Көне Қытай философиясы



Дата16.01.2022
өлшемі8,55 Kb.
#112440
Байланысты:
Қытай философиясы


Көне Қытай философиясы
Біздің заманымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.).

Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:


1. Инь және Ян мектебі.
2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.
3. Моистер мектебі.
4. Атаулар мектебі.
5. Заңгерлер мектебі.
6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
1) Ең басты ерекшелігі — саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікедей туындайды. Көне Қытай-мемлекеті иерархиялық неспотия үстемдік Құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы вая, барлык билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсұйектер: мемлекеттік шенеуніктер — чжухоу, беделді отбасылар — дафу және ши, ең төменде ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.
2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі — адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам — қарапайым “микрокосм”, Табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті – осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік корсетпей, өзінен жоғарыға, өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе — жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.
3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.
4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді «инь-ян» мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.
Бірақ табиғи құбылыстарды да Қытай ойшылдары әлеуметтік және адамгершілік құбылыстармен байланысты қарастырды. Дүниенің бес бастауы: су, от, ағаш, металл, жер және табиғаттың бес құбылысы: жаңбыр, күншуақ, ыстық, суық және жел бар деп түсінген және олар халықтың тұрмысына әсер етеді деп пайымдаған философтар олардың себептерін анықтауға тырысты. Бұл түсініктер өздерінің бастауын мифологиялық және діни көзқарастардан алатынын айта кету қажет.
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: «И цзйн» — «Өзгерістер кітабы», «Ши цзин» — «Өлеңдер кітабы», «Шу цзин» — «Тарих кітабы».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет