Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


-эссе: Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз



Pdf көрінісі
бет21/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

21-эссе: Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз. 

Қазақ халқының əәншілік, ақындық өнерін биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі – Біржан сал 

Қожағұлұлы. Ол ең əәуелі, ақын. Ақын деп кімді айтамыз? Өлең, терме, толғау, жыр-дастандарды 

өз ойынан ауызша немесе жазба түрде шығаратын қабілетті, табиғи дарын иесін ақын дейміз. 

Жұртына сөзі жағып, талантын мойындағанда, еліне ерекше еңбегі сіңгенде ғана мұндай құрметті 

атақты халық береді. Біржан- сол өлең мен жырды қастерлеген халықтың ішінде жүзден жүйрік, 

мыңнан тұлпар болып шыққандардың бірі. 

Қазақ поэзиясы мен өнерінің тарихында алатын орны ерекші даңқты халық композиторы, асқан 

əәнші, дарқан ақын Біржан салдың есімі мен тамаша шығармалары қалың бұқараның сүйіспеншілік 

құрметіне бөленіп,бүгінгі түрі ұлттық, мазмұны социалистік жаңа мəәдениетіміздің сарқылмас 

асыл қазынасына айналып отыр.  Біржанның композиторлығы, əәншілігі,ақындығы өзінің 

замандастарын қандайлық қызықтырып баурап алатын болса, қазіргі ақын-жазушы, əәнші-

композиторларды, жалпы мəәдениеттік қауымды соншалық қызықтырып əәкеткендігінің куəәсіміз. 

Оның асқақ үнге, терең де нəәзік лиризмге толы тамаша əән өлеңдері мен жырлары, айтыс өлеңдері 

мен тапқыр сықақтары өз заманындағы, өзі өскен қоғамдық ортадағы күрделі əәлеуметтік, ізгі 

адамгершілік мəәселелерді тербеніп толғайды. Демек, Біржанның ақындық шығармалары өзінің 

өмірлік сыр-сипаты жағыннан қазақ əәдебиетінде бұқарашыл, прогресшіл тенденцияға саяды. Өлеңі 

əәніне сай, поэзиялық қуаты мол бұл шығармалардың əәрқайсысы Біржан өмірінен, сол дəәуірдің 

шындығынан хабар береді. Оның өмірінің соңғы сəәттерінде айтқан өлең шумақтарының орны 

бөлек. Өмір бойы ел кезіп, сауық құрып үйреніп қалған Біржанды алпыстан асқан шағында ағайын-

туыстары «қартайдың, үйде отыр» деп ауылдан алысқа шығармайды. Тіпті үйден де шығармауға 

тырысады. Тіпті «жынданды» деп керегеге таңып тастаған кездері де болады. Біржан салдың 

қайғылы халі, ішкі зары бүкіл достарын есіне түсіріп, өлімнің жақындап қалғанын сезгендей ішкі 

улы шерін əәнімен айтады.  Осы жағдай оның «Теміртас» өлеңінде толық баяндалады. 

Сонымен Біржанның ақындығы, əәншілігі, композиторлығы біздің мəәдениет жұртшылығымызға 

толық танылған, жаға социалистік мəәдениетіміздің сарқылмас асыл қазынасына айналғаны 

тарихи шындық. Тарих қайталанбайды, өмір өз заңымен ілгерілей бермек, жаңа қауым өзінің жаңа 

өнерін жасайды. Жаңа өнер дамыған сайын Біржан сияқты ардагер ақын, өнерпаздың 

шығармалары, ұмытылмас абзал бейнесі бізден аластамайды, əәрқашан қасымызда күмбірлеп күй 

тартып, шырқап əән салып, сырласып, мұңдасып, əәзілдесіп күліп-ойнап, мəәңгі бірге жасамақ. 

 

 

 

 

 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет