С. 1- тапсырма «ПОПС» әдісі (8 мин)
Интербелсенді тақтада берілген ашық сұрақтарды негізге ала отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Топта отырған оқушылардың деңгейіне байланысты төмендегі түстер сияқты қолдарына стикер жабыстырылады. Қолындағы түс пен сұрақтың түсін сәйкестендіріп, ПОПС әдісі арқылы жауап береді.
Менің ойымша, бұл...
Себебі, мен былай түсіндірер едім....
Оны мен мына мысалдармен дәлелдеймін.....
Осыған байланысты мынандай қорытынды шығарамын.....
Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға:
Асан қайғы жел маясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда «Жерұйық» дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма? Мысалдар арқылы дәлелдеп көрелік.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға:
Асан қайғы атамыз сияқты сендердің ойларыңша, қазіргі Қазақстанның жерұйығы қай жер? Неге?
Қолдауды қажет ететін оқушыларға:
Жер – Ана, туған жер, атамекен, киелі жер және т.б. Осы тіркестер төңірегінде өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.
1. Ашық сұрақ бойынша өз ойларын айтады.
2. Мысалдар арқылы дәлел келтіреді.
3. Сұраққа еркін жауап береді.
Т. 2-тапсырма «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі
(15 мин)
Қорапшаға салынған әр түрлі тапсырмалар топ алдына ұсынылады.
1- топ. Жер – суға арналған мақал-мәтелдер жазады
2 - топ. Туған жерге деген сағынышын хатпен білдіреді.
3 – топ. Берілген суреттерге байланысты бүгінгі Қазақстанның жер байлығы туралы шолу жазады.
4 – топ. Берілген сұрақтар бойынша мәтін құрастырады.
1. Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы неде деп ойлайсыңдар?
2. Маңғыстау жері туралы не деген? Түсіндір.
3. Жетісуды қандай адамға ыңғайлы жер деген?
4. Аспара деген қай жер?
5. Баянауылды Асан қайғы өзіне қандай қоныс етіпті?
6. Жуалы жер туралы қалай деген екен?
7. Қарсақбай аймағын туралы не айтыпты?
8.Шыңғырлау өзенін көргенде, төрт түліктің қайсысына шұрайлы жер екен депті?
9. Асан қайғы қай жерде қайтыс болған?
10. Сендер үшін жерұйық қай жер деп ойлайсыңдар?
1. Сұрақтардың мағынасын түсінеді
2. Сұраққа дұрыс жауап береді
3. Мәтінді дұрыс құрастырады
ЖЖ. 3- тапсырма «Еркін жазу» әдісі (10 мин)
Оқушылар Қазақ жері тура бейнероликті тамашалап алады. «Әркімнің туған жері - Жерұйық» тақырыбы негізінде шығарма мен бейнероликтен алған әсерлерімен бөлісіп, өз пікірлерін білдіру аясында сыни хабарлама жазады.
1. Хабарлама негізінде ойын жинақтайды
2. Аңыз туралы жалпы тұжырым жасайды
3. Қазақ жерінің байлығы туралы сыни баға береді
|