Қорыта айтқанда, білім беру мақсатындағы компьютерлерді қолданып электрондық құралдарды жасаудың мақсаты жұмыстың танымдық дағдысын ғана емес, іс-тəжірибелік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мұндай құралдар оқытушылардың еңбегінің өнімділігін айтарлықтай өсіреді жəне оқушылардың тобы да көбейеді.
Білім берудің негізгі элементі болып танымдық қызметті дамытудың басты факторы студенттің өз бетімен жұмыс жасауы болып табылады.
Студенттің оқу материалдарын өз бетімен белсенді жəне мақсатты түрде игеруі студенттердің өзін-өзі басқару мен бақылаудың қалыптасуы оқу қызметінің негізгі жəне жетекші формасы ретінде қарастырылады.
Осыдан үш жүз жылдан астам бұрын көрнекі педагог Я.А.Коменский оқушылар аз оқып, көп білетін дидактика əдісін табуды армандаған болатын. Коменскийдің негізгі ойы оқушылардың өз бетінше оқуына күш салу болатын, өйткені ең тəжірибелі деген оқытушының өзі оны алмастыра алмайды. Бұл мəселемен таныстығын қазақстандық ғалымдар жаңа оқыту технологиялары, қашықтан оқыту əдістемесі негізінде айқын көрсеткен.
Пайдаланған әдебиеттер
Қолданылған әдебиеттер: 1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика» Астана 2007ж.
С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы педагогика» Алматы, 2011
Денисова А.Л. Микро-ЭВМ в системе самостоятельной работы студентов: Автореф. канд. дис. — М., 1992. — 29 с.
Полякова Л.Н. Новые информационные технологии как средство обучения в решении управленческих задач // http://www.svuven.ru