Коммерциялық


Саны көп тәуелсіз бақылаулары бар тура өлшеулердің нәтижелерін өңдеудің стандартты әдістемесі



бет4/21
Дата14.04.2023
өлшемі1,98 Mb.
#174468
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Лабы все каз МССУК

Саны көп тәуелсіз бақылаулары бар тура өлшеулердің нәтижелерін өңдеудің стандартты әдістемесі


Бұл әдістеме мемлекеттік стандарт кепілдемелеріне сәйкес болып табылады. Әдістеме бойынша бақылау қатарын өңдеу келесі тәртіппен өткізіледі [4]:


а) бақылау нәтижелерінен белгілі жүйелік қателерін алып тастайды;
б) жөнделген бақылау нәтижелерінің орта арифметикалық өлшемін есептеп, оны өлшеу нәтижесі ретінде қолданады;
в) бақылау нәтижелерінің орта квадратты ауытқуының бағасын есептеу; г) өлшеу нәтижелерінің орта квадратты ауытқуының бағасын есептеу;
д) өрескел қателіктері мен мүлт кетулерін бақылау нәтижелерінен алып тастау;
е) өрескел қателіктері мен мүлт кетулері бар болатын болса, оларды жойғаннан кейін б)-г) әрекеттерін қайталау;
ж) бақылау нәтижелері қалыпты таралу заңына сәйкес деген гипотезаны тексеру;
и) өлшеу нәтиже қателігінің кездейсоқ құрамдас бөлігінің сенімді шектерін есептеу;
к) өлшеу нәтиженің жойылмаған жүйелік қателігінің шектерін есептеу; л) өлшеу нәтиже қателігінің сенімді шектерін есептеу;
м) өлшеу нәтижесін орнатылған тәртіп бойынша көрсету.


    1. Өлшеу нәтижелерін көрсету түрі


Шаманың өлшеу жолымен табылған мәнін өлшеу нәтижесі деп атайды. Өлшеу нәтижесін көрсеткенде әрқашанда оның орындалу қателігін (дәлдігін) көрсету керек. Жоғары дәлдікке қателіктердің кіші мәндері сәйкес болады, осы жағдай дәлдіктің сапалы түсініктемесін көрсетеді. Дәлдікті сан жағынан бағалау үшін бірсыпыра критерийлерді қолданады. Жиі қолданылатын дәлдік бағасы келесідей болады: өлшеу дәлдігі берілген ықтималдықпен өлшеудің қосынды қателігі орналасқан интервалымен анықталады. Сонымен бірге өлшеу нәтижелерін көрсету түрі келесі өрнекпен анықталады

мұндағы
Х = Хөлш  


; Р, (1.1)

Хөлш – өлшенетін шаманың бірліктерімен көрсетілетін өлшеу нәтижесі;
Δ - өлшенетін шаманың бірліктерімен анықталатын қосынды
абсолютты қателіктің шектерімен көрсетілген ықтималдық интервал;
Р – сенімді ықтималдық.
Энергетиканың технологиялық процестерін автоматтандырылған басқару жүйелерінде өлшеулердің дәлдігін бағалағанда нәтижелерді көрсетудің осы түрі негізгі болып таңдалынған.
Өлшеу нәтижелерін рәсімдегенде келесідей өлшеу нәтижелерін дөңгелектендіру ережелерін қолдану керек [3]:
а) өлшеу нәтижесін дөңгелектедіру Δ қателік мәнін дөңгелектендіруден басталады;
б) егер де Δ қателік мәнінде бірінші маңызды цифрі 1 немесе 2 тең болса, оның мәнінде екі маңызды цифрді қалдырады: осы маңызды цифрдің өзі және содан кейінгісі; егер де Δ қателік мәнінде бірінші маңызды цифрі 3 тең немесе одан үлкен болса, оның мәнінде осы цифрді қалдырады; қалған цифрлер жойылады,  мәні арифметика ережелерімен дөңгелектендіріледі;
в) Хөлш өлшеу нәтижесіде дөңгелектенген Δ қателігінің мәніндегі төменгі разрядына дейін (арифметика ережелерімен) дөңгелектендіріледі;

г) алдынғы есептеулерді артық бір-екі цифрлермен орындауға болады, дөңгелектендіру тек қана соңғы нәтижесінде жасалады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет