Элементтердің, мотивтердің немесе пішіндердің қайталануы екі типке бөлінеді: - қарапайым (статикалың немесе метрикалық); - күрделі (динамикалық). Статикалың ырғақты қатар (немесе метрикалық ырғақ) - бірдей элементтерден және арасындағы бірдей аралықтардан тұратын қатар. Динамикалық ырғақты қатар - элементтердің (мотивтердің) үлкендігі белгілі бір математикалық заңдылықтарға бағынып өзгеріске ұшыраған жағдайда ырғақтың күрделі көрініс алуы. Динамикалық ырғақты қатар келесі өзгерістерге жол береді: - аралықтар ұзақтығы бірдей бола тұрып элементтердің үлкеюі немесе кемуі; - элементтер үлкендігі бірқалыпты болған жағдайда аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы; - аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы және элементтер үлкендігінің өсуі немесе кемуі.