Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет67/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Сақтаудың әртүрлі тәсілдері кезінде шығындарды азайту мақсатында а/ш шикізаты мен қайта өңдеу өнімдері сапасының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі технологияны әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысына арналған
5 Техникалық тапсырма

1. Жалпы ақпарат:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауыл шаруашылығы өнімі мен шикізатын қайта өңдеу және сақтау.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сақтаудың инновациялық технологияларын жасау.
2.1.1. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндетерді шешу қажет:
2.1.1.1. Ұзақ сақтау мерзімі бар сублимацияланған бал технологиясын жасау.
2.1.1.2. Сақтау мерзімі ұзақ жидектерді (құлпынай, таңқурай, қарақат, шырғанақ, көкжидек) сублимациялық кептіру технологиясын әзірлеу.
2.1.1.3. Органикалық өнім алу мақсатында отандық селекция сұрыптарының жемістері мен жүзімін сақтау технологияларын әзірлеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
4.1.1.1. Ұзақ сақтау мерзімі бар сублимацияланған бал технологиясын жасау.
Балдың термодинамикалық және реологиялық сипаттамаларын анықтау керек.
Түрі мен алуан түріне байланысты балды мұздату және сублимациялық кептірудің технологиялық параметрлерін анықтау керек.
Дайын өнімді шығару үшін орауыш материалдарын зерделеу және таңдау керек.
Ара балынан және кептірілген балдан жасалған сусындарды сақтау мерзімін белгілеу керек.
Ара балынан сусындар технологиясын жасау керек.
Ұзақ сақтау мерзімімен кептірілген бал технологиясын жасау керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 PhD докторант пен 3 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар цензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 5 мақала жариялау керек.
4.1.1.2. Сақтау мерзімі ұзақ жидектерді (құлпынай, таңқурай, қарақат, шырғанақ, көкжидек) сублимациялық кептіру технологиясын әзірлеу.
Түрі мен алуан түріне байланысты мұздату уақытында жидектер қабатының қалыңдығын, жидектегі әлсіз байланыс және бос судың қату температурасын, жидектерді вакуумдау уақытын (температура режимі, кептіру уақыты) анықтау керек.
Сублимациялық кептіру және ұзақ сақтау мерзімі бар жоғары сапалы жидектер өндіру технологиясын жасау керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 PhD докторант пен 3 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар цензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 2 мақала және шетелдік және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 5 мақала жариялау керек.
4.1.1.3. Органикалық өнім алу мақсатында отандық селекция сұрыптарының жемістері мен жүзімін сақтау технологияларын әзірлеу.
Сақтаудың әртүрлі тәсілдері кезінде жемістердің, жидектердің және жүзім сұрыптарының жарамдылығын бағалау керек.
Сақтаудың әртүрлі тәсілдеріндегі жаңа піскен жидектердің, жемістер мен жүзімнің биохимиялық, органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық сипаттамаларын беру керек.
Жаңа иммуностимуляторлардың жемістердің сақталуына әсерін зерделеу керек.
Жемістерді, жидектерді және жүзімді сақтаудың инновациялық технологиясы бойынша ұсынымдар мен ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу керек.
Патент алуға өтінім беру керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде 2 магистрант.
БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда 15 мақала жариялау керек.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде әзірленген өсімдік және жануар тектес өнімдерді сақтау және терең қайта өңдеу технологияларын енгізу шығындарды азайтуды және шикізат бірлігінен өнімдерді өндіруді арттыруды қамтамасыз ете отырып, жоғары сапалы тамақ және азықтық өнімдерін өндіруге ықпал етеді, нарықтың қажеттіліктерін өтеу ғана емес, сонымен қатар экспортқа бағдарланған өнім бола алатын өнімдердің жаңа түрлерін алуға мүмкіндік береді және тұтастай алғанда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелері жаңа технологиялар, рецептуралар, ұсынымдар түрінде бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ агробизнес өкілдерімен дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, білім тарату орталықтарында дәрістер өткізу жолымен жарияланатын болады.
Зерттеу процесіне РhD жас ғалымдарды, магистранттарды және докторанттарды тарту АӨК азық-түлік және қайта өңдеу саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Күтілетін әлеуметтік әсер: халықтың әртүрлі топтары үшін нарықты функционалдық өнімдермен молықтырудан; халықтың функционалдық тамақтануын ұйымдастырудан; қосымша жұмыс орындарын құрудан; ұқсас өнімдерді импортты алмастырудан; макро және микроэлементтер тапшылығына байланысты неғұрлым кең таралған аурулардың туындау қаупін төмендетуден; жалпы ұлт денсаулығын нығайтудан; өмір сүру сапасын арттырудан; тамақ өнімдерінің отандық тауар өндірушілерін қолдаудан; елдің қажетті функционалдық тамақ өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттырудан тұрады.
Нәтижелерді енгізу мынадай түйінді нәтижелерге және экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді:
- өсімдік және жануарлардан алынатын өнімдерді сақтау мен терең өңдеудің ресурстық және энергия үнемдейтін технологияларын енгізу есебінен өнім өндірудің өзіндік құнын 10 % - ға дейін төмендету;
- өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдерді қайта өңдеу және сақтау салаларын нормативтік-техникалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
- өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің табыстылығын 25% - ға дейін ұлғайту;
- қалдықсыз өндірістің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және табыстылығын 15% - ға арттыру;
- отандық және шетелдік нарықтарда кеңінен қолданылуы мүмкін өнімдердің жаңа түрлерін алу;
- қайта өңдеу саласының кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті инновациялық технологияларды енгізу есебінен АӨК-дегі инвестициялық тартымдылық пен еңбек өнімділігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттерін шешу ҚР аграрлық секторына азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін экономиканың жоғары табысты саласына айналуға, экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді, шағын фермерлікті дамытуға алып келеді; өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін құндық мәнде ұлғайтуға мүмкіндік береді; елдің ЖІӨ-ін, сондай-ақ бюджетке салықтық түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді; ішкі және сыртқы нарықтарда сапалы тамақ өнімін отандық өндірушілердің ұстанымын нығайтады.
Күтілетін экологиялық әсер.
Экологиялық әсер жануарлар мен өсімдіктерден алынатын қайталама шикізат ресурстарын терең қайта өңдеу мен пайдаланудан тұрады, бұл қоршаған ортаға жүктемені азайтады, Өндіріс қалдықтарын азайтуға, тамақ және қайта өңдеу саласында шикізат ресурстарын тиімсіз пайдалануды болдырмауға көмектеседі, табиғат қорғау талаптары мен адамдардың өмір сүруінің экологиялық жағдайларын сақтауды қамтамасыз етеді, мекендеу ортасының сапасын арттырады.
Тамақ өнімдері мен сусындар өндірісінде табиғи, экологиялық таза компоненттерді пайдалану және синтетикалық өнімдердің ластану қаупін азайту.
Бағдарлама қосымша экологиялық сараптаманы қажет етпейді, өйткені жоспарланған технологиялар барлық қажетті экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл қызмет қоршаған орта үшін қауіпсіз және Қазақстан Республикасының ережелері мен заңдарына қатаң сәйкестікте өтетін болады. Осы қызметке байланысты экологиялық тәуекелдер өте аз мөлшерде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет