Дарын республикалықғылыми -
практикалық орталығының
директоры
__________ Г.Турсунов
___________ 2024 жыл
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында
«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық
конкурсын өткізудің
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
Осы ережелер жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілетін республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының (бұдан әрі - Әбіш оқулары) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінің жүзеге асырылуын, байқауды өткізу менқаржыландыру тәртібін, оқушылардың қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.
Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы (Бұдан әрі - «Дарын» РҒПО) Маңғыстау облысы білім басқармасымен бірлесіп өткізеді.
Әбіш оқуларының негізгі мақсаты - мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Әбіш оқуларының негізгі міндеттері - дарынды балаларды анықтау, әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою.
ІІ. «Әбіш оқулары» конкурсының қатысушылары:
Әбіш оқуларына облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8 - 11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр облыс облыстық кезеңге жекелеген байқауларға қатысқан 3 оқушыны қоса есептегенде барлығы 8 оқушы және жетекшіден тұратын бір топты ұсынады.
Жетекші топ құрамындағы оқушылардың жол бойындағы өмір қауіпсіздігіне жауапты. Жетекшіні білім ұйымдары тағайындайды.
Байқау Әбіш Кекілбаевтың туған жерінде өтетіндіктен, Маңғыстау ауданы Онды ауылынан жеке команда қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |