Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет62/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Тамақ өнеркәсібінің дамуын қамтамасыз ету мақсатында ББҚ, ферменттер, ашытқылар, крахмал, майлар және т.б. өндірудің заманауи
технологияларын әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысына арналған
3 Техникалық тапсырма



1. Жалпы ақпарат:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауыл шаруашылығы өнімі мен шикізатын қайта өңдеу және сақтау.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сақтаудың инновациялық технологияларын жасау.
2.1.1. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндетерді шешу қажет:
2.1.1.1. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларында сақтау кезінде қант өнеркәсібі шикізатының, оларды қайта өңдеу өнімдерінің табиғи кему, кебу, азаю, бүліну нормаларын айқындау.
2.1.1.2. Өсімдік майларындағы глицидил эфирлерінің құрамын төмендету технологиясын жасау.
2.1.1.3. Отандық шикізат негізінде глютенсіз макарон өнімдерінің технологиясын жасау.
2.1.1.4. Тритикале жаңа отандық сұрыптары негізінде нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер мен құрама жем технологиясын жасау.
2.1.1.5. Азық - түлік өнімдерін байыту мақсатында биологиялық белсенді заттары бар құрғақ ұнтақ-сығымдардан алу үшін қызанақты терең өңдеу технологиясын жасау.
2.1.1.6. Функционалдық тамақтану үшін өсімдік майларының оксистабильді композицияларын өндіру технологиясын жасау.
2.1.1.7. Өсімдік сипатындағы шикізаттан функционалдық мақсаттағы спред технологиясын әзірлеу.
2.1.1.8. Астықты терең өңдеу арқылы алынған ұсақ дисперсті тұтас ұнтақталған ұн негізінде өндірістің жеделдетілген циклі бар ұн өнімдерін әзірлеу.
2.1.1.9. Азық-түліктің жаңа түрлерін өндіру үшін мақсары тұқымынан сулы-майлы тағамдық эмульсияларды алу технологиясын әзірлеу.
2.1.1.10. Азық-түлік өнеркәсібінде пайдалану үшін биологиялық белсенді заттар мен жеміс-жидек ұнтақтарын алу мақсатында отандық селекцияның жеміс, жидек дақылдары мен жүзімнің перспективті сұрыптарын қайта өңдеу технологиясын әзірлеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
4.1.1.1. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларында сақтау кезінде қант өнеркәсібі шикізатының, оларды қайта өңдеу өнімдерінің табиғи кему, кебу, азаю, бүліну нормаларын айқындау.
Зерделеу керек:
- қант өнеркәсібі шикізатының табиғи кемуі, кебуі, азаю, бүлінуі;
- Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларында сақтау кезінде қант қызылшасындағы қанттың төмендеуі;
- тасымалдау және сақтау кезіндегі сахарозаның жоғалуы.
Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларында сақтау кезінде қант өнеркәсібі шикізатының, оларды қайта өңдеу өнімдерінің табиғи кему, кебу, азаю, бүліну нормаларын айқындау бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізу керек.
Нормативтік құжаттама әзірлеу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант пен 1 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 1 мақала және БҒССҚК ұсынған отандық журналдарда кемінде 2 мақала жариялау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет