Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату



бет2/3
Дата09.12.2023
өлшемі416,75 Kb.
#196008
1   2   3
Байланысты:
1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату

Мәтіналғы/Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.
Сканерлердің негізгі екі түрі болады:
· - Қол сканері
· - Планшетті сканер
Қол сканерлері қазіргі супермаркеттерде қолданылып жүрген штрих-кодты оқитын сканерлерге ұқсайды. Бұндай сканерлерді пайдаланып ақпаратты компьютерге енгізу үшін оны қолмен ұстап отырып, қағаздың үстімен өткізіп шығу керек. Планшетті сканерлер кәдімгі ксероксқа ұқсайды: бұндай сканерлердің қақпағы ашылып, ішіне қажетті сурет немесе мәтін орналастырылады да сканер өзіне қажетті ақпаратты көшіріп алады. Планшетті сканерлердің барлығы дерлік қазір түрлі түсті болады.
Модем немесе модемдік плата бір-бірінен алшақ орналасқан компьютерлерді телефон желісі арқылы өзара байланыстыру үшін қолданылады. Модем (екі сөздің қосындысынан шыққан модулятор/демодулятор) – телефон желісі арқылы сырттан келіп түскен аналогті сигналды сандық кодқа өзгерту үшін немесе осыған кері әрекетті орындау үшін қолданылатын құрылғы. Модемнің ақпаратты өткізу жылдамдығы Кбит/секундпен (қабылдау - 56 Кбит/c, жөнелту - 33 Кбит/c) өлшенеді.


Iшкі және сыртқы модемдер
Модемнің ішкі (жүйелік блоктың ішінде орналасады) және сырқы (жүйелік блоктан бөлекорналасып, онымен кабель арқылы байланысады) түрлері болады. Ішкі модемдерді бөлек сатып алудың қажеті жоқ, олар жүйелік блоктың ішінде, аналық плата орналасады. Бұл модемге келіп түскен барлық мәліметті арнайы драйвер немесе процессордың өзі өңдейді. Сондықтан жұмыс кезінде бұндай модемдер процессорға артық салмақ түсіреді және бұлардың программалық жабтықтамасы операциялық жүйеге тәуелді болады. Сыртқы модемдердің бағасы қымбат болғанымен, жұмыс істеу сенімділігі мен байланыс сапасы жоғары. Модемнің алдыңғы панелінде жұмыс режимі туралы мәлімет беріп отыратын жарық индикаторлары орналасады.
Модемдердің сонымен қатар дауыстық модем, факс-модем және ADSL-модем деген түрлері бар. Дауыстық модемдер дауыстық хабарламаларды (голосовые сообщения) жіберуге мүмкіндік береді және автожауапберуші қызметін атқара алады. Факс-модемдер факс-машинаға немесе өзі секілді факс-модемдерге факстарды жөнелтіп, қабылдай алады. Соңғы кездері ADSL-модемдер қолданысқа еніп келеді. Еліміздегі танымал Megaline қызметін пайдалану үшін осындай модемдердің болуы қажет. ADSL-модемдерді пайдаланып интернетке шығу үшін телефон желісінің өзі болса жеткілікті («сегіздіктің» қажеті жоқ). Бұл модемдер компьютерді интернетпен үздіксіз байланыстырып тұрады және бұрынғы модемдер секілді арасында «қосылып» тұрудың қажеті жоқ. ADSL-модемдердің ақпаратты өткізу жылдамдығы өте жоғары (қабылдау 8 Мбит/с, жөнелту
1 Мбит/с-ке дейін).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет