Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет28/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде шошқа шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
14 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде шошқа шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Қазақстанда шошқа өсіру фермаларында қолданылуға жергілікті және шетелдік селекциядағы шошқалардың репродуктивті және өнімділік қасиеттерін арттырудың тиімді технологияларын әзірлеу керек.
2.1.1.2. Мегежіндердін саны түрлі, әр түрлі тұқым аралық будандастырудан алынған шошқалардың өнімділігі мен биологиялық сипаттамаларын зерделеу керек.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Қазақстанда шошқа өсіру фермаларында қолданылуға жергілікті және шетелдік селекциядағы шошқалардың репродуктивті және өнімділік қасиеттерін арттырудың тиімді технологияларын әзірлеу керек.
4.1.1.2. Мегежіндердін саны түрлі, әр түрлі тұқым аралық будандастырудан алынған шошқалардың өнімділігі мен биологиялық сипаттамаларын зерделеу керек.
Жергілікті және шетелдік селекциядағы шошқалардың репродуктивті және өнімділік қасиеттерін арттырудың технологиялары бойынша 1 патент алу керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- шошқалардың өсімін молайту және өнімділік сапасын арттыру технологиясы бойынша әдістемелік ұсыным;
- мегежіндер басының саны түрлі шаруашылықтарда тұқымаралық будандастырудың әдістемелік басшылық.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант және 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар  шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 6 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шошқа өсіруге жаңа технологияларды енгізу арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері шошқа етін өндіру көлемін ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы құрылымдарында қосымша жұмыс орындарын құруға және технологияларды иеленетін құзыретті мамандарды тартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оң әлеуметтік әсерге ие болады.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Шошқа өсіруге озық технологияларды енгізу өнім өндіру үшін экологиялық таза технологияларды, сәйкесінше шошқа өсірудің экологиялық таза өнімдерін қолдануға бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет