ІІІ. «Әбіш оқулары» конкурсын ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
Республикалық «Әбіш оқулары» төрт бағыт бойынша өткізіледі.
1. 1.Үй тапсырмасы.
Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу
Қойылатын талаптар: Конкурсқа 1 оқушы қатысады. Жұмыс саны 3 - тен аспауы тиіс. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты – жөні, облысының атауы, мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты-жөні толық көрсетіліп жазылуы қажет.
Орындау техникасы: Жұмыс форматы – А3 түрінде. Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі – түсті қарындаштар және т.б). Рамкаға салу міндетті.
Республикалық кезеңде жас суретшілерге қазылар алқасы екі тақырып («Құс қанаты» және «Ең бақытты күн» шығармалары) бойынша ұсынып,оны жоғарыдағы орындау техникасына сәйкес салуды тапсырады.Жұмыс уақыты 3 сағат.
Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу
Қойылатын талаптар: Конкурсқа 1 оқушы қатысады, өзі таңдаған 2 шығарманы (1 проза, 1 поэзия) ұлттық құндылықтар, ел, туған жер, адамгершілік, махаббат, өнер тақырыптарындамәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт - 3 - 5 минут.
Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.
Қойылатын талаптар: Конкурсқа 1 оқушы қатысады, оқушы жазушының тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарында жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғайды.
Жұмыс көлемі 10 беттен аспауы керек, мәтіні толық компьютерде теріліп (WORD, шрифт Times New Roman-14, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) беттері нөмірленуі тиіс. Титул парағында:
жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты,
жұмыстың тақырыбы,
Бағыты (тарихи тұлғалар, туған ел, жер, сүйіспеншілік),
орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, қаласы),
жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны),
- жұмыстың орындалған уақыты көрсетіледі.
- Жұмысмазмұны:
абстракт (аннотация) – жұмыстың барысы 250 сөзден артық емес сөзден тұратын жұмыстың қысқаша мазмұндамасы көрсетілуі тиіс,
кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы (екі беттен артық емес),
мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері көрсетіледі,
жұмыстың негізгі бөлімі 5 беттен артық емес жеке тараулардан, параграфтардан тұруы мүмкін,
қорытынды (1 беттен артық емес) жұмыстың негізінде жасалған қорытындыларын, нәтижелерін, ұсыныстарын келтіреді.
пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі.
Шығармашылық жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады. Берілетін уақыт -5-7 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |