Қойылатын талаптар: Конкурсқа топ құрамындағы 5 оқушының қатысу мүмкіндігі қарастырылады (5 адамнан артық болмауы керек). Сахна мәдениеті, өзін - өзі ұстауы, сахналық киімі, сөйлеу мәнері мен тақырыпты толық аша білулері бағаланады(экранда көрсетілген және театрларда қойылған туындылардан басқа).Берілетін уақыт -10 минут. Әбіш оқулары жоғарыда көрсетілген бөлімдер бойынша 2 кезеңде:
- І кезең облыстық – 2024 жылдың ақпан мен наурыз айлары аралығында;
-ІІ кезең республикалық – 2024 жылдың мамыр айында өткізіледі.
Облыстық конкурстан бірінші орын алған оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.
Әбіш оқулары ғылыми-шығармашылық конкурсының республикалық кезеңін ұйымдастыру және өткізу жауапкершілік Маңғыстау облысының білім басқармасына және тиісті облыстық білім басқармаларына жүктеледі.
Әбіш оқулары ғылыми-шығармашылық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруді Маңғыстау облысының білім басқармасы жүзеге асырады.
2.Республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамына «Дарын» РҒПО, облыстық әкімдіктердің, білім және мәдениет басқармаларының қызметкерлері енеді.
Республикалық ұйымдастыру комитеті:
іс – шараларды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
іс – шаралардың материалдарын баспасөзде жариялайды.
Республикалық «Әбіш оқулары»ғылыми-шығармашылық конкурсына қатысушыларды төрағадан, хатшыдан және алқа мүшелерінен (барлығы 7 адамнан кем емес) тұратын қазылар алқасы бағалайды:
қатысушыларды білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
қатысушылардың білімі мен өнеріне талдау жасайды және бес баллдық жүйемен бағалайды.
қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
байқаудың қорытындысы туралы есеп береді.
Маңғыстау облысының білім басқармасы іс – шаралардың қорытындыларын жинақтап қорытады және ақпаратты сайтқа жариялайды.