Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет26/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде түйе шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
12 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері;
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде түйе шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Дәстүрлі қолданылатын технологиямен салыстырғанда өндіріс рентабельділігінің 30-45% -ға өсуін қамтамасыз ететін Қазақстанның оңтүстік-батысының әртүрлі аймақтарында кешенді интенсивті жайылымдық түйе өсірудің технологияларын әзірлеу.
2.1.1.2 Түйе өсіруге арналған фермерлік шаруашылықтарды құрудың ғылыми негіздемесін жасау.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Дәстүрлі қолданылатын технологиямен салыстырғанда өндіріс рентабельділігінің 30-45% -ға өсуін қамтамасыз ететін Қазақстанның оңтүстік-батысының әртүрлі аймақтарында кешенді интенсивті жайылымдық түйе өсірудің технологияларын әзірлеу керек.
4.1.1.2. Түйе өсіруге арналған фермерлік шаруашылықтарды құрудың ғылыми негіздемесін жасау керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- Қазақстанның оңтүстік-батыс аумағының әртүрлі аймақтарында кешенді интенсивті жайылымдық түйе өсірудің технологиялары бойынша әдістемелік нұсқаулар;
- түйе өсіруге арналған фермерлік шаруашылықтарды құру нұсқаулар.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант және 3 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар  шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымындарында кемінде 6 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және түйе шаруашылығындағы генетикалық әлеуетті арттыру арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері түйе өнімдерін өндіруді көбейтеді, бұл әлеуметтік әсер етеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Түйе шаруашылығындағы технологияларды дамыту мен жетілдіру экологиялық таза технологияларды қолдануға бағытталған, бұл өз кезегінде саланың экологиялық таза өнімдерін өндіруіне ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет