Конфуций философиясы



Дата17.02.2023
өлшемі8,96 Mb.
#169102
Байланысты:
конфуций
ktzh-informatika-10synyp-zhmb, теория Наурызбаева, теория, эссе дари Бекнур 1, Макс кептіргіш шкаф, Түркістан

Конфуций философиясы

Конфуцийшілдік дегеніміз не ?

  • Конфуцийшілдік – этикалық-философиялық ілім. Конфуцийшілдік дүниетаным, әлеуметтік этика,саяси идеология, ғылыми дәстүр, өмір салты, кейде философия ретінде қарастырылады. Негізгі Конфуцийшілдік идеясы – жеке адам үшін емес, тұтас қоғам үшін.

Конфуций (б.з.б 551-479 )

  • Өзінің уақытындағы ең ұлы ойшыл.Ол адамның өмірінің мән мағынасы туралы,адамның қызығушылықтары мен құштарлықтарының мәні туралы білуге қызығышылық танытқан данышпандардың бірі.Өмірін адамның өмір сүруінің мәнін түсінуге және түсіндіруге арнаған.

Конфуций жеке мектептер ашты, алғашқы студенттер пайда болды, олардың кейбіреулері ұстазына бүкіл өмір бойы еріп жүрді.

Көптеген ойларды қорытындылай келе конфуций былай деген:

«байлық және тектілік» - адамдардың қол жеткізуге ұмтылатыны осылар.

Егерде олар өздерінің Даосын таппаса олар бұл нәрсеге қол жеткізе алмайды.

«Кедейлік және тексіздік» бұл адамдардың жек көретіні.

Егерде олар өздерінің Даосын таппаса олар бұл нәрседен құтыла алмайды.

Белгілі бір қасиеттерге ие болуы және ішінара қоғамдағы орны бойынша Конфуций адамдарды үш категорияға бөлді:

  • 1) Цзюнь-цзы (асыл күйеу) – асыл адамдар
  • 2) Рен – қарапайым халық, қалың топ арасындағы орташа Цзюнь Цзы және Сло Рен.
  • 3) Сло Рен (елеусіз адам)

Цзюнь-цзы адамның бес тұрақтылығы:

Жэнь – «қайырымдылық», «мейірім», «адамгершілік».

Адамдарды адам ететін осы қасиет.Жэнь – адамдарға деген жанашырлық пен сүйіспеншілік. Адамды хайуаннан ажырататын да осы. Хайуанға тән зұлымдық,қатыгездік сияқты қасиеттерге қарсы тұру болып табылады. Жэнь символы- ағаш.

И – «әділдік»

  • Асыл адамдар шыңшыл,әділ болу керек.Ал әділдік үшін темірдей қатты тәртіп болу керек.Бұл қасиеттің символы – Темір.

Ли – «салт-дәстүр», «әдет-ғұрып»

Ли - Әдет-ғұрыпқа адалдық, ата-ананы құрметтеу сияқты әдет-ғұрыптарды сақтау.Әдет ғұрыпты сақтау арқылы қоғамдағы нормалар сақтауға қол жеткізуге болады.Бұл қасиеттің символы – От.

Синь - шынайылық, «ізгі ниет»,кінәсіздік пен ар-ождан.

Синь жер элементіне сәйкес келеді.

Чжи – ақылдыдық , дұрыс ойлау

Конфуций асыл адамдар туралы былай сипаттайды:

Асыл адамдар бәрінен бұрын 8 нәрсе туралы ойлайды.

1.Анық көру туралы

2.Анық есту туралы

3.Жарқын жүзбен жүру туралы

4.Анық сөйлеу туралы

5.Әр іске мұқият болу

6.Қандайда бір күдік туған жағдайда басқалардан сұрау туралы

7.Ашумен істелген істен кейінгі болатын жағдай туралы

8.Әділдікті естен шығармау туралы

Басқарушы адамдардың Даосын конфуций 4ке бөліп қарастырған:

  • 1)өзін-өзі құрметтеу
  • 2)Жауаптылық
  • 3)Жаңашырлық
  • 4)Әділдік
  • Конфуцийшілдікті көп жағдайда дін ретінде қарастырады.Бірақ конфуцийшілдікте табынатын ғибадатхана жоқ.Сол себепті бұл діннен тыс этика.Конфуцийшілдіктің идеаясы қоғамда тепе-теңдік қалыптастыру.Тепе-теңдік қалыптасқан қоғам басшылыққа бағынатын бағынушылардың адалдығынан қалыптасады.Конфуций этиканың алтын ережесін құрастыра білді.
  • «Өзіңе тілемегенді басқаға жасама.»

Қытайдағы сол ғасырда бағаланатын ең негізгі ұстаным салт-дәстүр болатын.Конфуций салт-дәстүрдің сақталуына аса қатты көңіл-бөлген.

Сол себепті Конфуцийдің ұстанған ұстанымы қазіргі кезге дейін өте өзекті.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет