Зерттеудің мақсаты:
Компьютерлік графика түрлерімен танысу, ерекшеліктерін ажырату. Оның адам өмірінде алатын орны мен қолдану салаларын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Компьютерлік графиканы түрлі салаларда қолданылуын зерттеу.
Өзектілігі:
Келешекте компьютерлік графика түрлері бойынша жинақтаған білімімді күнделікте өмірде пайдалана білу.
Жұмыс барысында қолданылған ресурстар:
Әдістемелік құрал «Компьютерная графика» Л.А.Зологово
Информатика оқу құралдары 7-8-10 сыныптар
Интернет ресурстар
Оқушылардан алынған сауалнама .
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Деректер жинақтау, салыстыру,пікірлесу, қорытынды жасау.
Зерттеу жұмысының қорытындысы:
Компьютерлік графика түрлерін зерттей келе мынадай шешімдерге келдім:
Архитекторлар алғашқы сызба-нұсқаларын компьютерлік графиканың векторлық түрімен орындағаны тиімді.
Инженерлер жұмысын векторлық графикада жасағаны қолайлы.
Суретшілер өзінің талғамына қарай мультфильм кейіпкерлерін қай түрде сипаттағысы келсе, растлық пен векторлық кескіннің екеуінде пайдалануға болады.
Дизайнерлерге векторлық кескінмен жұмыс істеу қолайлы.
Жарнамалық роликтерді сипаттауда 3D- үшөлшемді графика тиімді болып отыр, себебі болашақ түтынушыларды еліктіруде күнделікті өмір мен виртуалды әлемде тауарды сипаттауда жарнаманың сапасын жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |