Компьтерлік желі туралы түсінік тағайындалуы. Компьютерлік желілерінің классификациясы. Интернет. Компьютерлік желі


Классификациясы. Территориалды таралуы бойынша



бет2/3
Дата30.05.2020
өлшемі26,49 Kb.
#71693
1   2   3
Байланысты:
Компьютерлік желілері туралы түсінік

Классификациясы. Территориалды таралуы бойынша:

  • PAN (Personal Area Network) — персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.

  • LAN (Local Area Network) — жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді — радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.

  • CAN (Campus Area Network — кампустық желі) — жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.

  • MAN (Metropolitan Area Network) — бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.

  • WAN (Wide Area Network) — глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы — пакеттер коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі компьютерлік желілер өзара "сөйлесе" алады. Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет көрсетуге бағытталған болып табылады.

«Корпоративті желі» термині әдебиетте сонымен қатар бірнеше желілерді біріктіруді анықтау үшін қолданылуы мүмкін, ал ішкі желінің әрқайсысы түрлі техникалық, бағдарламалық және ақпараттық принциптерге негізделіп құрылған болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет