Ана туралы
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
*****
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
*****
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
*****
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
*****
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
*****
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
*****
Анасыз өмір — сөнген көмір.
*****
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
Ақыл туралы
Адамның жүзі ақылдың айнасы.
*****
Айғайлы жерде ақыл аз.
*****
Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
*****
Айлалы түлкі алдырмас.
*****
Айласыз батыр алдырар.
*****
Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.
*****
Ақыл адам көрігі,
ақылдың сабыр серігі.
Осы тапсырманы теріп, жұмыс столына «Тапсырмалар» бумасын құрып WordPad тапсырмасы атауымен сақтау қажет.
6. Paint графикалық редакторында келесі тапсырманы орындаңыздар:
Нұсқау: Жұмыс үстелінің көшірмесін Paint бағдарламасына қою қажет, ол үшін жұмыс үстелін ашып тұрып PrtScr батырмасын 2 рет басып Paint бағдарламасын ашып, Правка-Вставить әмірін орындау қажет.
1.2.5-сурет. Жұмыс үстеліп Paint графикалық редакторына көшіру
7. Келесі суреттерді Paint графикалық редакторында салыңыздар:
3-деңгей
1. "Стандартные" бөлімімінің құрамын толығырақ қарастырайық. "Состав" батырмасын басыңыз, сонда сіз Windows компьютерге орнатуды ұсынатын утилиттер тізімін көресіз.
Дискіні тазарту. Ең жиі кезедесетін мәселе ол бос орынды алатын және компьютер жұмысын баяулататын Windows жүйелік бумаларының көбейіп кетуі болып табылады. Жүйені инсталдау барысында дискке жазылатын керек емес файлдардан басқа, бағдарламаны орнату-жою кезінде де көптеген қоқыстар компьютерге енгізіледі. Windows-тың стандартты құралы - "Очистка диска" утилитасынан басқа да көптеген бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалар әдетте дискіні сканерден өткізеді, содан кейін типі бойынша сұрыпталған керек емес файлдардың тізімін және оларды өшірсе қолайсыз жағдайдың туындайтынын көрсететін белгіні экранға шығарады. Дегенмен де, бұл бағдарламалар дискінің бүлінуін жылдам бақылау мүмкіндігін береді. Барлық бумалардың мазмұнын қандай да бір файлдық менеджерде қарап шығу ұсынылады.
2. "Очистка диска" утилитасының көмегімен C дискісіндегі керек емес файлдарды өшіріңіз. Уақытша файлдарды өздерің өшіріңдер (олар old, bak, tmp, chk кеңейтілу аты бар файлдар).
Windows-ты тиімділеу. Windows-ты орнатқаннан кейін немесе ОЖ біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін компьютердің жұмыс істеуі бұзыла бастайды. Жүйенің өнімділігін арттыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
3. Жинақтауыштар үшін DMA режимін іске қосу. Панель управления - Система - Устройства - Дисковые накопители командасын орындаңыз, оның ішінен винчестер қасиетін таңдаңыз және DMA қарама-қарсы белгіні орнатыңыз. Осылайша CD-ROM үшін де DMA режимін қосыңыз. Бұл тәсілдермен винчестердің және CD-ROM-ның жұмысын жылдамтасыз.
Виртуалды жадыны баптау. Виртуалды жады – ол винчестерде сақталатын және ОСҚ (ОЗУ) жетпегенде қолданылатын оперативті жадының бөлігі. Виртуалды жадыға жазылған файлды өзгерту үшін Панель управления - Система- Быстродействие бөліміне өтіңіз, онда Виртуальная память батырмасын басыңыз, және виртуалды жадының параметрлерін өздеріңіз таңдаңыз (ең үлкен және ең кіші мәндерді бірдей, тең етіп қойыңыз, мысалы 250 мб). Виртуалды жадының фиксирленген өлшемін орнату бос жадының төмендеуіне алып келеді.
Дискіні дефрагментациялау. Виртуалды жадыға фиксирленген өлшемді қойғаннан кейін дискіге дефрагментация жүргізу керек. Себебі винчестерге бірнеше рет файлдарды жазғаннан және өшіргеннен кейін ондағы файлдар араласып кетеді және бағдарламаның бір файлы дискінің басында, екіншісі ортасында, ал үшіншісі соңында орналасып қалады. Бұл оған жету жұмысын және компьютер жұмысын біршама баяулатады. Дефрагментацияны айына бір немесе одан көп рет жасап отыру керек. Мұны Windows-пен бірге орнатылған Defrag.exe (Дефрагментация) бағдарламасы оңай орындайды. Оған кіру үшін Пуск - Программы - Стандартные - Служебные - Дефрагментация диска командасын орындаңыз. Дефрагментациялау үшін Norton Utilities Speed Disk пакетінің бағдарламасын қолданған да өте қолайлы.
4. Автожүктелуден (автозагрузка) керек емес файлдарды өшіру. Windows-тың жұмыс істеу қабілеттілігін тестілеу.
Компьютердің өнімділігі оның құрайтын құрылғылардың техникалық сипаттамаларынан тәуелді болады. Операциялық жүйе жұмысында бұзылулар пайда болғанда немесе компьютерді жаңарту алдында компьютердің әр түрлі құрылғыларын тестіден өткізіп алған жөн (аналық тақшаны, процессорды, оперативті жадыны, қатты дискіні және т.б.).
Компьютерді тестілеу үшін арнайы бағдарламалар қолданылады. Мұндай класстағы аса қолайлы және күшті бағдарламалардың бірі SiSoft Sandra (System ANalyser, Diagnostic and Reporting Assistant) болып табылады, ол Windows операциялық жүйесінен тікелей компьютерге барлық жағынан тестілеу жүргізеді. SANDRA сіздің аппаратураңыз қандай функцияларды қолдайтындығын айтып қана қойма, сонымен бірге кең таралған қасиеттердің қайсы жоқ екендігін де көрсетеді. ДК-дің әрбір компоненті үшін бағдарлама оның жұмысын жақсарту бойынша кеңестер береді.
5. "Система в целом" және "Система Windows" бағдарламасының негізгі бөлімдерін қарап шығыңыз және компьютердің және ОЖ-нің негізгі параметрлері мен айтылған ескертулерді жазып алыңыз.
"Тест процессора", "Тест дисков", "Тест CD-ROM", "Тест системной памяти" бөлімдерінің көмегімен компьютер құрылғыларын тестілеуден өткізіңіз және сәйкес нәтижелерді талдаңыз. Егер жүйенің қандай да бір компоненті туралы жеткілікті мағлұмат алу қажет болса, онда осыған арналған арнайы шағын утилиталарды қолдануға болады. Ол үшін келесі бағдарламалар ұсынылады:
Сатып алынған дискінің сапасын және CD-ROM оқу жылдамдығын тексеру үшін CD-Check бағдарламасы;
CD-R-ге жаңа ғана жазылған «болванканы» қатеге тексеру үшін CD-R Diagnostic бағдарламасы;
Видеожүйенің мүмкіндігі туралы ақпаратты алу үшін және мониторды калибрлеу үшін Nokia Monitor Test бағдарламасы;
Аз ғана секунд ішінде процессордың барлық “бөліктері” туралы анықтама алу үшін WCPUID утилитасы;
Оперативтік жадыны тестілеу үшін Testmem утилитасы.
6. Жұмыс үстелін баптау.
1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру).
2. Пуск -> Программы -> Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.
3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.
4. Қосымша терезесін жабыңыз.
5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.
6.Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз. Қосымшаны жабыңыз.
7 Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.
7. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.
1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.
2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.
3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз.
4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.
5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.
6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.
7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.
8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.
9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.
10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.
11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |