Компьютерлік желілері туралы түсінік, оның тағайындалуы. Желі


Ауқымды (ғаламдық) желілер



бет2/11
Дата07.02.2022
өлшемі24,68 Kb.
#85677
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Компьютерлік желілері туралы түсінік

Ауқымды (ғаламдық) желілер бүкіл дүние жүзіндегі компью­тер­лерді немесе олардың тораптарын байланыстыруға арналған желілер түрі, олар көбінесе ғарыштық (спутниктік) байланыс арна­ла­рын пайда­ла­на­ды.
Компьютерлік желілердің барлық түрлерінің атқаратын қызме­ті екі функциядан тұрады, олар:
- ­аппараттық және программалық желі ресурстарының бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- мәліметтік ресурстарға бірігіп ортақтаса қатынас құруды қамтама­сыз ету.
Егер желіде барлық компьютерлер ортақ пайдалануға арнал­ған арнайы бөлінген компьютер – сервер болмаса және барлық компью­терлер бірі-бірімен “тең құқықты” мүмкіндікпен мәлімет алмасатын болса, ондай желілербіррангылы (әдетте олар шағын желілер) деп аталады.
Бір мәселені шешу мақсатында жергілікті желі арқылы байла­нысып жұмыс істеп жатқан қызметкерлер тобынжұмысшы топ­тар деп атайды.
Желіге қосылған компьютерлердің құқықтарын бөлу және шек­теу тәсілдері жиынын желі саясаты деп атау қалыптасқан. Желі саясатын реттеп отыру істерін желіні басқару деп атайды. Ал жергілікті желідегі компьютерлер жұмысын басқаруды ұйымдас­тырушы тұлға желі басқару­шысы (әкімі) болып табылады.
Әртүрлі хаттамалар бойынша жұмыс атқаратын бірнеше жер­гі­лікті желілерді бір-бірімен байланыстыру үшін арнайы құралдар – шлюздар (тоғандар) қолданылады.
Мекеменің жергілікті желісін ауқымды (ғаламдық) желіге қосар кезде желі қауіпсіздігі деген ұғым туындайды. Жергілікті желі мен ауқым­ды желі арасында мәліметтер алмасуы кезіндегі олардың қауіпсіз­дігін қамтамасыз етубрандмауэрлар арқылы жүзеге асырылады. Желілер ара­сын­да мәлімет тасымалдауда олар­ды қорғау, пайдалануды шектеу істе­рінде брандмауэр рөлін арнайы компьютер немесе программа атқаруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет