Конкурс Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050»


Нысан Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша



бет2/3
Дата21.01.2020
өлшемі333 Kb.
#56288
1   2   3
Байланысты:
kd moap kaz26102018105559

Нысан

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша

гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға

өтінім




1арау. Жалпы ақпарат
1. Жоба тақырыбының атауы.

2. Құпиялық белгісі болмаған жағдайда, жобаның жеке тіркеу нөмірі (ЖТН)

3. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы.

4. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеу түрі

5. Жобаны бастаудың болжанған күні және жобаның ұзақтығы.

6. Гранттық қаржыландырудың сұралатын сомасы (жобаны іске асырудың бүкіл мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңге).



2-тарау. Жобаның сипаттамасы
1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]

Бөлімде жобаның негізгі қатысушылары (жобаның ғылыми жетекшісі, тең жетекшісі),

олардың ғылыми мүдделерінің бағыты, жоба идеясының қысқаша сипаттамасы

көрсетіледі.

2. Жобаның мақсаты [100 сөзден артық емес]

Жобаның мақсаты ықшам және айқын баяндалып, жобаның тақырыбына сәйкес келуі керек.

3. Жобаның міндеттері [500 сөзден артық емес]

Бұл бөлімде жоба мақсатына қол жеткізудің тәсілі сипатталады, іске асырудың қысқаша түсініктемесімен алға қойылған міндеттері мен күтілетін нәтижелерінің тізбесі беріледі.

4. Ғылыми жаңашылдық және жобаның маңызы [2000 сөзден артық емес]

Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) жобаны әзірлеудің алғышарттары, зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге және олардың осы жобамен өзара байланысына міндетті түрде шолу жасай отырып (түпмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке жасалған сілтемелер көрсетілуі керек, олардың толық жазылуы «Библиография» деген 8-бөлімде ұсынылуы тиіс), ғылыми жаңалықтың негіздемесі. Бар болса, алдын ала нәтижелері көрсетіледі;

2) жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызы;

3) мәлімделген зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігін негіздеуге арналған тиісті білім беру саласының трендтерін қамтитын ғылыми және технологиялық қажеттіліктер (қажет болған жағдайда, әлеуметтік сұраныс пен (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделерді қамту) (ғылыми бағдарламалар үшін);

4) алынған нәтижелердің ғылым мен технологияны дамытуға ықпалы және күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер.

Аталған бөлімді сипаттаған кезде мынадай бағыттарға назар аудару ұсынылады:

1) жоба идеяларының қолданыстағы ұқсастықтардан түбегейлі айырмашылығына сипаттама беру қажет;

2) егер зерттеудің идеясы немесе нәтижесі әлемде бар болып, Қазақстанда болмаса, жобаның неліктен қаржыландырылуға тиіс екенін негіздеу қажет;

3) егер жобаның түпкі нәтижесі өнім болса, жобаның нысаналы саласында қазіргі уақытта қалыптасқан техника деңгейін отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы деректерді келтіре отырып сипаттау қажет;

4) ғылыми-техникалық жобалар, зерттеулер үшін жобаға негіз болған технологиялар, бәсекелі және/немесе баламалы технологиялар бойынша зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы көшбасшы топтарды көрсету қажет.

3-тарау. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер[1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) жобада пайдаланылатын ғылыми әдістерді алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау;

2) жобаны іске асырудың сыни нүктелері, балама жолдары;

3) жоба шеңберінде пайдаланылатын ғылыми этика қағидаттары мен нормаларын, яғни басқарудың этикалық рәсімдерін, атап айтқанда, зияткерлік адалдықтың жоғары стандарттарын сақтау және деректерді бұрмалауға және фабрикациялауға, плагиатқа, жалған қоса авторлыққа, ұжымдық зерттеулердің жекелеген қатысушыларының басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеулерде алынған деректер мен қорытындыларды пайдалануына жол бермеу қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету тәсілдері;

4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі мен тетігі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін сипаттау;

5) зерттеу нәтижелеріне арналған зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету қажет).



4-тарау. Жобаны жоспарлау және басқару [1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктіліктерін және жобадағы жұмыс бағыттарын сипаттау;



2) жоба кезеңдерін, алға қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығының негіздемесін, Гант диаграммасын (алға қойылған міндеттер* уақыты (аймен)) қамтитын жұмыс жоспары.
Екі жылдық жоба үшін Гант диаграммасының үлгісі:

Мысал

Күнтізбелік жоспар




р/с

Жоба міндеттерінің, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың атауы

Ұзақты-ғы

(аймен)

Орындалған жұмыстың басталуы мен аяқталуы* (күні/айы/жылы)

Жобаны іске асыру жылдары, жобаны іске асырудағы күтілетін нәтижелер (міндеттер мен іс-шаралар бөлінісінде)

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

1.

Міндеттің атауы







күтілетін нәтижелер







1.1

Іс-шараның атауы







күтілетін нәтижелер







1.2

Іс-шараның атауы







күтілетін нәтижелер







2.

Міндеттің атауы










күтілетін нәтижелер




2.1

Іс-шараның атауы










күтілетін нәтижелер




2.2

Іс-шараның атауы










күтілетін нәтижелер




3.

Міндеттің атауы













күтілетін нәтижелер

3.1

Іс-шараның атауы













күтілетін нәтижелер

3.2

Іс-шараның атауы













күтілетін нәтижелер

Ескерту: * - күнтізбелік жоспарға мерекелік күндерді енгізбеу керек
3) жобаны іске асырудың әр жылы міндетті түрде түсіндірілген жобаның жалпы құны (мың теңгемен) мен шығыстар сметасының негіздемесі. Жобаның бюджетін жұмыстар жоспарына сәйкес ғылыми жетекші бөледі және оны аталған жобамен байланысты емес өзге шығыстар бабына жұмсауға болмайды. Барлық шығыстар бабының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұралатын соманы білдіреді және 1-тараудың 4-тармағында мәлімделген сұралатын қаржыландыру сомасына баламалы болуға тиіс.

Жобаға Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.


Жобаны іске асыру бойынша шығыстар баптарына мыналар енгізілуі мүмкін:

  1. еңбекақы – барлық салықтар мен өзге де бюджетке тиісті төлемдерді ескере отырып, ғылыми зерттеуді жүргізуге қатысқан зерттеу топ мүшелерінің еңбегіне сыйақы;

  2. ғылыми іссапарларлар – зерттеулер жүргізумен байланысты іссапарлар, олардың өтеуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген іссапар шығындарын өтеу нормаларынан аспау тиіс;

  3. бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге зертханалар көрсететін, зерттеулерді орындауға қажетті қызметтер, өзге де ұйымдар көрсететін қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер жұмыстың орындаушыларын және жұмыстың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері көрсетіле отырып, ұсынылады;

  1. материалдар сатып алу – зерттеуді жүргізу үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу.

  2. жабдықтар және бағдарламалық қамтылымды сатып алу (заңды тұлғалар үшін).

Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.

Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді;



  1. ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – жүзеге асырылатын жобаның ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша жарияланымдарды дайындауға және оларды жариялауға шығындар, жүзеге асырылатын жоба бойынша алынған нәтижелерді патенттеу; аналитикалық материалдарды сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығындар;

  2. өтініш беруші жеке тұлға болған жағдайда орынжайды жалға алу;

  3. зерттеуді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алу;

  4. зерттеуді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы күтуге кеткен пайдалану шығындары.


Шығыстар сметасының мысалы


Шығын баптарының атауы

2019 жылға шығыстар,

мың теңге



2020 жылға шығыстар,

мың теңге



2021 жылға шығыстар,

мың теңге



Жобаны жүзеге асырудың барлық мерзіміне шығыстар

(мың теңге)



Еңбекақы













Ғылыми іссапарлар













Бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер













Материалдар сатып алу













Жабдықтар және бағдарламалық қамтылымды сатып алу (заңды тұлғалар үшін)













Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу бойынша шығындар













Орынжайды жалға алу (жеке тұлғалар үшін)













Жабдықтар пен техниканы жалға алу













Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары













Жиынтығы













5-тарау. Зерттеушілер тобы [1000 сөзден артық емес]
Бөлім ғылыми жетекші және жобаның негізгі орындаушылары (қоса орындаушылар) туралы ақпаратты қамтиды:

1) түйіндеме және ғылыми еңбек (ғылыми жетекшінің және жобаның негізгі орындаушыларының (қоса орындаушыларың) түйіндемесі беріледі және мәлімделген зерттеудің бұрын өткізілген ғылыми зерттеулермен қалай байланысты екендігі сипатталады);

2) ғылыми жетекшінің жоба тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары турал ы мәліметтер;

3) қолдағы патенттер және басқа да қорғау құжаттары туралы мәліметтер;

4) зерттеу тобының жоба тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары (онға дейін), патенттер, авторлық куәліктер және басқа да қорғау құжаттары;

5) жобадағы жұмыстары мен жұмыс істеу мерзімдерінің сипаттамасы;

6) жобаның ғылыми жетекшісі зерттеу тобының жоспарланып отырған штатының кемінде 70 %-ының (негізгі персонал) жеке деректерін көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы (көмекші персонал) жобаға грантты алған соң тартылады.

6-тарау. Зерттеу ортасы [500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:


  1. өтініш берушіде бар, зерттеу жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның сипаттамасы (зерттеуді жүргізуге қажетті құрал-жабықтардың, құралдар мен мүкәммалдардың бар болуы, сондай-ақ зерттеулерді жүргізуге қажетті ғылыми персоналдың бар болуы);


Өтінім берушінің бар болған материалдық-техникалық базасы сипаттамасының үлгісі

р/с №

Жабдықтардың, аспаптар мен
мүкәммалдар түрі

Жабдықтардың, аспаптар мен
мүкәммалдардың қолданылу мақсаты

Моделі және шығарылған жылы

Қолда бар

бірліктердің саны




Жағдайы (жаңа, жақсы, нашар)

Өз меншігінде, жалға алынған (кімнен)































































2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, түсіндірмелермен отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарының (зертханалардың және т.б.) пайдаланылуы;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, отандық және халықаралық негізгі байланыстар, шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы;

4) жас ғалымдардың (35 жасқа дейінгілерді қосқанда), PhD-докторанттардың, өндірістен инженерлердің жобаға қатысуы;

5) ұтқырлық негіздемесі: жобаны іске асыру үшін басқа жердегі жұмысқа қатысудың және оның кезеңдерінің ықпалы.


7-тарау. Күтілетін нәтижелер [250 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:

1) құпиялық белгісі болмаған жағдайда, шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру

2) құпиялық белгісі болмаған жағдайда, шетелдік басылымдарда кітаптар/кітап тарауларын жариялауды жүзеге асыру;

3) егерде құпиялық жоқ белгісі болса қазақстандық басылымдарда кітаптар/кітап тарауларын жариялауды жүзеге асыру;

4) Белгіленген «ҚБПҮ» немесе «Құпия» деп белгісі бар бағдарламалардың нәтижелерін жариялауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады;

монографиялар жариялауды жүзеге асыру;

5) құпиялық белгісі болмаған жағдайда, шетелдік патенттік бюроларда (еуропалық, америкалық, жапондық) алынған нәтижелерді патенттеу мүмкіндігі;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, алынған нәтижелерді патенттеу (қазақстандық немесе еуразиялық патенттеу бюросында), зияткерлік меншік объектісі бойынша лицензиялық келісім жасау мүмкіндігі, басқа да қорғау құжаттарын алу;

7) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;

8) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы және/немесе коммерцияландырылуы;

9) алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары, оның ішінде субъектілік құрам бойынша;

10) тәуекелдерден тұратын серпінді нәтижелер алу мүмкіндігі; ғылым мен технологияның дамуына ықпалы;

11) әлеуетті пайдаланушылардың, ғалымдар қоғамдастығының және кең жұртшылықтың арасында жұмыс нәтижелерін тарату.

8-тарау. Библиография
Бөлімде осы өтінімнің «Жобаны сипаттау» деген 2-тарауының «Жобаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы» деген 4-тармағында көрсетілген жарияланымдар көрсетіледі.

Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, беттер нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты жазылуға тиіс.



Қосымшалар

Куәлік көшірмесі не уәкілетті органның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы бұйрығынан үзінді.


2019-2021 жылдарға арналған ғылыми

және (немесе) ғылыми-техникалық

жобалар бойынша гранттық қаржыландыру


шеңберіндегі конкурстық құжаттамаға

3-қосымша


ІЛЕСПЕ ХАТ
(Жеке тұлғаның атынан тіркеу нөмірі көрсетілген фирмалық бланкіге

мекеме басшысының немесе өтініш берушінің қолы қойылған болуы тиіс)




  1. Конкурс атауы.

  2. Конкурс нысаны болып табылатын ғылым дамуының басты бағыттарының және мамандандырылған ғылыми бағыттарының атауы.

  3. Жоба тақырыбының атауы (құпиялық белгісі болмаған жағдайда 3 тілде, белгіленген «ҚБПҮ» немесе «Құпия» белгісі болған жағдайда 2 тілде).

  4. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикатор коды (ҒТАМРК) (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).

  5. Зеттеу түрі (іргелі, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар).

  6. Сұратылатын қаржыландыру сомасы (жобаның толық мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңге).

  7. Жобаның басталуы мен аяқталуының болжалған даталары.

  8. Жобаны іске асыру мерзімі (аймен көрсету).

  9. Бағасы 4000 АЕК-тен жоғары сатылып алынатын жабдықтарды, құралдарды, мүкәммалдарды орналастыру туралы мәлімет (мемлекеттік емес ұйымдар үшін).

  10. Өтініш берушінің жеке мәліметтері:

Жеке тұлғалар үшін – жеке түлғаның тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, ЖСН, байланыс деректері (ұялы телефон, e-mail).

Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, e-mail).



11. Жобаның ғылыми жетекшісінің жеке мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, тұрғылықты мекенжайы, ЖСН (ИИН), байланыс деректері (телефон, e-mail) және ол қатысатын жобалар туралы мәліметтер.
Ұйым басшысының Т.А.Ә. ___________________

(қолы)


дөңгелек мөр
немесе жеке тұлға атынан өтінім беру кезінде

өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________

(қолы, нотариуспен куәландырылған)

ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ*


  1. Жоба тақырыбының атауы


2. Жоба рефераты (абстракт)
Бөлімде қолданылған әдістеменің зерттеу өзектілігі, күтілетін нәтижелер және олардың қолданымдылығы, жоба нәтижесі олардың қажеттілігіне бағытталған әлеуетті тұтынушылар сипаттамасы мен Жобаның қысқаша мазмұны (250 сөзден аспауы тиіс) көрсетіледі.
3. Жобаның мақсаты мен міндеттері
Жобаның мақсаты мен міндеттері қысқа және нақты болуы керек, және Жобаның тақырыбына сәйкес келуі тиіс.
4. Түйінді сөздер
Бөлімде Жобаға қатысты 10–ға (он) дейінгі түйінді сөздер көрсетіледі.

___________________________


*Жобаның қысқаша сипаттамасы А4 форматындағы бір беттен аспауы тиіс.

2019-2021 жылдарға арналған ғылыми

және (немесе) ғылыми-техникалық

жобалар бойынша гранттық қаржыландыру


шеңберіндегі конкурстық құжаттамаға

4-қосымша



Ғылыми-зертеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға

___ шарт

Астана қ. 201_ жылғы «___»_________

Үкіметтің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысымен бекітілген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже негізінде әрекет ететін, Вице-министр __________________ Т.А.Ә. тұлғасындағы, бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын, «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» мемлекеттік мекемесі, бір тараптан, және берілген/бекітілген (жеке тұлғалар үшін мекеме және берілген кезі ______«____»__________/заңды тұлғалар үшін ______ жылғы «____» _________ №____) негізінде әрекет ететін (тек заңды тұлғалар үшін басшының лауазымы, Т.А.Ә.), (жеке тұлғалар үшін жеке куәлік/заңды тұлғалар үшін заңдық құжат) тұлғасындағы, бұдан әрі Орындаушы деп аталатын (жеке тұлғалар үшін Т.А.Ә./ заңды тұлғалар үшін ұйымның заңдық атауы), екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар, «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы, «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» 2011 жылдың 25 мамырындағы № 575 Қазақтан Республикасы Үкіметінің қаулысы, Ұлттық ғылыми кеңестердің «Іске асырылатын басымдық көрсетіледі» басымдығы бойынша қаржылық қаржыландыру туралы шешімдері (201_ жылғы «___»________№__хаттама), Ғылым комитеті төрағасының «Бұйрықтың атауы» 201_ жылғы «___»________ №__ бұйрығы негізінде, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:


  1. Шарттың мәні


1.1 Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы өзіне 201_ жылға қаржыландыру сомасы шеңберінде «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасы, «Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерді төлеу» бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындау міндеттерін алады:

басымдылығы бойынша: Толтыру;

тақырыбы бойынша: 1) №____/ГҚ «______________________» (ұйым бойынша басым бағыттарға сай жобаның тақырыбын көрсету).

басымдылығы бойынша: Толтыру;

тақырыбы бойынша: 1) №____/ГҚ «______________________» (ұйым бойынша басым бағыттарға сай жобаның тақырыбын көрсету).

1.2 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысының негізгі кезеңдерін орындау мерзімі және мазмұны гранттық қаржыландыруға қатысқан Орындаушының конкурстық өтінімге сәйкес күнтізбелік жоспарымен анықталады.

1.3 Төменде көрсетілген құжаттар мен шарттар осы Келісімшартты құратын оның ажырамас бөлігі болып табылады:

1) Осы Шарт;

2) Жұмыстың күнтізбелік жоспары (1-қосымша);

3) Техникалық ерекшелік (2-қосымша);

4) Бөлінген қаражат туралы есеп (3-қосымша).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет