|
М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімгеБайланысты: Esse - zharatylystanu ba 1171 yty42.М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге
қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
Өмірдің мəәні мен сəәні болған махаббат тақырыбын сөз етпеген ақын кемде кем
шығар.Соның бірі қара өлеңнің хас шебері – Мұхтар Шаханов. Оның қаламынан
туған «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кез келген жастағы адамға ой саларлық үлгіде
жазылған деп ойлаймын. Сондықтан да, бұл шығарманың өзектілігі ғасырлар өтсе
де, жойылмақ емес.
Автордың: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады, - деген ойы – ғашықтық сезіміне
берген бағасы деп білемін.
Ақын сезімнің шырғалаңына түсіп қалған жас қыздың оқиғасын өлеңіне арқау
ете отырып, ғашықтық сезімнің құдіретін жеткізіп көрсетеді.Өлеңде ақын
ғашықтық сезімнің құдіретін неге ашып көрсетті? Кейінгіге үлгі боларлық құнды ой
түйінін бергісі келгендіктен деп ойлаймын.
Ақынның: Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді. «Жыға алмайды оны
жұрттың өсегі. Бұған дəәлел - құдіретті "Қорлан" əәні кешегі- деуі ақынның адамзат
атаулының өмірінде болатын қасиетті сезімге ара түсуі сияқты көрінеді.
Ақынның айтар ақылымен нақылы да осы Қорлан əәнімен бір арнаға тоғысады.
Автор елу бір жыл ғашықтықтың азабын тартқан Естай ақынды негізге ала
отырып, оның махаббатқа адалдығымен достықты қадірлеген ізгі жан екенін
айтады. « ...Ғашық болып өлу қандай мəәртебе» деген жолынан Тірі күнінде қолы
жетпеген арманын мəәңгілік ұйқыға кетер алдында да бір сəәт есінен шығармай көз
жұмудың өзі жұмыр басты пендеге мəәртебе екендігін мен де мойындаймын.
Ғашықтық сезім дегенде , өз басым аманатқа қиянат жасамау деп
ұғамін.Себебі, нағыз ғашықтар бір-біріне уəәде береді, серттеседі.Міне, осы жағдай
ақынның өлеңінде де белең береді. Естайдың елу бір жыл қолында шабыт берген
жүзігін өзімен бірге жерлеуін досына тапсырады.Міне, осы тұсы нағыз ғашық
жүректің сертке беріктігін көрсетпей ме?
Қорытындылай келе, ақын жүрегінің ғашықтық сезімін осынша шабытпен
жырлауының себебі , сүю бақытының кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт екендігін
түсіндіруінде деп ойлаймын.Сондықтан да, ғашықтық сезімнің қадіріне тіріде жете
берейік дегеім келеді.
|
|
|