Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлеке
Байланысты: Оқу бағдарламаларын, оқу материалдарын және оқу қызметінің түрлерін, оның ішінде АКТ, қашықтықтан оқыту
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу – тәрбие жұмысының табысты өтуі, материалдық-техникалық базасына тығыз байланысты. Олардың қатарына оқу кабинеттерін, лабораториялардыжәне полигондарды жатқызады. Сондықтан да олардың құрамындағы жабдықтарды оқу жабдықтары деп атаймыз. Дегенмен, осы кезге дейін бұл трминнің пайдаланылуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір кезде оқу жабдықтарына мебельдерді, көрнекі оқу құралдарын, лаборатория жабдықтарын жатқызса, ал кейбір жағдайда «оқу жабдықтарыә» деген терминмен «оқу құралдары» терминнің синоним ретінде қарастырылады.
Көпшілік зерттеушілер кейінгі кезде оқу жабдықтарына оқыту құралдарынан бөлек, техникалық оқыту құралдарын, мебельді және ұрылғыларды жазып жүр. Сондықтан да оқу жабдықтары – оқушылардың оқу процесіндегі іс-әрекетіне көмеектесетін, мұғалімнің кейбір жұмыстарын жеңілдететін материялдық құралдар десек те болады.