Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы



Pdf көрінісі
бет26/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

26.М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы 

ма, əәлде даттаушы ма? 

     "Бақытсыз Жамал" романы - қазақ əәдебиетіндегі тұңғыш рет роман жанрында анықтама алған 

туынды. Бұл шығармаға арқау болған XX ғасырдың басында қазақтың кез келген ауылында, кез 

келген шаңырағында өтуі мүмкін, əәркімге таныс ортақ сипаттары бар жалпылық мəәнді жайттар. 

Романның негізгі мəәселесі сол замандағы Жамал сияқты қыздардың тағдырын, сонымен қатар 

өмірдің құбылыстарын қамту. 

      Туындыдағы үстемтап өкілдерін жазушы автор ретінде даттаушы деп білемін. Себебі, 

шығарма тақырыбының өзінде Жамалдың бақытсыз екені көрсетілген. Сонымен қатар, билік үшін 

қыз тағдырын аяқ асты ету, оның ішкі сезімдерімен санаспау, бір-бірі үшін жаратылған екі 

жасты айыру оқиғаны шиеленістіре түседі. 

        Романның сюжетіне тоқталатын болсақ, ең алдымен Жамалдың бақытсыздығы əәкесі 

Сəәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуынан басталады. 

Содан кейін қыздың өмірінде əәртүрлі оқиғалар мен азапты күндері, бір-бірімен сабақтасып, 

махаббат жолындағы күресі суреттеледі.Қаншама тосқауылға төтеп беріп, қиын кезде қасында 

болған жақын адамының дүние салуы Жамалдың еңсесін түсіріп, жасытады. Ол жалғыз 

қалғандықтан, еріксіз Байжанның босағасын аттап, сол шаңырақта зорлық көреді. Ақыр аяғында 

өмірдің қиын да ащы өткелдерінен өткен бақытсыз қыз боранды түнде адасып, қайғылы 

махаббаттың уын ішіп өмірден өтеді. Міне, шығарма желісі бойынша жағымсыз кейіпкерлерді 

даттау автордың басты қалам тартқан түпкі ойы деп есептеймін. 

     ХІХ-ХХ ғасырларда халқының қамы үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер Міржақып 

Дулатовтың өмірлік мақсаты - алаштың азаттығы мен отарлық езгіден құтылуы болса, роман 

жазудағы мақсаты - қазақ қыздарының еркіндігі мен адамның өзін-өзі билеуі. Сонымен қатар, сол 

уақыттағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дəәстүр мен мінез-құлқын, кемшіліктері мен 

өр қылықтарын баяндайды. Қазіргі заманмен салыстыратын болсақ, ақынның өмірлік мақсаты да, 

романдағы мақсаты да орындалды. Бүгінгі таңда қазағымыз тəәуелсіз, оған ешбір мемлекет билігін 

жүргізе алмайды. Сол сияқты қыздарымыз да өз-өзін билей алады, бейбіт заманда оларға ешкім де 

зорлық көрсете алмайды! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет