Компьютерлік желілері туралы түсінік, оның тағайындалуы. Желі



бет1/11
Дата07.02.2022
өлшемі24,68 Kb.
#85677
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Компьютерлік желілері туралы түсінік


Компьютерлік желілері туралы түсінік, оның тағайындалуы.
Желі дегеніміз ресурстарды – дискілерді, принтерлерді ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан бірнеше компьютерлер тобы.
Бірнеше (екіден артық) компьютерлерді бір-бірімен физика­лық түрде байланыстырғанда компьютерлік желіқұры­лады. Жалпы компью­терлік желі құру үшін арнаулы аппараттық жабдықтама (желілік жаб­дық­тар) және арнаулы программалық жабдықтама (желілік програм­малық құралдар) қажет болады. Мәлімет алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен байланыстыру түрі тікелей байланыс деп аталады. Компьютерлік желілерді құру кезінде шешілетін негізгі мәселе – аппараттық жабдықтардың электрлік және механиалық сипаттама­лары мен информациялық жабдықтамалардың (программалық мәлі­мет­тер­дің) форматтары мен кодталу жүйелерінің бір-біріне сәйкес келіп үйлесуін қамтама­сыз ету болып табылады. Соңғы мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау мақсатында OSI (Model of Open System Interconnections – ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі) моделі жасалып шықты. Бұл модель Халық­аралық стандарттар жасау ұйымы­ның – ISO (International Stan­dards Organization) техникалық ұсыныстары негізінде құрылған еді.
Осы ISO/OSI моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитек­тура­сының әртүрлі деңгейлерін (деңгейлер саны – жетіге шейін) қарастыру керек. Олардың ең жоғарғысы ­­­­–­ қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі ­­­­­­­– физикалық деңгей болып саналады.
Компьютерлік желі архитектурасының осы жеті деңгейінде мәлімет­тердің бір-біріне қажетті сәйкестігін қамтамасыз ету үшін протокол (хаттама) деп аталатын арнайы стандарттар жасалған.
Пайдаланылатын хаттамаларға байланысты компьютерлік желілер жергілікті (LAN – Local Area Network) жәнеауқымды (WAN – Wide Area Network) деп екіге бөлінеді.
Жергілікті желі – бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлер желі­сі. Олардың бірі көбінесе орталық сервер (басты компьютер) рөлін атқарады. Жергілікті компью­терлік желіге қосылған әртүрлі ЭЕМ-дердің дискіле­рін­дегі бумалар мен файлдарда орналасқан мәлімет­ті пайдалану өз ком­пью­терің­де орналасқан мәліметті пайдалануға өте ұқсас болып келеді. Желі ресурстарын ортақ пайдалану үшін керекті мәлімет орналасқан, осы желіге қосылған басқа бір ком­пью­тердің мәліметтер бумасын ашу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет