Байланысты: Оқу бағдарламаларын, оқу материалдарын және оқу қызметінің түрлерін, оның ішінде АКТ, қашықтықтан оқыту
Оқу жоспары оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, матема-тика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар.
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.