Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет63/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

4.1.1.2. Өсімдік майларындағы глицидил эфирлерінің құрамын төмендету технологиясын жасау.
Өсімдік майларындағы глицидил эфирлерінің құрамына талдау жүргізу керек.
Медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу керек.
Технологиялық құжаттама мен ұсыныс әзірлеу керек.
Өсімдік майларындағы глицидил эфирлерінің құрамын төмендету жөніндегі пилоттық жобаны ұйымдастыру керек.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кемінде 1 PhD докторант пен 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми журналдарда кем дегенде 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық журналдарда кемінде 15 мақала жариялау керек.
4.1.1.3. Отандық шикізат негізінде глютенсіз макарон өнімдерінің технологиясын жасау.
Глютенсіз ұн өндіру үшін шикізат іріктеліп, глютенсіз макарон өнімдерін алу бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізіліп, олардың сапасы бағалау керек.
Глютенсіз ұннан макарон өнімдерін өндіру технологиясын әзірлеу, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу керек.
Отандық шикізат негізінде макарон өнімдерін өндірудің 2 рецептурасын әзірлеу керек.
Глютенсіз өнімдер технологиясын қолдану бойынша ұсыным әзірлеу керек.
Қазақстан Республикасының патентіне 1 өтінім беру керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 PhD докторант пен 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми журналдарда кем дегенде 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық журналдарда кемінде 15 мақала жариялау керек.
4.1.1.4. Тритикале жаңа отандық сұрыптары негізінде нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер мен құрама жем технологиясын жасау.
Тритикале ұнын қолдана отырып, нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыру стандартының 1 жобасын әзірлеу керек.
Тритикале дәнін қолдана отырып және экструзиялық технологияны қолдана отырып, құрама жем технологиясын жасау керек.
Ірі қара малға арналған құрама жем рецептерін әзірлеу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 PhD докторант пен 1 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми журналдарда кем дегенде 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық журналдарда кемінде 6 мақала жариялау керек.
4.1.1.5. Азық - түлік өнімдерін байыту мақсатында биологиялық белсенді заттары бар қызанақ сығындысынан - құрғақ ұнтақ алу үшін қызанақты терең өңдеу технологиясын жасау.
Ұйым стандартының жобасын әзірлеу керек.
Әзірленген технологияның эксперименттік сынау актісін алу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде 1 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми журналдарда кем дегенде 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік журналда кемінде 1 мақала және отандық журналдарда кемінде 2 мақала жариялау керек.
4.1.1.6. Функционалдық тамақтану үшін өсімдік майларының оксистабильді композицияларын өндіру технологиясын жасау.
Купаждалған майларды алу бойынша 1 ұсыным және 1 технологиялық регламент әзірлеу керек.
Қазақстан Республикасының патентіне 1 өтінім беру керек.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша 1 өндірістік-эксперименттік цех құру керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 2 магистрант пен 1 докторант.
Web of Science базасында Science Citation Index Expanded құрамына кіретін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 30 (отыз) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымға кемінде 2 мақала жариялау керек.
4.1.1.7. Өсімдік сипатындағы шикізаттан функционалдық мақсаттағы спред технологиясын әзірлеу.
Теңгерімді май қышқылының құрамы бар функционалды мақсаттағы спредтердің рецептурасын және дайын өнім сапасының негізгі көрсеткіштерін талдауды жасау керек.
Теңгерімді май қышқылының құрамы бар функционалды спрэдтерді өндірудің технологиялық сызбасын жасау керек.
Теңгерімді май қышқылының құрамы бар спрэдтердің технологиялық нұсқаулығын жасау керек.
Функционалды мақсаттағы спрэд технологиясын жасау керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 PhD докторант пен 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми журналдарда кем дегенде 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық журналдарда кемінде 15 мақала жариялау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет