Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласы бойынша жоғары білім.
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
№ 2 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: Сәйкестік аудитін және қаржылық есептіліктің аудитін жүзеге асырады. Республикалық және жергілікті бюджет қаржысын, соның ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында қолданудың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестік аудитін жүргізеді.Заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілген аудит нәтижелері бойынша сәйкес ден қою шараларын жүргізеді. «е-Минфин» АЖ «Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі» ішкі жүйесінде жұмыс жүргізеді. Бөлім жұмысына қатысты сұрақтар бойынша Комитет және Департамент тапсырмаларын орындайды. Департамент туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |