Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет66/84
Дата21.10.2022
өлшемі330,86 Kb.
#154276
түріКонкурс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84
Байланысты:
107-comp-doc-kaz-dop.-10-02-2021-15-08-44

4.11.3. Құрамында крахмал бар шикізатты терең өңдеу схемасында түйіршіктелген көмірсулар-ақуыз өнімдерін өндіруде қолданылатын жабдықты әзірлеу.
Жүгері ұнынан көмірсулар мен ақуыз жем өнімдерін өндіруге арналған жабдықты жобалауға арналған технологиялық тапсырманы әзірлеу керек.
Құрамында крахмалы бар шикізатты терең өңдеу схемасында көмірсулар-ақуыз өнімдерін өндіретін пилоттық қондырғыны іске қосу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 PhD докторант пен 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 15 мақала жариялау керек.
4.1.1.4. Дәнді дақылдар мен оны қайта өңдеу өнімдерінің агротехнологиялық ағынын цифрландыруды енгізу үшін нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу.
Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің айналымы (тасымалдау, сақтау, қайта өңдеу, буып-түю, таңбалау, сертификаттау, экспорт) мен әртүрлі өндіріс аспектілерін жетілдіру жөнінде 1 ғылыми негізделген ұсыныс әзірленуге тиіс.
Келесі нормативтік-техникалық құжаттамалар әзірлену керек:

  • Астық шаруашылықтары, астық қабылдау кәсіпорындары мен элеваторлар жұмысының технологиялық процестерін ұйымдастыру және жүргізу технологиялық регламенті;

- Жарма кәсіпорындары жұмысының технологиялық процестерін ұйымдастыру және жүргізу технологиялық регламенті;
- Ұн тарту кәсіпорындары жұмысының технологиялық процестерін ұйымдастыру және жүргізу технологиялық регламенті;
Астық өңдеу кәсіпорындарының технологиялық желілерінің жабдықтарын пайдалану жөніндегі нұсқаулық құжаттары.
Қазақстан Республиасының патентіне 1 өтінім беру керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 2 магистрант.
Web of Science базасында Science Citation Index Expanded кіретін және (немесе) Scopus базасында Citescore бойынша кемінде 30 (отыз) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымға кемінде 1 мақала жариялау керек.
4.1.1.5. Жемістер мен көкөністердің сапасын автоматтандырылған бақылауға және сұрыптауға арналған оптикалық-электронды құрылғыны жасау.
Құрылатын құрылғыға конструкторлық-техникалық құжаттама әзірлеу керек.
Жемістер мен көкөністердің сапасын бақылау және сұрыптау жөніндегі автоматтандырылған қондырғының тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін әзірлеу керек.
Көкөністер мен жемістер жинау жөніндегі кәсіпорындарда құрылғының тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін апробациядан өткізу керек.
Қазақстан Республиасының патентіне 1 өтінім беру керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 PhD докторант пен 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақала және шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 5 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде әзірленген өсімдік және жануар тектес өнімдерді сақтау және терең қайта өңдеу технологияларын енгізу шығындарды азайтуды және шикізат бірлігінен өнімдерді өндіруді арттыруды қамтамасыз ете отырып, жоғары сапалы тамақ және азықтық өнімдерін өндіруге ықпал етеді, нарықтың қажеттіліктерін өтеу ғана емес, сонымен қатар экспортқа бағдарланған өнім бола алатын өнімдердің жаңа түрлерін алуға мүмкіндік береді және тұтастай алғанда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Жаңа технологиялар, жабдықтар, тамақ өнімдерін өндіру бойынша модульдік желілер,конструкторлық құжаттар, ұсынымдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ агробизнес өкілдерімен дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, білім тарату орталықтарында дәрістер өткізу жолымен жарияланатын болады.
Зерттеу процесіне РhD жас ғалымдарды, магистранттарды және докторанттарды тарту АӨК азық-түлік және қайта өңдеу саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Күтілетін әлеуметтік әсер: халықтың әртүрлі топтары үшін нарықты функционалдық өнімдермен молықтырудан; халықтың функционалдық тамақтануын ұйымдастырудан; қосымша жұмыс орындарын құрудан; ұқсас өнімдерді импортты алмастырудан; макро және микроэлементтер тапшылығына байланысты неғұрлым кең таралған аурулардың туындау қаупін төмендетуден; жалпы ұлт денсаулығын нығайтудан; өмір сүру сапасын арттырудан; тамақ өнімдерінің отандық тауар өндірушілерін қолдаудан; елдің қажетті функционалдық тамақ өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттырудан тұрады.
Нәтижелерді енгізу мынадай түйінді нәтижелерге және экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді:
- өсімдік және жануарлардан алынатын өнімдерді сақтау мен терең өңдеудің ресурстық және энергия үнемдейтін технологияларын енгізу есебінен өнім өндірудің өзіндік құнын 10 % - ға дейін төмендету;
- өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдерді қайта өңдеу және сақтау салаларын нормативтік-техникалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
- өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің табыстылығын 25% - ға дейін ұлғайту;
- қалдықсыз өндірістің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және табыстылығын 15% - ға арттыру;
- отандық және шетелдік нарықтарда кеңінен қолданылуы мүмкін өнімдердің жаңа түрлерін алу;
- қайта өңдеу саласының кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті инновациялық технологияларды енгізу есебінен АӨК-дегі инвестициялық тартымдылық пен еңбек өнімділігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттерін шешу ҚР аграрлық секторына азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін экономиканың жоғары табысты саласына айналуға, экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді, шағын фермерлікті дамытуға алып келеді; өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін құндық мәнде ұлғайтуға мүмкіндік береді; елдің ЖІӨ-ін, сондай-ақ бюджетке салықтық түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді; ішкі және сыртқы нарықтарда сапалы тамақ өнімін отандық өндірушілердің ұстанымын нығайтады.
Күтілетін экологиялық әсер.
Экологиялық әсер жануарлар мен өсімдіктерден алынатын қайталама шикізат ресурстарын терең қайта өңдеу мен пайдаланудан тұрады, бұл қоршаған ортаға жүктемені азайтады, Өндіріс қалдықтарын азайтуға, тамақ және қайта өңдеу саласында шикізат ресурстарын тиімсіз пайдалануды болдырмауға көмектеседі, табиғат қорғау талаптары мен адамдардың өмір сүруінің экологиялық жағдайларын сақтауды қамтамасыз етеді, мекендеу ортасының сапасын арттырады.
Тамақ өнімдері мен сусындар өндірісінде табиғи, экологиялық таза компоненттерді пайдалану және синтетикалық өнімдердің ластану қаупін азайту.
Бағдарлама қосымша экологиялық сараптаманы қажет етпейді, өйткені жоспарланған технологиялар барлық қажетті экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл қызмет қоршаған орта үшін қауіпсіз және Қазақстан Республикасының ережелері мен заңдарына қатаң сәйкестікте өтетін болады. Осы қызметке байланысты экологиялық тәуекелдер өте аз мөлшерде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет