Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет36/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Ел аумағында аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотикалық сипаттамаларын зерделеу және олардың тиімділігін арттыру үшін ветеринариялық-санитарлық шараларды әзірлеу» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
2 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ветеринарлық қаупсіздікті қамтамасыз ету.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты. Ел аумағында аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотикалық сипаттамаларын зерделеу және олардың тиімділігін арттыру үшін ветеринариялық-санитарлық шараларды әзірлеу.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының өршуін болжаудың, ветеринариялық-алдын алу іс-шараларды жоспарлаудың және ветеринариялық іс-шараларды іске асырудың тиімділігінің мақсатты индикаторларының, оның ішінде талдау мен тәуекелді бағалауды ескерудің ғылыми негізделген әдістерін, қағидалары мен тәртібін әзірлеу.
2.1.1.2. Соңғы 10 жылда жануарлардың ел аумағының аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиалық сипаттаманы анықтау керек (сібір жарасы, аусыл ауруы, нодулярлы дерматит, құтыру, пастереллез, лептоспироз, листериоз, инфекциялық ринотрахеит және вирустық диарея, эмфизематозды карбункул, түйе оба ауруы, ұсақ күйіс қайыратын малдардың оба ауруы, ұсақ күйіс қайыратын малдардың шешек ауруы, түйелердің шешек ауруы, қойлардың анаэробты энтеротоксемиясы және брадзоты, қойдың контагиозды пустулезды дерматиті (эктима), жоғары патогенді құс тұмауы, жылқының ринопневмониясы бойынша, туберкулез, жылқы манқасы және паразиттік аурулар, соның ішінде адамға қауіпті аурулар (ет қоректі жануарлардың эхинококкозы, иттердің тениидозы, балықтардың описторхозы).
2.1.1.3. .Жоғарыда аталған аурулар бойынша эпизоотикалық жағдайдың қарқындылығы дәрежесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумақтарын аудандастыруды және аймақтандыруды жүзеге асыру керек.
2.1.1.4. Ветеринария саласындағы патенттелген және Қазақстанда қолданылатын IT-өнімдерді сынау арқылы ветеринариялық құжаттаманы, жануарларды тіркеу жүйесін және тамақ қауіпсіздігін бақылауды сандық форматқа аудару бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу керек.
2.1.1.5. Жануарлардың аса қауіпті және паразиттік аурулары бойынша ветеринариялық-санитариялық шаралардын тиімділігін арттырудың ғылыми негізделген жүйесін жасау керек.
2.1.1.6. Қолайлық мәртебесін алу үшін жеке инфекциялар бойынша Досье және жеке декларацияны жасау және Халықаралық эпизоотиялық бюроға (бұдан әрі - ХЭБ) ұсыну керек.
2.1.1.7. Иксодидті кенелермен күресу шараларын жетілдіру керек.
2.1.1.8. Ел аумағының соңғы 10 жыл ішіндегі жануарлардың аса қауіпті аурулары (сібір жарасы, аусыл ауруы, нодулярлы дерматит, құтыру, пастереллез, лептоспироз, листериоз, инфекциялық ринотрахеит және вирустық диарея, эмфизематозды карбункул, түйе оба ауруы, ұсақ күйіс қайыратын малдардың оба ауруы, ұсақ күйіс қайыратын малдардың шешек ауруы, түйелердің шешек ауруы, қойлардың анаэробты энтеротоксемиясы және брадзоты, қойдың контагиозды пустулезды дерматиті (эктима), жоғары патогенді құс тұмауы, жылқының ринопневмониясы бойынша, туберкулез, жылқы манқасы) және паразиттік аурулар, соның ішінде адамға қауіпті аурулар (ет қоректі жануарлардың эхинококкозы, иттердің тениидозы, балықтардың описторхозы) ақпаратты мәліметтер қорын әзірлеу керек.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының өршуін болжаудың, ветеринариялық-алдын алу іс-шараларды жоспарлаудың және ветеринариялық іс-шараларды іске асырудың тиімділігінің мақсатты индикаторларының, оның ішінде талдау мен тәуекелді бағалауды ескерудің ғылыми негізделген әдістерін, қағидалары мен тәртібін әзірлеу.
4.1.1.2. Соңғы 10 жылда жануарлардың ел аумағының аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиалық сипаттаманы анықтау керек (сібір жарасы, аусыл ауруы, нодулярлы дерматит, құтыру, пастереллез, лептоспироз, листериоз, инфекциялық ринотрахеит және вирустық диарея, эмфизематозды карбункул, түйе оба ауруы, ұсақ күйіс қайыратын малдардың оба ауруы, ұсақ күйіс қайыратын малдардың шешек ауруы, түйелердің шешек ауруы, қойлардың анаэробты энтеротоксемиясы және брадзоты, қойдың контагиозды пустулезды дерматиті (эктима), жоғары патогенді құс тұмауы, жылқының ринопневмониясы бойынша, туберкулез, жылқы манқасы және паразиттік аурулар, соның ішінде адамға қауіпті аурулар (ет қоректі жануарлардың эхинококкозы, иттердің тениидозы, балықтардың описторхозы).
4.1.1.3. Жоғарыда аталған аурулар бойынша эпизоотикалық жағдайдың қарқындылығы дәрежесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумақтарын аудандастыруды және аймақтандыруды жүзеге асыру керек.
4.1.1.4. Ветеринария саласындағы патенттелген және Қазақстанда қолданылатын IT-өнімдерді сынау арқылы ветеринариялық құжаттаманы, жануарларды тіркеу жүйесін және тамақ қауіпсіздігін бақылауды сандық форматқа аудару бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу керек.
4.1.1.5. Жануарлардың аса қауіпті және паразиттік аурулары бойынша ветеринариялық-санитариялық шаралардын тиімділігін арттырудың ғылыми негізделген жүйесін жасау керек.
4.1.1.6. Қолайлық мәртебесін алу үшін жеке инфекциялар бойынша Досье және жеке декларацияны жасау және Халықаралық эпизоотиялық бюроға (бұдан әрі - ХЭБ) ұсыну керек.
4.1.1.7. Иксодидті кенелермен күресу шараларын жетілдіру керек.
4.1.1.8. Ел аумағының соңғы 10 жыл ішіндегі жануарлардың аса қауіпті аурулары (сібір жарасы, аусыл ауруы, нодулярлы дерматит, құтыру, пастереллез, лептоспироз, листериоз, инфекциялық ринотрахеит және вирустық диарея, эмфизематозды карбункул, түйе оба ауруы, ұсақ күйіс қайыратын малдардың оба ауруы, ұсақ күйіс қайыратын малдардың шешек ауруы, түйелердің шешек ауруы, қойлардың анаэробты энтеротоксемиясы және брадзоты, қойдың контагиозды пустулезды дерматиті (эктима), жоғары патогенді құс тұмауы, жылқының ринопневмониясы бойынша, туберкулез, жылқы манқасы) және паразиттік аурулар, соның ішінде адамға қауіпті аурулар (ет қоректі жануарлардың эхинококкозы, иттердің тениидозы, балықтардың описторхозы) ақпаратты мәліметтер қорын әзірлеу керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- жануарлардың аса қауіпті ауруларының өршуін болжау әдістері, принциптері мен тәртібі және ветеринариялық-профилактикалық шараларды жоспарлау;
- ветеринариялық іс-шараларды іске асыру тиімділігінің мақсатты индикаторлары, оның ішінде талдау мен тәуекелді бағалауды ескеру;
- жоғарыда аталған аурулар бойынша эпизоотикалық жағдайдың қарқындылығы дәрежесі сәйкес Қазақстан Республикасының аумағын аудандастыруды және аймақтандыруды жүзеге асыру бойынша әдістемелік басшылық;
- ветеринарлық құжаттаманы, жануарларды есепке алу және азық-түлік қауіпсіздігін бақылау жүйесін Қазақстанда патенттелген және пайдаланылатын ветеринария саласындағы IT-өнімдерін тестілей отырып, сандық форматқа көшіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
- жануарлардың аса қауіпті және паразитарлық аурулары бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру жүйесіне арналған әдістемелік нұсқаулық;
- иксодидті (жайылым) кенелермен күресу шараларын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Қолайлылық мәртебесін алу үшін жекелеген инфекциялар бойынша Досье және жеке декларацияны жасау және ХЭБ ұсыну керек.
Ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар пакетін, сондай-ақ, тәжірибе жүзінде ең тиімді IT-өнімді енгізу және қолдану бойынша ұсынымдарды әзірлеу керек.
Кем дегенде 3 PhD докторантын, 5 ғылым докторын, 28 ветеринария ғылымдарының магистрлерін және 4 магистранттарды тарту керек.
Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда нольдік емес импакт-факторымен кем дегенде 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 20 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет