Түркі жазбалары мен мәдениеті – тұрақты дамуға ұмтылған түрік этностарының бай мәдениетінің көрінісі. Түркі халықтарының өркениеті, мәдениеті мен жазбалары бүгінде әлем мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі болып табылады. Осылайша, 2015 жылғы 15 мамырда түркі халықтарының жазбаларын мерекелеу қарсаңында Достық үйінің «Достық» онцерттік залында түркі халықтарының жазбалары күніне орай концерттік бағдарлама болып өтті. Көрермендердің назарына түркі жазбаларының пайда болуы туралы деректі фильм, түркі тілдес этномәдени бірлестіктерінің бірегей кітап көрмесі мен шығармашылық ұжымдардың концертттік бағдарламасы ұсынылды. Аталмыш іс-шараға этномәдени бірлестіктердің басшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, мәдениет және білім беру саласының өкілдері қатысты. Қазақстанның басты байлығы елімізді Отаным деп таныған – этникалық үндестікті, азаматтық бірлік пен ынтымастықты қалыптастырған қоғам болып отыр. Қазақстандағы Түркі халықтары жазбалары күні түркі халқының дәстүрлі мерекесінің біріне айналды.
Пайдаланған әдебиеттер:
А.Х.Касымжанов.Рыскиева А.А. Орхон –Енисей жазба ескерткіштеріндегі түркілік дүниетанымның рәміздік негіздері. – Алматы – 2009. 30 б.
Кажыбек Е. Древнетюркский язык в статике, в системе и в развитии. // Көне түркі жазба ескерткіштері: жазу мәдениетінің бастаулары, тілдің даму құбылыстары. – Алматы: Информ-А, 2005. – (С. 8-13).
Қ. Өміралиев. «VІІІ-ХІІ ғасыр көне түркі әдеби ескерткіштер».