Картотека № 20
«Кімге не керек?»
Мақсаты:Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.
Ойын шарты: суреттегі мамандықтарты атау және оларға жұмыс барысында қандай құралдар керек екеннің табу.
Картотека № 21
«Қайдан сатып алуға болады?»
Мақсаты: Азық - түлік, көкөніс, жеміс - жидек атауларын еске түсіру мен оларды ажырату білу .
Алма, нан, сүт, ірімшік, қияр, пияз, орамжапырақ, таңқурай, бүлдірген, құлпынай, май, қаймақ, шұжық, алма, жүзім, алмұрт, сәбіз, қызылша
Азық – түлік дүкені
көкөніс дүкені
жеміс - жидек дүкені
Ойын шарты:
Әр тағамды өз дүкеніне орналастыра алады.
Мысалы: Мен әжеммен азық-түлік дүкеніне бардым. Әжем нан, май, сүт, ірімшік сатып алды. Кейін біз көкөніс дүкеніне бардық.
Онда біз орамжапырақ, қартоп, қияр, қызанақ сатып алдық.
Достарыңызбен бөлісу: |