2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологияларын және ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық саласын тиімді энергетикалық қамтамасыз ету үшін дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып,ғылымды қажетсінетін машиналар мен механизмдерді және жабдықтарды жасау» ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған № 1 Техникалық тапсырма
1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі – бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауылшаруашылық және технологиялық процестерді механикаландыру.
2. Бағдарлама мақсаты мен міндеттері.
2.1. Бағдарлама мақсаты: Ауыл шаруашылығы өнімдерін және ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық саласын тиімді өндіру үшін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жетілдіру.
2.1.1. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы тиіс:
2.1.1.1. Жаңартылатын энергия көздері мен үрдістерді басқарудың сандық технологияларын қолдана отырып, шағын шаруашылықтар мен 100, 200 және 400 бас мүйізді ірі қара фермаларын және басқа да АӨК өндіріс нысандарын ыстық сумен, бумен қамтамасыз етуге және жылытуға арналған энергия үнемдейтін жылумен қамтамасыз ету технологиялары мен жабдықтар жинағының үлгілік қатарының тәжірибелік үлгілерін әзірлеу және техникалық құжаттамаларды дайындау керек.
2.1.1.2. Жүйенің тәжірибе үлгілері, микроклиматты бақылау жүйесі мен қондырғылары бар жиналмалы қой қора, жаңартылатын энергия көздерін кешенді қолдана отырып, автономды жылжымалы модульдік электр станциясы бар шопандар отбасына арналған жылжымалы тұрғын үйін әзірлеу және олардың жобалық құжаттамасын дайындау керек.
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.
4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
Жабдықтардың тәжірибелік үлгілерінің 6 жиынтығы және 6 машинаның тәжірибелік үлгілерін жасау және олардың техникалық құжаттамаларын әзірлеу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 4 PhD докторант пен 8 магистрант.
Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 30 (отыз) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 5 мақала және БҒССҚК ұсынған нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 15 мақала жариялау керек.
4.2. Соңғы нәтижелер:
Жылумен жабдықтаудың энергия үнемдейтін технологиясын және жиынтықтағы шағын фермалар мен мал фермаларын ыстық бумен және сумен жабдықтауға және жылытуға арналған жабдықтар жиынтығын енгізу керек, бұл еңбек өнімділігін 25% -ға дейін көтеруге, күрделі шығындарды 25%-ға дейін төмендетуге және электр энергиясын тұтынуды 40%-ға дейін төмендетуге тиіс.
Бағдарламаны іске асыру кезінде күтілетін экологиялық тиімділік жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жабдықтар жиынтығын, топырақты қорғайдын өңдеу технологиясын және органикалық егіншілікке арналған машиналарды әзірлеумен қамтамасыз етілетін болады.