 
қалыптастырудағы, 
Қазақстан 
патриотизміне тәрбиелеудегі орны ерекше. Бұл мәселе Қазақстан 
Республикасы Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-
2050» халыққа жолдауындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет