Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет35/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Азық-түлік өнім қауіпсіздігінің талдамалық бақылау және мониторингін жүргізу әдістерін әзірлеу» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
1 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ветеринарлық қаупсіздікті қамтамасыз ету.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Азық-түлік өнім қауіпсіздігінің талдамалық бақылау және мониторингін жүргізу әдістерін әзірлеу.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Еттің, ет өнімдерінің, сүттің, сүт өнімдерінің, балықтағы пестицидтерің, антибиотиктер, антигельминтиктер, ауыр метал тұздары, өсу стимуляторлары, гормональды препараттардың құрамына зертханалық тексеру нәтижелері бойынша тағамдық қауіпсіздікті талдау және бақылау.
2.1.1.2. Жануарлар және олардан алынған шикізат пен өнімдерден бөлінетін патогендік микрофлораның антибиотиктеріне төзімділіктің пайда болу қаупін талдау.
2.1.1.3. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың азық-түлік қауіпсіздігінің (антигельминтиктер) жеделдетілген бақылаудың мультиплексті тест-жүйесін әзірлеу.
2.1.1.4. Бактериялды инфекцияларда сиыр сүтін зерттеу әдістемесін әзірлеу.
2.1.1.5. Мал шаруашылығы өнімдерінен алынатын өнімдерде кампилобактериоз қоздырғышын жылдам анықтау үшін иммунохроматографиялық талдауды (ИХТ) әзірлеу.
2.1.1.6. Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бағалаудың жедел әдісін (ИХТ) әзірлеу (ет пен сүттегі антибиотиктердің қалдықтары).

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Еттің, ет өнімдерінің, сүттің, сүт өнімдерінің, балықтағы пестицидтерің, антибиотиктер, антигельминтиктер, ауыр метал тұздары, өсу стимуляторлары, гормональды препараттардың құрамына зертханалық тексеру нәтижелері бойынша тағамдық қауіпсіздікті талдау және бақылау әдістерін әзірлеу.
4.1.1.2. Жануарлар және олардан алынған шикізат пен өнімдерден бөлінетін патогендік микрофлораның антибиотиктеріне төзімділіктің пайда болу қаупін талдау.
4.1.1.3. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың азық-түлік қауіпсіздігінің (антигельминтиктер) жеделдетілген бақылаудың мультиплексті тест-жүйесін әзірлеу.
4.1.1.4. Бактериялды инфекцияларда сиыр сүтін зерттеу әдістемесін әзірлеу.
4.1.1.5. Мал шаруашылығы өнімдерінен алынатын өнімдерде кампилобактериоз қоздырғышын жылдам анықтау үшін иммунохроматографиялық талдауды (ИХТ) әзірлеу.
4.1.1.6. Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бағалаудың жедел әдісін (ИХТ) әзірлеу (ет пен сүттегі антибиотиктердің қалдықтары).
Әзірлеу және жариялау керек:
- еттің, ет өнімдерінің, сүттің, сүт өнімдерінің, балықтың пестицидтері, антибиотиктердің, антгельминтиктердің, ауыр металл тұздарының, өсу стимуляторларының, гормондық препараттардың құрамына зертханалық зерттеу жүргізу қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне талдау мен бақылау және мониторинг жүргізу әдістері бойынша әдістемелік ұсынымдар;
- мал шаруашылығы өнімдерінен және олардың шикізатынын бөлінетін патогенді микрофлораның антибиотиктарға төзімділіктің пайда болу тәуекелдерін талдау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық.
Қазақстан Республикасының 4 патентін алу керек:
- жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігін (антигельминтиктер) жедел мониторингіне арналған мультиплексті тест-жүйесіне;
- бактериялды инфекциялар кезіндегі сиыр сүтін зерттеу әдістеріне;
- мал шаруашылығы өнімдерінде кампилобактериоз қоздырғышын экспресс анықтау үшін иммунохроматографиялық талдауына (ИХТ);
- мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бағалаудың экспресс-әдісіне (ИХТ) (ет пен сүттегі антибиотиктердің қалдық мөлшері).
Кем дегенде 1 PhD докторантын, ветеринария ғылымдарының 5 магистрлерін және 3 магистранттарды тарту керек.
Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда нольдік емес импакт-факторымен кем дегенде 3 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 20 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік.
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік.
Қойылған міндеттерді шешу ҚР аумағында аурулардың пайда болу және таралу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау нәтижелері әртүрлі елдерге мал шаруашылығы шикізаты мен органикалық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мал шаруашылығы саласының дамуына оң әсерін тигізеді (фермерлік шаруашылықтардың өсуі, ауыл халқы үшін қосымша жұмыс орындарының ашылуы, ірі қара мал санының көбеюі, сиыр мен қой еті өндірісінің өсуі, саланың экспорттық әлеуетінің ұлғаюы). Бастапқы кезеңде жобаға салынған инвестициялық шығындар (жабдыққа, персоналды оқытуға, аккредиттеуге арналған шығыстар) жануарлар мен өсімдік тектес өнімдердегі зиянды заттарды анықтау бойынша ақылы қызметтер көрсетуден түсетін болашақ түсімдермен, техникалық регламенттермен және стандарттармен регламенттелетін барлық көрсеткіштер бойынша іс жүзінде барлық өнім тізбесімен жабылады, өнімді зерттеу мерзімдері қысқартылады, талдау нәтижелерінің нақтылығы артады.
Күтілетін экологиялық тиімділік.
Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының (ФАО) болжамдары бойынша 2050 жылға қарай антибиотиктерге төзімділік проблемасына байланысты жиынтық шығындар әлемдік Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) 8% құрайды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) адам ағзасына бактерияға қарсы препараттардың қалдық мөлшерінің түсуі проблемасын жаһандық қауіп ретінде қарастырады.
Диагностикалық, алдын-алу және емдік препараттарды әзірлеу кезінде жануарларды күтіп бағу және барлық зертханалық манипуляциялар "эксперименттік және басқа да ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын жануарларды қорғау туралы Еуропалық конвенцияның" талаптарына және зертханалық (эксперименттік) жануарларды ұстау және пайдалану мәселелерін реттейтін халықаралық құқықтың басқа да нормаларына сәйкес жүргізілетін болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет