Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет80/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

Шарттың мәні

1. Тапсырыс беруші 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы бойынша 2021-2023 жылдарға арналған атауы ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауды тапсырады, ал Орындаушы орындауды қабылдайды.


2. Негізгі кезеңдердің мазмұны мен орындалу мерзімдері күнтізбелік жоспармен айқындалады.
3. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған шарттар аталған Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) жұмыстардың күнтізбелік жоспары (1-қосымша);
3) шығыстар сметасы (2-қосымша);
4) орындалған жұмыстардың актісі (3-қосымша);
5) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп (4-қосымша).



  1. Шарттың жалпы сомасы және төлем шарттары

4. Шарттың жалпы сомасы _ _ _ _ _ (сомасы жазбаша) теңгені құрайды, оның ішінде ағымдағы қаржы жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді қоса алғанда, _ _ _ _ (сомасы жазбаша) теңге, 2022 жылға ____ (сомасы жазбаша) теңге, 2023 жылға _ _ _ _ _ (сомасы жазбаша) теңге сомасы көзделген. Одан кейінгі жылдары көрсетілген Шартты қайта тіркеу азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің негізінде жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстарының нақтыланған параметрлерінің сомасына жүргізіледі.


5. Тапсырыс беруші Орындаушының жұмысын мынадай тәртіппен төлейді: Тапсырыс беруші осы Шарт Қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған Шарт сомасының 50%-ын алдын ала төлеуді жүзеге асырады. Түпкілікті төлем ұсынылған қорытынды есептер бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы алынғаннан кейін жүргізілетін болады.
Тапсырыс беруші одан әрі ақы төлеуді Орындаушы орындалған жұмыстар актісін ұсынғаннан кейін және Тараптар көрсетілген актілерге кейіннен қол қойғаннан кейін Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Орындаушыға бұрын төлеген авансты пропорционалды түрде ескере отырып жүзеге асырады.
6. Қаржыландыру көзі: республикалық бюджет.
7. Орындаушы жұмыстарды орындау үшін бірлесіп орындаушы ұйымдарды (Бірлесіп орындаушыны) тарта алады. Бірлесіп орындаушының болуы Тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы шарттың талаптарын өзгертпейді. Бұл ретте Бірлесіп орындаушының жұмыстарды орындауы үшін Тапсырыс берушінің алдында Орындаушы жауапты болады.
8. Орындаушы мен Бірлесіп орындаушылар тиісті бухгалтерлік есепті және орындалған жұмыстардың нақты құнын оның кезеңдері бөлінісінде талдауды қамтамасыз етуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет